Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәдениет ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.2 Кб
Скачать

27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы

Құқықтық тәрбие нақты іс-қимыл, әрекет жасау, заңдар мен құқықтық нормалардың жиынтығын, оларды жүзеге асыру туралы мемлекеттік органдары мен лауазымды иелерінің іс-әрекеттері жөніндегі адамдардың пайымдаулары; тұлғаның қүқық туралы ой пікірлері, сезімдері, пайымдаулары және саналы түрдегі қажеттіліктері. Бұл қажеттіліктер түлғаның сай мінезінен және іс-әрекеттерінен көрініс табады.

Құқықтық тәрбиенің қоғам мен мемлекеттің өміріндегі құқықтық маңызы, рөлі көп нақты болып келеді. Құқықтық тәрбие адамның гармониялық дамуының өзіндік нысаны, ол арқылы жалпы әлеуметтік процесс жетілдіріледі. Бұл процесс адамдарды байытатын жеке құқықтық қүндылықтарды (әлеуметтік келіспеушіліктерді шешудің әдістері мен құралдары адам құқығын қамтамасыз ету институттары және т.б) қалыптастыруға байланысты, сонымен қатар, қоғамға тыныш тәртіптік даму үшін қажетті заңдық жағдайларды қамтамасыз ету. Құқықтық тәрбие - адамзаттың жинаған заңды құндылықтардың ортанғы нүктесі организмі, оның барлық элементтері (нормалары, заңды актілері, институтты, процесі, режимы, статусы) адамның руханиландырған-терімі еңбектің, тарихи таңдаудың, өмірлік апробациясының қасиеттерін иеленеді. Құқықтық тәрбие - ұлттық құқықтың, феномендердің - мемлекеттілік құқықтық тәртіптің, құқықтық жүйенің құндылықтары мен өзгешіліктерін қалыптастыратын практикалық жалғыз глобалды нысаны.

Заң ғылымы әдебиеттерінде қоғамның құқықтық құрылысындағы құқықтық мәдениет пен құқықтық тәрбиеның орны туралы сан алуан көзқарастар бар: оны заң қүрылымының жүйесіның бір элементі ретінде тануынан (мысалы, қүқықтық сананың элементі, қүқықтық тәрбиенің бөлігі) бастап, құқықтық мәдениетті құқықтық құрылыстан шектеуге және құқықтық құрылыстың шегінен шығарып тастауға дейін.

Құқықтың тәрбиелік қызметі де ерекше. Құқықтың нормалары адамдардың санасына әсер ету арқылы құқыктық мәдениетті қалыптастырады. Сонымен қатар, құқық заңды бұзудың алдын алу қызметін де атқарады. Осы айтылғандар құқықтың экономикалық, әлеуметтік, идеология салаларындағы қызметіне жатады. Осыларға қоса құқық мемлекетті, қоғамды және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады.

Қоғамдағы тәрбиенің негізгі салаларының бірі - қүқықтық тәрбие. Бұл қоғамдағы мәдени тәрбиелік құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды қүқықтық нормалар арқылы реттеп-басқару. Құқықтық тәрбие қоғамдағы тәрбиенің деңгейінен жоғарғы бола алмайды. Бүл объективтік процесс.

Құқықтық тәрбие қоғамның қүқықтық санасының, айнасы деуге болады. Өйткені бүл тәрбие адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық тәрбиенің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Қүқықтық тәрбие екі бөлімнен түрады: жеке түлғалардың тәрбиесә және қоғамдық тәрбие. Жеке түлғалардың тәрбиесі қоғамдық тәрбиені дамытуға шешуші үлес қосады. Қүқықтық тәрбие жалпы-халықтық байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.