
- •1.Философия пәні.
- •2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3.Антик дәуіріндегі философия.Космостан адамға дейін.
- •4. Философияның негізгі категориялары.
- •5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
- •8. Философиядағы адам мәселесі
- •9. Орта ғасыр философиясы
- •10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
- •12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
- •13. Ф.Бэкон философиясы.
- •15. Гегель жүйесі және тәсілі.
- •16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
- •18. Экзистенциялистік философия.
- •19. Материяның атрибутивтік концепциясы
- •20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
- •22. Ғылым және философия.
- •23. Антропосоциогенез мәселесі.
- •27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.
- •29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.
- •30. Критикалық рационализм.
- •31.Таным теориясының негізгі мәселелері
- •32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
- •34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
- •35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
- •36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
- •39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары
- •40. Дүниенің ғылыми суреті (нкм).
- •41. Ғылымның философиялық негіздірі.
- •42.Ғылымның динамикалық мәселелері
- •43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.
- •44. К.Поппердің фаллибалистік моделі
- •45. Т.Кунның “парадигма” моделі. Томас Кун философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
- •46. И.Лакатостың “Зерттеу бағдарлама” моделі.
- •47.Стёпин моделі.
- •48. Ғылыми танымның жалпылогикалық принциптері
- •49. Ғылыми танымның жалпығылымдық(регулятивтік) принциптері
- •50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері
- •51.Табиғат пен қоғамдық болмыс
- •52. Қоғамның формациялық және цивилизациялық концепциялары.
- •53.Қоғамдық өмірдін негізгі сфералары
- •55. Мемлекет туралы ілімдер
- •56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері
- •57. Сана және бейсаналық сфера.
- •58.Өмірдің мәні мен мақсаты
- •59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.
- •60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
19. Материяның атрибутивтік концепциясы
Қазіргі кезде ғылымдардың жаңа жетістіктеріне байланысты
материяның атрибутивтік түсінігі дамуда. Оның мағынасы барлық
материалдық объектілерге (Күн жүйесі, жер қыртысы, әлеуметтік
институттар және т.с.с.) тән «жалпылық» немесе «атрибутты»
белгілеу.
Материяның атрибуттық қасиеттері (белгілері):
Қозғалыс: жалпы кез келген өзгеріс, қозғалыс абсолютті, тыныштық салыстырмалы (қозғалыс моменті).
Өзіндік ұйымдасу (самоорганизация): материяның сыртқы күштердің қатысуынсыз өзін
өзі жасауы, жетілдіруі, қайтадан өндіруі (синергетика).
Кеңістік пен уақытта орналасуы: бар объектілердің орналасу тәртібі, олардың созымдылығы, бірін- бірі ауыстыратын құбылыстардың тізбектілігі және ұзақтығы.
Бейнелеуге қабілеттілік: Нәрселердің өз құрылымында («денесінде») басқа нәрселердің әсерін, ізін қалдыру, белгілеу (сыртқы әсерге жауабы).
20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
Диалектика ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан жақты зерттеудің, яғни әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процесстердің негізін табу. Диалектика ойладың объектілігі, софистика ойлаудың субъектілігі.Диалеатика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тередей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика; идеалистік диалектика ақыл ойдың жалпы ұғымдарының бір біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік тарихи ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика қайшылық пен даму санада ғанғ емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Заңдары:
1)Қарама қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы : Бұл заң дамудың түп негізі құбылыстар мен процестердің қайшылығында, оларға тән ішкі қарама қарсылықта дамудың өзіндік себебін ашып көрсетеді. Мынадай ұғымдар арқылы сипатталады: Сәйкестік; айырмашылық; қайшылық; қарама қарсылық. 2) Сан мен сапа өзгерістерінің бір біріне өту заңы: Заттар мен құбылыстардың бір бірімен бірлікке өмір сүретін белгілі бір сапалық және сандық сипаттамалары болатынын анықтайды. Сапа объектіні анықтаушы. Заттар жаратылысының айырмашылығын , ұқсастығын , ерекшелігін және тұтастығын білдіретін маңызды белгілерінің жиынтығын сапа деп аталады. Қасиет бір заттың басқа затпен өзара әсерінен пайда болатын сапаның көрінісі және затты қандай да болсын бір жағынан сипаттайды. Сан белгілі бір сапаның шамасын, даму қарқыны мен дәрежесін білдіретін белгі. Өлшем қасиеттер мәндерінің белгілі бір сандық аралығы. 3) Терістеуді терістеу заңының мәнін түсіну үшін негізгі категоряны анықтап, байланысын зерттеу керек. Бұл заңының негізгі категориясы терістеу. Терістеу мәселесі: а)Жаңа ескінің орнын басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңімен терістеледі, ауысады. б)Терістеу бөтен сырттан әкелінген емес, ол дамып келе жатқан процестің қандайына болсын іштей тән нәрсе. в) Дамудың алдыңғы кезеңдерінде болған прогресшіл элементтерді сақтап қалу сабақтастығы, жаңаның ескімен байланысын көрсетеді. г) ескінің жаңамен ауысуы дамудың негізгі заңы болып табылады.
21. Глобольды мәселердің философиясы . Себептері мен шешу жолдары. Ғылыми техникалық революцияны іске асырған адамзаттың ақыл ойы қазіргі кезде: «жер бетіндегі тіршілікті сақтауға бола ма, әлде болмай ма?» деген сұраққа келіп тірелді, себебі адамзаттың ғасырлар бойы дүниетануының шыңы деп санауға болатын атомдық , ядроішілік энергияны ашуы табиғат күштерін меңгеруге көмектесуі тиіс еді, бірақ жер бетінде тіршілікті жойып, соғыс тудыру қаупін туғызады, яғни соғыс пен бейбітшілік проблемасы қазір бірінші орында . Қазіргі кездегі адамзаттың жеңісі жолы біреу ақ, ол ақыл парасат. Ертедегі үнді философиясы. Будда былай тұжырымдайды: «Адамдардың ешқайсысы жеңіліс таппай, бәрі де жеңіп шыққан жеңісті ғана нағыз жеңіс деп атауға болады.» Адамзат өз басына төнген қауіпті шынында ад барған сайын түсініп келе жатқан сияқты. Сонымен қоса, ғылыми техникалық революцияның нәтижесінде туған дүниежүзілік атом қауіп қатер мен қатар, табиғат пен экологияға әсері сөзсіз. Тағы бір маңызды мәселе энегетикалық . Осы мәселелер жеке дара емес, комплексті түрде және, мемлекет аралық, тіпті планетааралық стратегиялық түрғыда шешуге байланысты. Мұндай жоспар әлі жоқ, бірақ халықаралық әлеуметтік дамудың дүниежүзілік ерекшеліктерін жан жақты да терең талдамайынша, мемлекеттердің экономикалық және саяси мақсат мүдделері мен іс әрекеттерін тиісінше анықтап, қоғам мен табиғаттың қарым қатынасының біртұтас адамгершілік нормалары мен принциптерін белгілемейінше, барлық мемлекеттердің бірлесіп әрекет ету стратегиясын тұжырымдау мүмкік емес.