
- •1.Философия пәні.
- •2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3.Антик дәуіріндегі философия.Космостан адамға дейін.
- •4. Философияның негізгі категориялары.
- •5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
- •8. Философиядағы адам мәселесі
- •9. Орта ғасыр философиясы
- •10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
- •12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
- •13. Ф.Бэкон философиясы.
- •15. Гегель жүйесі және тәсілі.
- •16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
- •18. Экзистенциялистік философия.
- •19. Материяның атрибутивтік концепциясы
- •20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
- •22. Ғылым және философия.
- •23. Антропосоциогенез мәселесі.
- •27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.
- •29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.
- •30. Критикалық рационализм.
- •31.Таным теориясының негізгі мәселелері
- •32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
- •34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
- •35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
- •36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
- •39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары
- •40. Дүниенің ғылыми суреті (нкм).
- •41. Ғылымның философиялық негіздірі.
- •42.Ғылымның динамикалық мәселелері
- •43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.
- •44. К.Поппердің фаллибалистік моделі
- •45. Т.Кунның “парадигма” моделі. Томас Кун философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
- •46. И.Лакатостың “Зерттеу бағдарлама” моделі.
- •47.Стёпин моделі.
- •48. Ғылыми танымның жалпылогикалық принциптері
- •49. Ғылыми танымның жалпығылымдық(регулятивтік) принциптері
- •50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері
- •51.Табиғат пен қоғамдық болмыс
- •52. Қоғамның формациялық және цивилизациялық концепциялары.
- •53.Қоғамдық өмірдін негізгі сфералары
- •55. Мемлекет туралы ілімдер
- •56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері
- •57. Сана және бейсаналық сфера.
- •58.Өмірдің мәні мен мақсаты
- •59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.
- •60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
И. Кант жаңа замандық парадигма желісін, эпистемологиялық проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. И. Кант өзінің трансценденталдық философиясы көмегімен эмпиризмнен(Локк пен Юм), рационолизм мен скептицизмнен асып түсуге тырысты. Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт танымға тән қажеттілік болып табылады. Рационализм мен эмпиризмді синтездеуге тырысып Кант танымдағы субъекттінің белсенділігін мойындайды. Кеңістік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген , яғни априорлы. Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарының танымдық шарттарына философиялық рефлексия жасау арқылы ғана мүмкін болады. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық объект деп, ал танымдық қабілеттің тікелей бағытталған нарсесін зат деп атайды. Кант танымның мынадай типтерін айқындайды: аналитикалық, синтетикалық, синтетикалық априорлы таным. Синтетикалық априорлы таным дегенді Кант тәжірибеге бағынбайтын таным деп түсіндіреді. Синтетикалық апостериори тәжірибеге бағынышты таным. Ал аналитикалық априорлы деп ұғымдар арасындағы байланыстарды талдау нәтижесінде пайда болатын таным типін айтады. Канттың пікірінше , рационалдық догматизмні+ң берік негізі жоқ, себебі рационалдық интуиция тек жалған меңгеру ғана болып табылады. Кант моральдың дербес статусын жаратылыстанумен салыстырмалы түрде негіздейді. Оны негіздеудегі Канттың өзіне дейінгі және замандас ойшылдармен салыстырғандағы ерекшелігі «сен тиіссің» деген нақты нормадан шығуында болды. Бұл норма абсолюттік принцип болып табылады. « Сен тиіссің» длеген императив өзге де трансцендентальдық формалар кеңістік, уақыті себептілік және т.б. сияқты санамызға сіңіп кеткен. Моральдық міндеткерліктің мынадай сипаттағы категориялық императиві бар: «Жалпыға тән заңға айналғанын өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет» Демек, бұл принцип әркім және барлығы үшін норма болып табылады, өйткені ол жасырсын емес және дұрыс, жалпыға тән үлгілі стандарт ретінде қызмет атқарады.Категориялық императив Канттың ойынша априорлы сипат алады.
18. Экзистенциялистік философия.
Философияда құдайшылықты жалпы тағдырды жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Адам туралы айту тасада, қалтарыста қалып келді. Енді адамды зерттейтін кез туды. Адамға оны зерттеуге бетбұрыс жасалды. Философияда ол экзистенциализм д.а. Бірақ бұл да субьективті идеализмге жатады. Өкілдеі: Н.Бердяев, Л.Шестов К.Яспер М.Хайдеггер Ж.Сартр А.Камю. Экзистенциализмнің басты категориялары жалғыздық, жаттандылық, үрей,жауапкершілік,ажал т.б. Мақсаты: адамның мәндік сипатын, оның қайғылы дәрменсіз жағдайын ескере отырып, оған рақымшылық,кешірім жасау. Адамда өмір сүру оның мәнінен бұрын,ал жануарлар мен өсімдіктерде бұған керісінше болады дейді. Экзис.тік философияның өкілі Сартр былай дейді: Ұста пышақ жасайды, бірақ оның мәні пышақтан бұрын пайда болады. Адам туғаннан кейін адамдық мәнге ие болғаша,ең алдымен оның өмір суруі қажет. Адам зорлық, зомбылыққа бас иіп көне ме, жоқ оған қарсыласа ма, шамасы келе ме, әлде жоқ па? Оны алдымен ойлап шешеді. Фенеменологтың,экзистенциалистің, персоналмистің пікірінше sein болмыс, яғни жалпы болмыстан жеке адам болмысына бет бұру, қарау, жугіну емес, керісінше,жеке адамнан оның нақты болмысынан жалпы болмысқа көшу. Өйткені К.Ясперстің пікірінше, өлім, қиналу,үрей, айыптылық, уайым, курес,рухани ауру адамның өмір шектеріне жатады. Тек осы уақыттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүруін ұғынады, ал кәдулігі уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті, тікелей болуы арқылы жасырынып жатады. Экзистенциалистік философия қатып қалған қағидаларға негізделген философия ғана емес, ғылым табыстарына, өмірге бейімделген философия.