
- •1.Философия пәні.
- •2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3.Антик дәуіріндегі философия.Космостан адамға дейін.
- •4. Философияның негізгі категориялары.
- •5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
- •8. Философиядағы адам мәселесі
- •9. Орта ғасыр философиясы
- •10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
- •12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
- •13. Ф.Бэкон философиясы.
- •15. Гегель жүйесі және тәсілі.
- •16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
- •18. Экзистенциялистік философия.
- •19. Материяның атрибутивтік концепциясы
- •20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
- •22. Ғылым және философия.
- •23. Антропосоциогенез мәселесі.
- •27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.
- •29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.
- •30. Критикалық рационализм.
- •31.Таным теориясының негізгі мәселелері
- •32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
- •34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
- •35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
- •36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
- •39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары
- •40. Дүниенің ғылыми суреті (нкм).
- •41. Ғылымның философиялық негіздірі.
- •42.Ғылымның динамикалық мәселелері
- •43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.
- •44. К.Поппердің фаллибалистік моделі
- •45. Т.Кунның “парадигма” моделі. Томас Кун философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
- •46. И.Лакатостың “Зерттеу бағдарлама” моделі.
- •47.Стёпин моделі.
- •48. Ғылыми танымның жалпылогикалық принциптері
- •49. Ғылыми танымның жалпығылымдық(регулятивтік) принциптері
- •50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері
- •51.Табиғат пен қоғамдық болмыс
- •52. Қоғамның формациялық және цивилизациялық концепциялары.
- •53.Қоғамдық өмірдін негізгі сфералары
- •55. Мемлекет туралы ілімдер
- •56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері
- •57. Сана және бейсаналық сфера.
- •58.Өмірдің мәні мен мақсаты
- •59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.
- •60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
15. Гегель жүйесі және тәсілі.
Гегелдің философиясының үлесі және ерекшелігі: 1) объективтік идеализм теориясын жасады. Негізгі өзегі абсолюттік идея - әлемдік Рух.2) Канттың, Фихтенің, Шеллингтің еңбектерін зейін қойып зерттеп, идеалистік диалектиканың жалпы теориясын жасады және оны білімнің әр түрлі салаларына қолданды. Диалектикалық әдісінде ол қозғалыстың дамуының үздіксіз екекнін үйретті. 3) Гегель өз философиялық жүйесінде дүние жүзілік ақыл ойдың абсолюттік және әбден жетілген көрінісін жасауға тырысты. Гегельдің жүйесі мен әдісі бір біріне қайшы, кері тартпа. Осыдан шығатын қорытынды: философиялық жүйесі метафизикалық; далектикалық әдісі прогресшіл жағынан көрінеді. Гегель жүйесі. Гегель нақтылықты немесе бүтін болмысты түсінуде, идеяның мәні ретіндегі - әлемдік ақыл ойды, Логосты, Рухты, Сананы, Субъектіні- Абсолют деп атады. Бұл барша дүниенің, бүкіл болмыстың пәрменді бастамасы, жаратушысы. Абсолюттің маңызды қасиеті шығармашылығы, белсенділігі, дамуы және күшеюі болады. Ол өзінің дамуында әр түрлі сатыдан өтеді, өзінің өмір сүру формасынды әр түрлі көріністе болады. Сонымен бірге өзінің жоғарғы мақсаты өзін өзі тануға ұмтылу. Гегель философиясының негізі әлемдік Рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Табиғат-әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік идеяға айналуы. Идея ешқандай мазмұнсыз «таза болмыс» немесе «ештеңе» болмыс болып табылады. «Нақты болмыстың пайда болуы» заттар мен құбылыстар дүниесіне әкеледі, яғни идея материалдық заттарға айналады. Адам санасы дамыған сайын идея материядан қол үзіп, алшақтай береді.Гегельдің пікірінше, табиғат абсолюттік идеяның екінші өмірі, бірақ ол дамымайды, дамитын идея. Диалектиканы жасай отырып, Гегель бүкіл дүниені – табиғатты, қоғамдық өмірді және ойлауды шексіз қозғалу, өзгеру және даму процесі деп көрсетуге тырысты.
16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: «оntos»- болмыс, «logos»- ілім. Демек, болмыс туралы ғылым. Философия да бұл термин ХVII ғ бастап қолданылады. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді. Соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда «болу» деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы «болмыс» болып табылады. Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік болудың сипаттамасы болып табылады. Болмыс мәселесі – бұл өз бастауын адамзат баласының қоршаған орта туралы діни иллюзиялардан бас тартқан кезінен алатын фил\қ рефлексиялардың бірі. Болмыстың түрлері туралы проблема фил\я үшін өте маңызды. Себебі фил\ң негізгі мәселесін ақыл ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу кереk.1.Заттар ж\е процестер болмысы, ол үз кезегінде табиғи заттар мен процестер ж\е адамдар жасаған заттар мен прроцестер ьолмысына бөлінеді.. 2.Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына ж\е адамның өзіндік болмысына жіктеледі. 3. Рухани (идеялық) болмыс. 4. Әлеуметтік болмыс, бұлда өз алдына қоғамдағы ж\е тарихи процестегі жекелеген адам болысынаж\е қоғам болмысына бөлінеді.