
- •1.Философия пәні.
- •2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3.Антик дәуіріндегі философия.Космостан адамға дейін.
- •4. Философияның негізгі категориялары.
- •5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
- •8. Философиядағы адам мәселесі
- •9. Орта ғасыр философиясы
- •10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
- •12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
- •13. Ф.Бэкон философиясы.
- •15. Гегель жүйесі және тәсілі.
- •16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
- •18. Экзистенциялистік философия.
- •19. Материяның атрибутивтік концепциясы
- •20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
- •22. Ғылым және философия.
- •23. Антропосоциогенез мәселесі.
- •27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.
- •29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.
- •30. Критикалық рационализм.
- •31.Таным теориясының негізгі мәселелері
- •32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
- •34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
- •35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
- •36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
- •39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары
- •40. Дүниенің ғылыми суреті (нкм).
- •41. Ғылымның философиялық негіздірі.
- •42.Ғылымның динамикалық мәселелері
- •43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.
- •44. К.Поппердің фаллибалистік моделі
- •45. Т.Кунның “парадигма” моделі. Томас Кун философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
- •46. И.Лакатостың “Зерттеу бағдарлама” моделі.
- •47.Стёпин моделі.
- •48. Ғылыми танымның жалпылогикалық принциптері
- •49. Ғылыми танымның жалпығылымдық(регулятивтік) принциптері
- •50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері
- •51.Табиғат пен қоғамдық болмыс
- •52. Қоғамның формациялық және цивилизациялық концепциялары.
- •53.Қоғамдық өмірдін негізгі сфералары
- •55. Мемлекет туралы ілімдер
- •56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері
- •57. Сана және бейсаналық сфера.
- •58.Өмірдің мәні мен мақсаты
- •59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.
- •60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
9. Орта ғасыр философиясы
Құлдық және буржуазиялық қоғам арасында мың жылдай үстемдік құрған феодалдық құрылыс жатыр. Бұл дауірдің өзіндік философиясы схоластика деп аталды. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Олар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Схоласиардың талас пікірі жалпылық және жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебептар(универсалдар), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс. Мұны шешудің түрлі жолдары айтылады. Біреуі – жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама қарсы екінші пікір бойынша әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды ерекшелеп, атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушылар «номиналистер» деп аталады. Реализм өкілдері – Альберт фон Больштедт, Ф.Аквинский, Дунс Скот, Раймунд Луллий, т.б. альберттің пікірінше әмбебаптар үш түрлі өмір сүреді: 1. заттар бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бүкіл әлем жаратылды; 2. заттардың өзінде көптің бірі ретінде; 3. заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді. Ф.Аквинскийдің айтуы бойынша, әрбір заттың, бүкіл өмірдің жалпы түрі құдай, олай болса одан тәуелсіз дүниеде еш нәрсе жоқ. Фома философиясы мән және өмір сүру төңірегінде құрылды. өмірде бұл екеуі жеке, бірінен-бірі алшақ тұра алады және өмір сүру мәнінен жоғары. ал құдайда бұл екеуі бір ажыратылмайды.құдайдың бар екенін Фома бес түрлі жағдаймен дәлелдейді: 1) қозғалыс; 2) себеп; 3) кездейсоқтық пен қажеттілік; 4) кемелдік деңгейі; 5) мақсат. Номиналистер болса материалистік бағытты ұстанды.өкілдері: Роджер Бэкон, Уиллиям Оккам, Николай Оразмский, т.б. олар нақты заттарды зеттеуге шақырады. Жалпы тек қабылдайтын субъектінің басында пайда болады. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді. Нақты затқа жалпының да жекенің де керегі жоқ, деді Уиллиям Оккам. әмбебаптар – олар үшін – тек белгілер, бірақ олар барлық затарға қолданылмайды, өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді. Роджер Бэкон схоластиканы сынады.
10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
Қайта өрлеу б.з.д. 5 ғасырдың шарықтаған грек философиясының, мәдениетінің, өнерінің әдебиетінің 1500 жыл бойы қыспақта болып, енді жаңадае жаңғырып, оралуын білдіреді. «Ренесанс»-«қайта қркендеу», жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу. Бұл кездегі ойшылдар шіркеу догмалары мен орта ғасырлардағы адам тағдырының Құдай ырқына тәуелді екендігі туралы түсінікке күмәндік білдірді. Адамды әлем мәселелерінің ортасына қойып, олар оның өзін ғана емес, сонымен бірге іс әрекеттерінің де мәнін жоғары көтерді. Ұрақты кқңіл аударғанвы үшін оларды «гуманистер» деп атады. Гуманизм қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен әлекметтік қозғалыс. Ежелгі антикалыө философтар дүние ортасына күш қуат берген, рух, жігер туғызатын космосты, орта ғасырда Құдайды қойса, қайта өлһрлеу дәуірінде адам қойылды. Сондықтан қайта өрлеудің ерекшелігі антропоцентризм. Осы кезде жаңа философиялық бағыттар пайда облды. Олар деизм және понтеизм. Деизм әлемді Құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен табиғат дамуны оның қатынасы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым. Понтеизм(pan-бәрі және tcheos-Құдай) Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті күшті табиғатпен балаған филсофиялық ілім. Осы бағыттың өкілі католик шіркеуінің қайраткері, карденал, Германия лигаты, атақты философ Николай Кузанский(1401-1464), шын аты Кребс. Оның еңбектері «білместік ғылымдары туралы», «шығу тегі туралы», «мүмкіндіктің болмысы туралы», «жер шарының айналуы туралы». Ол әлем дүниесі мен Құдай бір бүтін деп, жаратылыстану ғылым зерттеулерін құптады, яғни рационалдық білімді қолдады және адамның бұл қызмет саласына діннің араласпауы керек деді. Дүниені Құдай жаратқан, бірақ дүние шексіз, материалды және қарама өарсылық арқылы қозғалады. Адамды Н.Кузанский аса эоғары қояды. Сонымен бірге, Құдайдың адамға қатысы барлық құбылыста, ең алдымен табиғатта бар деп есептейді. Құдай әлемнің ортасы және оның шегі. Ол бүтін ал дүние әлемі оның бір бөлігі. Дүние әлемі Құдайда жиналады және Құдай оны әлемге айналу барысында күшейтеді. Ақиқат барлық кезде таным прцесі, Құдайға жету. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, бірақ Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, жаратушының өзін табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді, шын мәнінде жаратушының рөлін жоққа шығарды.Джордано Бруно (1548-1600жж). Оның орталық категориясы біртұтастық, ол бір мезгілдегі болмстың болу себебі және болмыс заттардң өзі. Бруно: «табиғат деген ол заттардағы Құдай табиғаттың өзі Құдай, не Құдай заттардың ішінде» дейді.
11.Спинозаның пантистік философиясы. Бенедикт Спиноза Голландияның көрнекті материаисті.Ол Амстердамда дәулетті еврейлер семьясында дүниеге келген. Ата бабасы діни қызметші етпекші болды. Бірақ ғылыми еңбектермен танысу, әсіресе Р.Декартқа еліктеу оны материалист етті. Аз ғана өмірінде ол екі кітап қана жазып үлгерді. Бірі “Діни-саяси трактат” 1670, екіншісі-“Этика”1675,Спиноза бір ғана субстанция бар, ол Табиғат, деді. Табиғат, бір жағынан жаратушы күш,екінші жағынан жаратылған құбылыс уағыздады. Жаратылыстан жоғары еш нәрсе жоқ. Өйткені, табиғаттың өзі Қ… деп түсінді. Бұл пантейістік пікір болатын. Табиғат мәңгі шексіз.Ол өзіне өзі себеп және салдар, мән және мағына., ол санадан тыс мәр сүреді. Сана оның атрибуты деді. Сбстанция Қ-да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында арақашықтықтың ретінде жіне ойлау ретінде көрінеді. Субстанция мәселесі төңірегінде пікірталастар тек философиялық рефлекция нәтижесі ғана емес, сонымен қатар еуропалық адамның нақты практикалық әрекетінің теориялық-абстрактциялық бейнесі де болып табылады. Себебі, ол ғылыми білімнің мәліметіне сүйеніп, әлемнен үстемдігіне ғана сеніп қана қоймай, қоршаған орта белгісіз тылсым күштің ықпалымен емес, өз заңдылықтарымен өмір сүретіні туралы білімге сүйене отырып, өзінің нақты практикалық әрекетіне де сенуі тиіс. Бұл сенім барлық жүзеге асатын нәрсенің материалдығы, оныңсебептілігі мен құрылымындылығы, шексіздігі мен мәңгілігі туралы біліммен бекітілуі тиіс. Материяның барлық мәнділік субстанциясы, жалғыз себебі екені, адам мен қоғам өмір сүруінің қажетті шарты ретінде әлемнің, географиялық, табмғм ортаның материалды екендігін негіздеуге ағартушылық дәуірдің ойшылдары да үлес қосты.