
- •1.Философия пәні.
- •2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3.Антик дәуіріндегі философия.Космостан адамға дейін.
- •4. Философияның негізгі категориялары.
- •5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
- •8. Философиядағы адам мәселесі
- •9. Орта ғасыр философиясы
- •10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
- •12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
- •13. Ф.Бэкон философиясы.
- •15. Гегель жүйесі және тәсілі.
- •16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
- •18. Экзистенциялистік философия.
- •19. Материяның атрибутивтік концепциясы
- •20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
- •22. Ғылым және философия.
- •23. Антропосоциогенез мәселесі.
- •27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.
- •29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.
- •30. Критикалық рационализм.
- •31.Таным теориясының негізгі мәселелері
- •32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
- •34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
- •35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
- •36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
- •39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары
- •40. Дүниенің ғылыми суреті (нкм).
- •41. Ғылымның философиялық негіздірі.
- •42.Ғылымның динамикалық мәселелері
- •43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.
- •44. К.Поппердің фаллибалистік моделі
- •45. Т.Кунның “парадигма” моделі. Томас Кун философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
- •46. И.Лакатостың “Зерттеу бағдарлама” моделі.
- •47.Стёпин моделі.
- •48. Ғылыми танымның жалпылогикалық принциптері
- •49. Ғылыми танымның жалпығылымдық(регулятивтік) принциптері
- •50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері
- •51.Табиғат пен қоғамдық болмыс
- •52. Қоғамның формациялық және цивилизациялық концепциялары.
- •53.Қоғамдық өмірдін негізгі сфералары
- •55. Мемлекет туралы ілімдер
- •56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері
- •57. Сана және бейсаналық сфера.
- •58.Өмірдің мәні мен мақсаты
- •59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.
- •60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
Ең алғаш «идея»термин ретінде ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокритте қолданылды.Р.Декарт идея деп ойды,ұғымды түсінеді.Бірақ идея нақты көрнекті бейнесі жоқ ой.Ал, идеалды мәселелердің бірі,соның ішінде адамгершілік тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі.Адамгершілік тәрбиесі-тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі.Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес.Адамгершілік заңы Аллахтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр.Адамгершілік-әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы рухани –адамгершілік қалыптыстырудың дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзінен жасанды коммунистік идеясынан айырылып қалған адамгершілік мәселесі жағымсыз,нашар адамгершілік келбеттің пайда болуына душар етті. Басты мұрат-материалдық құндылық деп бой алдырушылықтан-қанағатсыздық,ысырапшылдық, атаққұмарлық,парақорлық т.б.қасиеттерді көреміз. Философия ғылымының докторы, профессор А.Сейдімбек:
«Ұлттық идея» атты мақаласында : «Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі көптеген жетістіктеріне қарамастан,қоғам үшін ұзақ мерзімді идея болатындай идеология қалыптаспай отыр.Идеология-әлемдік жалпы құбылыс.Мемлекеттік саясат бар жерде идеологияның болмай қалмайтындығы -әлемдік саяси өмірдің заңдылығы. Идеология –саясаттың мән-мағынасын халыққа жеткізуші құрал ретінде қызмет атқарады. Адамгершілік тәрбиенің методологиялық,теориялық ғылыми негіздері мемлекеттік бағдарламалықпен, әдістемелер кешенді қарастырылуы қажет.Сонда адамгершілік – тәрбиенің жемісті болатындығын көруге болады.
Сана дегеніміз-объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік,сәулесі.Бірақ,ол жай бейне емес,шығармашылық бейне. Сананың түрлері көп. Ол жеке адамның санасы және қоғамдық, қарапайым және теориялық. Ғылыми және ғылымға қарсы, прогресшіл және керітартпа сана болып бөлінеді. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана, мәселен, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. Олай болу үшін сана көптеген адамның ойын, мақсатын, мұңын, Қоғамдық сана – қашанда қоғамдық болмыстың бейнесі, соның туындысы. Қоғамдық болмыс алғашқы. Өйткені, ол қоғамдық санадан тыс, одан тәуелсіз өмір сүреді. Қоғамдық сана әр адамның жеке санасынан гөрі жоғары, ауқымды. Қоғамдық сананың түрлері бір-біріне әсер етуі, біріне-бірі ықпал жасауы заңды құбылыс
а)Саяси сана
б)Құқылық сана.
в) Моральдық сана.
г) Эстетикалық сана.
ғ) Қоғамдық сана
8. Философиядағы адам мәселесі
Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия және мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз - өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір среді. ,Ежелгі антика заманында адамды космос бейнесінде, «кішкентай әлем» (микрокосмос) ретінде қарады. Демокрит – адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі, ол бойынша адам - табиғаттың бөлігі табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Аристотель құлдарды адам деп санаған жоқ, «сөйлей білетін жануар» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды бола алмайды. Сол сияқты әкесінің баласына қайырымды болуы міндетті емес, өйткені ол оның меншігі болып есептелінеді, ал баланың әкеге қайырымды ьолуы міндетті, әкесіз бала дүниеге келмейді. «Адам қоғамдық хайуан, тек ақылы бар», - деп санады. Христиан дінінде адам ұғымы Құдай бейнесінде қаралады. Адамды бағалауда ақыл-ой емес, жүрек негіз болады. Фома Аквинский: «Адам-дене мен жанның бірлігі. Хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе. Адам денесі-құмарлық пен ынтазарлықтың, жындардың ұясы», -дейді. Аристотель концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік ,саяси деп қарастырылады. Орта ғасырларда адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәртібінің бөлігі ретінде қарастырылады. Аврелий Августиннің пікірінше, адам – бір - біріне тәуелсіз жан мен тәннің қарама - қайшылығы. Платон ілімі бойынша адамда мәңгілік жан және өткінші дене қосылады. Жан – денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса дербес рухтың сақтаушысы.
« Адам» деген ұғым адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысыжәне әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.