Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_shpor.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.64 Кб
Скачать

5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері

Материя ұғымы дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз обьективті ақиқат деп қарайтын материалистік дүниетанымның түпқазығы, мән мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бір жасасып тарихи түрде қалыптасқан. Ең алдымен марксизмге дейінгі материализм материяны зат деп түсінеді. Бірақ заттардың түрлері сан алуан. Жансыз, жанды, т.б. Материя туралы ұғым, олардың ойынша, осы заттардың барлық түрлеріне ортақ жалпы қасиеттерімен бейнелеуі тиіс. Материяны зат пен пара пар деп қараудың біршама ұзақ тарихы бар. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір алғашқы зат деген көзқарас орын алған. Ол ең қарапайым пікір. Мысалы, Фалес үшін -су,Гераклит үшін-от, Анаксимен үшін-ауа, Анаксимандр үшін-апейрон(белгісіз зат) ,Демокрит үшін-атом, т.т.Дүниенің төрт заттан –судан,ауадан,топырақ пен оттан тұрады,материя дегеніміз-осы деген ұғымда да кең таралған болатын.Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастама негізі анық емес,шетсіз де шексіз,таусылмайтын үнемі өзгеріп отыратын материя –апейрон деп түсіндірді.Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы прктиканың, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәреже де өзінің әлеуметтік дүиесін жасады міне материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастарды осы жағдай анықтайды.Материяның басты қасиеті-санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі.Сөйтіп материя,1-ден санаға дейін өмір сүреді,2-ден санадан тысқары өмір сүреді,3-ден бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді,4-ден таным құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді. Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері,оның жүйе есебінде ұйымдасуының әртүрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады.Бұл мәселені Ф.Энгельс зертеген,ол м/я қозғалысының негізгі бес түрін жіктеледі:

механикалық (кеңістіктеқозғалып,орынауыстыру),

физикалық(электромагнетизм,гравитация,жылу),

химиялық(атомдар мен молекулалардың затқа айналуы),

биологияық (тірі организмдердегі зат алмасуы ж/е

әлеуметтік,қоғамдық өмірдегі өзгерістер ж/е ақыл-ой)қозғалыстар.

6. Қозғалыс: оның қасиеттері ж\е негізгі формалары.

Қозғалыс материяның ажырамас , мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз –кез-келген өзара әсер,өзара байланыс, кез-келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп , біздің санамызға , түйсік сезімдерімізге әсер ете алады.

Денелердің сапалық тұрақтылығы және олардың қасиеттерінің мызғымастығы денелерді құрайтын микрообъектілердің бір-біріне әсер етуі мен қозғалысының нәтижесі болып табылады. Осылайша Қозғалыс материяның қасиеттерін, құрылымдық-жиынтығын және оның өмір сүру сипатын айқындайды.

Қозғалыстың ішкі өзіне қарама – қарсы бір сәті - тыныштық.Тыныштық қозғалыстан бөлек те,бөгде де емес,ол бар болғаны қозғалыстың бір сәттік тұрақтылығы.Материя қозғалыстың бір түрінен екіншісіне ауысып отырады. Тыныштық бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа қатыныстың бәрінде ол да қозғалыс. Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі қүрделі байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс механикалық ж\е физикалық қозғалысты қамтиды.Ең жоғарғы әлеуметтік қозғалыстың құрамында алдыңғы формалардың бәрі өз бейнесін табады. Басқаша айтқанда , материяның тарихи дамуы төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге өткен сайын қозғалыстың түрлері де бір сападан екінші жоғары да күрделі сапаға ауысып отырады. Сондықтан да қозғалыстың неғұрлым жоғарғы түрлерін оның төменгі түрлерінен әсте де бөліп алып қарастыруға болмайды.

Жалпы алғанда қозғалыстың түрлерін ғылым салалары зерттейді.Энгельс материя қозғалысының бес түрін жіктеді:

  1. Механикалық (кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру)

  2. Физикалық(электромагнетизм,гравитация,жылу)

  3. Химиялық (атомдар мен молекулалардың затқа айналуы)

  4. Биологиялық(тірі организмдердегі зат алмасуы)

  5. Әлеуметтік , қоғамдық өмірдегі өзгерістер ж\е ақыл ой

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]