
- •1.Философия пәні.
- •2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3.Антик дәуіріндегі философия.Космостан адамға дейін.
- •4. Философияның негізгі категориялары.
- •5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
- •8. Философиядағы адам мәселесі
- •9. Орта ғасыр философиясы
- •10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
- •12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
- •13. Ф.Бэкон философиясы.
- •15. Гегель жүйесі және тәсілі.
- •16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
- •18. Экзистенциялистік философия.
- •19. Материяның атрибутивтік концепциясы
- •20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
- •22. Ғылым және философия.
- •23. Антропосоциогенез мәселесі.
- •27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.
- •29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.
- •30. Критикалық рационализм.
- •31.Таным теориясының негізгі мәселелері
- •32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
- •34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
- •35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
- •36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
- •39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары
- •40. Дүниенің ғылыми суреті (нкм).
- •41. Ғылымның философиялық негіздірі.
- •42.Ғылымның динамикалық мәселелері
- •43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.
- •44. К.Поппердің фаллибалистік моделі
- •45. Т.Кунның “парадигма” моделі. Томас Кун философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
- •46. И.Лакатостың “Зерттеу бағдарлама” моделі.
- •47.Стёпин моделі.
- •48. Ғылыми танымның жалпылогикалық принциптері
- •49. Ғылыми танымның жалпығылымдық(регулятивтік) принциптері
- •50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері
- •51.Табиғат пен қоғамдық болмыс
- •52. Қоғамның формациялық және цивилизациялық концепциялары.
- •53.Қоғамдық өмірдін негізгі сфералары
- •55. Мемлекет туралы ілімдер
- •56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері
- •57. Сана және бейсаналық сфера.
- •58.Өмірдің мәні мен мақсаты
- •59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.
- •60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
57. Сана және бейсаналық сфера.
Сана – ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.1.Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.2.Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау т.б.3.Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.Дүниеде еңғажап, кереметқұбылыс адамның рухан дүниесі, сана, ой. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми оның мекені. Сана адам миы қызметінің желісі. Бірақ ми түрлі жан жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі.Сана бір жағынан жинақталған білім, екінші жаынан таным процесі.Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық прцесс, өйткенісана обьективті дүниенің механикалық бейнесі емес.
Әрбір адамның психологиясында санасыздық әрекеттер бар. Оның ауқымы кең . Адам әр ісін,әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай ақ, дәлме дәл жүзеге асырады. Санасыздық дәл осы сәтте сана мен басқарылмайтын , бірақ түптеп келгенде адам миынан онша алыс кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті мен қасиетімен бақыланатын психологиялық процесс саналық пен санасыздық қасиеттерінің арасы жақын. Сондықтан кейде кейбір ғылыми жаңалықтарда көрегендік түстерде санадан тыс кездерде байқалады.
58.Өмірдің мәні мен мақсаты
Адам өмірінің мән-мағынасы – ғасырлар бойы талданып келе жаткан мәселе. Өмір өзгерген сайын болашакта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні сөзсіз. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған мәңгілік сұрақтарының біріне жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н.Толстой: «адамның ішінде екі «мен» бар сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай күресіп жаткан сиякты», - дейді. Бір «мен»: «Мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандардын бәрі өмір сүріп жаткан сияқты ғана, сондықтан бүкіл дүниенің мән-мағынасы маған деген жақсылықтың болуында»- дейді. Екінші «мен»: «Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына, сондықтан саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны білгісі де келмейді», - дейді. Бұл «өмір сүруге қорқыныш сезімін әкеледі», - деп қорқытады ұлы ойшыл. Әрине, адамның ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Біршама жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді (жақсы, я жаман болсын) жасауымыз ғажап емес.
Көп жағдайда өз өміріңнің мән-мағынасын жоғалтып алмас үшін, белгілі бір алдына қойған мақсатка жете алмасаң, соған деген көз қарасыңды өзгертсең болғаны. Оны В.Франкл «құндылықтарға деген көзқарас» деген ұғыммен береді. Ондай ахуал қарапайым адамдардың арасында қиын-қыстау заман кезінде жиі кездеседі.