Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.01.2020
Размер:
304.64 Кб
Скачать

50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері

Қазіргі дәуір-қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын революциялық ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылыми революцияның бір түрі ғылыми техникалық революция. Біздің заманымызда ғылыми техникалық ревлоюция жүріп жатыр. Өндірістің әуелден келе жатқан салаларын өзгертіп ғылыми техникалық революция жаңа салалар туғызды, мысалы, атом өнеркәсібі, полимерлер шығару, биотехнологтя және нанотехнологтя және т.б. Ғылыми техникалық революция қысқа мерзімде табиғаттың көптеген сырын ашып, солардың іс жүзінде қолдануына жағдай туғызды. Ол ғылымның ішінде айрықша атауға тұрарлық сала салыстырмалы теориясы, кванттық механика, ядролық физика, полимерлер химиясы, кибернетика т.б. Мәселен ғылыми техникалық революцияның арқасында жапондар Еуропа елі IV ғ. Жеткен жетістіктерге небәрі I ғ. Жуық уақытта жетіп алды. Ғылыми техникалық революция адамға өте көп күш дарытқанымен, ол арқылы жеткен қару жарақ арқылы дүние жүзін аз уақытта қырып жойып жіберуге болады. Бұл бір керағар жағы.

Ғылымның дамуында революция маңызды рол атқарады. Физикадағы бірнеше ғылыми төңкерістерге мысал келтірелік:

А)механиканың дамуына үлкен үлес қосқан И. Ньютон , ол өзінің заьютон , ол өзінің заңдарын ашып физикада прогресс жасады. Ньютонның 1, 2, 3 заңдарі және бүкіл әлемдік тартылыс заңы арқылы классикалық механикадағы көп поцессті түсіндіруге болады.

Б) М. Планк неміс физигі, кванттық гипотезаны тұжырымдады және әсер өлшемділігі бар іргелі тұрақтыны енгізді. Осылай кванттық теориясын бастап берді.

Ғылымды математикаландыру,ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану,адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.

51.Табиғат пен қоғамдық болмыс

Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол жалпылай алғанда “бар болу”‚ “өмір сүру”проблемасын қамтиды. “Болмыс түсінігінің арғы түбінде “болу”, “бар болу” деген мағынаның қаның аңғару қиын емес. Бүл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.

Табиғат – жалпы алғанда күллі болмыстың және оның ерекшеліктерінің жиынтығы.

Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлемметтік практиканың нәтижесі

К.Маркс адамзат тарихының даму заңдылығын ашып көрсету барысында мына мысалға жүгінген болатын: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен шұғылданбас бұрын, ең әуелі тамақтануы керек, үстіне киім, басына баспана қажет, ол үшін адам еңбектенуі, әрекет жасап тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет.Ал адамдар оны табиғи байлықтардан өндіреді, яғни қоғам табиғаттан тысқары, табиғатпен байланыссыз ешқашан өмір сүре алмайды.Адам да қоғам да табиғаттың төл баласы, жалғасы.Тіпті адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды десек, сол ауа мен судың өзі жан-жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.Қоғам табиғат дамуының жалғасы, ол екеуі тығыз бірлікте болады.Табиғат пен қоғамды байланыстырып та, жалғастырып та тұратын- материалдық өндіріс процесі, еңбек процесі деп айтуға болады.К.Маркс бойынша қоғамдық болмыс - бұл қоғамның материалды өмірі, әлеуметтік өмірдің онтологиясы.Қоғамдық болмыстың өзегін құрайтын нәрсе субстанциясы – еңбек болып табылатын адамдардың қоғамдық-тарихи практикасы. Адам өмірінің себебі, адамдардың қоғамдық болмысының түсіндірудің басты принципі еңбек болып табылады, материадық және рухани мәдениетте бар бүкіл нәрсе ақыры соңында еңбектің төңірегіне шоғырланады.Қоғамдық болмыс адамдардың өмірқамының нақты үдерісі болып табылады және ол болмыстың әр түрлі формаларымен – органикалық және органакалық емес формаларымен өзара байланысқа түседі.Органикалық емес материяның, тірі және әлеуметтіктің арасындағы бұл үдеріс бір- біріне өзара ықпалын, шартын тигізетін тоқтаусыз үдеріс б.т. Жердің органикалық емес әлемінің табиғи мүмкіндіктері, тірі болмыс константтары, адам тәні мен физиологиясы қоғамдық болмыс үшін белгілі бір шектеулер қоюы мүмкін, ал қоғамдық болмыстың өзі процессуалды, нақты- тарихи және меншік сипатымен, экономикалық өмірдің ұйымдасу ерекшелігімен, технологиямен, өндірістік- экономикалық қатынастар сипаты және деңгейімен анықталатын өзінің белгілі бір шектеулері бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]