Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_shpor.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.64 Кб
Скачать

43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.

 Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және әдістері туралы сөз еткенде міндетті түрде логика, методология және әдіс деген ғылымдардың мазмұнын ашу қажет.Ғылым логикасы деп материалистік диалектиканы түсінеміз. Өйткені ғылыми танымдағы негізгі мақсат білушілік қалай туатынын, толық емес, дәл емес білімнің қалай толығырық, дәлірек білімге айналатынын, жана теорияны құру мен дамыту, ескі теориядан жаңа теорияға көтерілу, ғылыми таным қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс.

Ғылыми танымңың методологиясы адамның танымдық және практикалық қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Әдіс деп танымдық немесе практикалық мәселелерді шешудің тәсілін, біздің қызметімізді, белгілі бір объектіні дамыту мен өзгертуге бағыттайтын реттеуші принциптердің жүйесін,ақиқаттығы анықталған теорияны ғылыми-практикалық есепті шешуге қолдануды айтамыз . Егер теория белгілі бір заттық саланы түсіндіруге бағытталса онда әдіс адамның танымдық және практикалық қызметінде регулятивтік функция атқарады.

Қазіргі уақытта ғылымда методологиялық зерттеудің тығыз байланысқан мынадай үш деңгейі анықталды: арнаулы жеке ғылымдық, жалпы ғылымдық және әмбебаптық философиялық.

Ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады.

44. К.Поппердің фаллибалистік моделі

К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады.

Ғалымдар жаналықты ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек.

Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды. Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]