
- •1.Философия пәні.
- •2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3.Антик дәуіріндегі философия.Космостан адамға дейін.
- •4. Философияның негізгі категориялары.
- •5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
- •8. Философиядағы адам мәселесі
- •9. Орта ғасыр философиясы
- •10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
- •12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
- •13. Ф.Бэкон философиясы.
- •15. Гегель жүйесі және тәсілі.
- •16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
- •18. Экзистенциялистік философия.
- •19. Материяның атрибутивтік концепциясы
- •20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
- •22. Ғылым және философия.
- •23. Антропосоциогенез мәселесі.
- •27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.
- •29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.
- •30. Критикалық рационализм.
- •31.Таным теориясының негізгі мәселелері
- •32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
- •34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
- •35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
- •36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
- •39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары
- •40. Дүниенің ғылыми суреті (нкм).
- •41. Ғылымның философиялық негіздірі.
- •42.Ғылымның динамикалық мәселелері
- •43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.
- •44. К.Поппердің фаллибалистік моделі
- •45. Т.Кунның “парадигма” моделі. Томас Кун философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
- •46. И.Лакатостың “Зерттеу бағдарлама” моделі.
- •47.Стёпин моделі.
- •48. Ғылыми танымның жалпылогикалық принциптері
- •49. Ғылыми танымның жалпығылымдық(регулятивтік) принциптері
- •50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері
- •51.Табиғат пен қоғамдық болмыс
- •52. Қоғамның формациялық және цивилизациялық концепциялары.
- •53.Қоғамдық өмірдін негізгі сфералары
- •55. Мемлекет туралы ілімдер
- •56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері
- •57. Сана және бейсаналық сфера.
- •58.Өмірдің мәні мен мақсаты
- •59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.
- •60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
Танымды жалпы түрде адамның әлемге әлеуметтік тарихи тұрғыдан дамыған қатынасы деп анықтауға болады. Танымның мәні қоғам деңгейіне байланысты. Сондықтан ол тарихи тұрғыдан өзгермелі болады. Танымның теориясы процестің негізгі элементтеріне объектісі және табиғи объектімен сәйкеспейді, қайта адамның субъективтік мүдделерін және мақсаттары көрініс беретін бөлігі болып табылады. Таным сезімдік және рационалдық болып екіге бөлінеді. Танымның сезімдік деңгейі мына формаларға ие – түйсік, қабылдау, елестеу. Ал танымның рационалдық деңгейіне ұғыну, пайымдау, ой қорытындылау жатады. Танымның осы деңгейлері арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Таным процесіндегі негізгі мәселе ақиқат болып табылады. Ақиқат өзін абсолютті және салыстырмалы формада көрсетеді. Танымның ғылыми және ғылыми емес деңгейлері (қарапайым, діни, көркемдік) бар. Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады.
Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді.
35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
Шпенглердің «мәдениет» ұғымы Тойнбидың «өркениет» ұғымына ұқсас, жақын. Бірақ Шпенглердің «өркениет» ұғымы Тойнбидікінен басқа мағыналарға ие. Мәдениеттанымдық әдіс шеңберіндегі өркениет – мәдениет дамуының жоғары деңгейі, оның өлуінің алдындағы мәдениеттің дамуының аяқталу кезеңі. мәдениет және адам тығыз байланысты, түптеп келгенде
мәдениет – адам іс-әрекетінің, ақыл ойының, қызметінің жемісі. «Мәдениет» деген термин (орыс. «культура») латынның «cultura» (өндеу, егу, тәрбиелеу, дамыту) деген сөздің аудармасы. Әуел баста ол деген топырақты өңдеу, оны егу (культивирование) дегенді білдірді. Цицерон алғаш рет осы сөзді ауыспалы мағынада, яғни адам ақылына ықпал жасау, ақылды философиялық өңдеу мағынасында қолданған («cultura animi»).Мәдениет дегеніміз адам жасайтынның, пайдаланатынның, жетілдірелітіннің бәрі және адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері. Өркениет (орыс. «цивилизация», лат. – civilis – азаматтық,қоғамдық, мемлекеттік) ұғымы XVIII ғ. «мәдениет» ұғымымен қатар пайда болды. Терминді В.Р. Мирабо (1757) енгізген және оны А.Фергюсон, кейінірек Л.Г. Морган мен Ф. Энгельс тарихты кезеңдерге бөлуде тағылықтан (варварлық) кейінгі жоғары дәуірді белгілеуге пайдаланған. Француз философ-ағартушылары парасат пен әділеттілікке негізделген қоғамды - «өркениетті» деп түсінген. Жалпы алғанда бұл ұғым да әртүрлі тарихи кезеңдерде өзгеріске түсіп отырды. Әуелде ол белгілі әлеуметтік процесті (Мирабо), одан соң қоғамның жағдайын сипаттауға қолданылса, кейін тарихтың классикалық емес бір қатар концепцияларының
(тұжырымдамаларының) негізгі ұғымына айналды
36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс.
Эмпириялық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады.
Ғылымның эмприкалық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау,эксперементті жатқызуға болады. Эксперементке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін , оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде табиғатты тергеу дейді. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен пайдаланылады.
37. Ғылыми танымның теоретикалық деңгейінің құрылымы
Танымдағы сезімдік және ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудің екі деңгейін құрайды. Олар-эмприкалық және теориялық білім. Олар ,әрине, бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Енді теориялық білімнің құрылымына келер болсақ, оларға проблема (мәселе),гипотеза (болжау), теория, заңды жатқызуға болады.
Таным үрдісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте проблема дүниеге келеді. Онышешпейнше, адмнан тыныштық кетеді. Сондықтан кейбіреулер проблеманы – білмейтінімізді білу дейді.
Гипотеза(болжау)-белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол әлі озін дәлелдеуді талап етеді.
Теория-зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардын ішкі мән-мағынасын ашатын, практика арқылы дәлелденген, қайшылықсыз бір-бірімен байланысты ұғымдар жүйесі.
Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала болжау, іс жүзінде пайдалану .
Заң- зерттелген заттар я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады.
38. Ғылымның эмпирикалық және теоретикалық деңгейлерінің арақатынасы.
Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлері өзара
байланысты, олардың арасындағы шекара шартты және жылжымалы,
белгілі бір жағдайларда олар бір-біріне ауысып жатады. Басқасына
зиян келтіріп, осы деңгейлердің ешқайсысын да абсолюттендіруге
болмайды. Бұл деңгейлер өзара тығыз байланыста болғандықтан оларда
қолданылатын әдістер бір-біріне де ауысып жатады. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады.Әрине ғылым мен технаканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көкжиегін әлдеқайда кездесетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес.Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.