
- •1.Философия пәні.
- •2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3.Антик дәуіріндегі философия.Космостан адамға дейін.
- •4. Философияның негізгі категориялары.
- •5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
- •8. Философиядағы адам мәселесі
- •9. Орта ғасыр философиясы
- •10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
- •12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
- •13. Ф.Бэкон философиясы.
- •15. Гегель жүйесі және тәсілі.
- •16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
- •18. Экзистенциялистік философия.
- •19. Материяның атрибутивтік концепциясы
- •20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
- •22. Ғылым және философия.
- •23. Антропосоциогенез мәселесі.
- •27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.
- •29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.
- •30. Критикалық рационализм.
- •31.Таным теориясының негізгі мәселелері
- •32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
- •34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
- •35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
- •36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
- •39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары
- •40. Дүниенің ғылыми суреті (нкм).
- •41. Ғылымның философиялық негіздірі.
- •42.Ғылымның динамикалық мәселелері
- •43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.
- •44. К.Поппердің фаллибалистік моделі
- •45. Т.Кунның “парадигма” моделі. Томас Кун философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
- •46. И.Лакатостың “Зерттеу бағдарлама” моделі.
- •47.Стёпин моделі.
- •48. Ғылыми танымның жалпылогикалық принциптері
- •49. Ғылыми танымның жалпығылымдық(регулятивтік) принциптері
- •50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері
- •51.Табиғат пен қоғамдық болмыс
- •52. Қоғамның формациялық және цивилизациялық концепциялары.
- •53.Қоғамдық өмірдін негізгі сфералары
- •55. Мемлекет туралы ілімдер
- •56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері
- •57. Сана және бейсаналық сфера.
- •58.Өмірдің мәні мен мақсаты
- •59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.
- •60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
31.Таным теориясының негізгі мәселелері
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. ''Таным'' — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:
— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);
— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).
''Таным'' — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады
32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
Ақиқат мәселесі, яғни күмәнсіз, шынайы, адекватты (латынша- adaeguatus- теңестірілген) білім мәселесі Ежелгі Грекияда қойылып, пайымдалған. Элеаттар мен софистер әсіресе сезімдік қабылдауға негізделген біздің біліміміз қоршаған орта туралы шынайы мәлімет беріп және оны дұрыс бейнелейтініне күмән келтірген болатын. Платон мәңгі және өзгермейтін идеялар туралы білім ғана мүмкін, ал сезімдік әлем туралы мәлімет, пікірлер жалған деп санады. Аристотеь былай деп жазды: «ажыратылғанды- ажыратылған, байланысқанды - байланысқан деп есептейтін адам шын сөйлейді, ал жалған сөйлейтін адам - заттың нақтылығы туралы кері ойлайтын адам ». Ақиқаттың когерентті (латынша cohaerentia-тіркесу, байланыс) концепциясын жақтаушылар, рационалистер көзқарастарын біржақты қолдай отырып, егер берілген түйін алдыңдағы ақиқат деп есептелген пікірлерден белгілі логикалық ережелерге сәйкес туындайтын болса, дұрыс деп санайды. Ақиқаттың абсолютті және салыстырмалы екі формасы түрінде көрінеді. Абсолюттік ақиқат - ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін және мәңгіге бекітілген білім болып табылады. Салыстырмалы және абсолютті ақиқат диалектиканың ерекшелігі, біздің танымымыз қоршаған әлемді дәл және жан - жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес, спиралды түрде қозғалуымен және объективті нақтылығы терең бейнелеуімен сипатталады. Ақиқат теориясы бойынша қазіргі логикалық зерттеулер қоршаған әлем туралы біздің біліміміздің дәлдік, толықтық және күменділік деңгейін ықтималдылық теориясымен ықтималдылық логикасы көмегімен анықтауға, дәлелдеуге, «есептеуге» және «өлшеуге» болатынын айқындайды.
33. Абсолютті ж\е салыстырмалы ақиқат диалектикасы.
Ақиқат танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субьектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған обьектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен фил\да ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субьект пен обьект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік тарихи процес. Ақиқат біреу, ол обьективті. Обьективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі,біліміндегі субьектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Егер обьективті аиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұсынан абсолютті түрде емес тек шамамен салыстырмалы түрде ғана білдіреді. Зерттеліп отырған обьект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат , ал толық ж\е дәл білімді абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ж\е абсолютті ақиқат әлеуметтік , тарихи процесс ретіндегі обьективті ақиқаттың көріністері. Сәйкестік принципі бойынша ақиқат қоғамдық адам санасында шын дүниенің практика арқылы берілген белгілі бір жағының бейнелену процесі. Сонымен, ақиқаттың диалектикалық материалистік теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді:
1.Ақиқат - әлеуметтік прцес;
2.Обьективті ақиқатты мойындау- абсолютті ақиқатты мойындау.
3.Ақиқат барлық жағдайда нақты
4.практика ақиқаттың жалпы өлшемі.
5.Ақиқатты тану- қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.