Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_shpor.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.64 Кб
Скачать

29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.

Философияның негізгі мәселесі - бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяғаң, субъективің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының , тілі мен дүние танымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысты қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады. Материяны, табиғатты - алғашқы, сананы олардың - туындысы, бейнесі болғандықтан-соңғы деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы-алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар- соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамсыз, адам промблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің де түсініктер мен көзқарастары басқаша, қарама-қарсы болғанымен-қарастыратын, зерттейтін негізі біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл қасиеттерге қатынасы. Адамның ой сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу міселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша-бақыт әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілігі. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә)жол құмарлықтары; б) ой-парасаты. Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципі- әрбір жеке адамның өз алдына мақсатты нысана ретінде қаралу қажеттігі. Бұл оныңадам мүддесі жөніндегі ілімнің басты мәселесі болды. Сонымен ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы асыл байлық адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. Бұл арада адамның қоғамда алатын орны атқаратын рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміздің өзі не? Күнделікті өмір көзінен қарағанда бұдан оңай сұрақ жоқ тәрізді. Әркімнің әкесі де, әйелі де, баласы да,өзі де-адам, айнала жүргендердің бәрі -адам. «Адам деген не?» деп сұрақ қойып, басты ауыртудың қажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар?- деген сұрақтың ойға оралуы да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, бірден-ақ үлкен қиындыққа кездесеміз. Тарихшы-антрополог пен психологтың адамға беретін анықтамасы екі түрлі боуы мүмкін, биолог пен дәрігердің түсініктері тағы да бір-біріне ұқсамауы ықтимал. Өйткені, бұлардың әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Бұл міндетті орындауға қабілеті жететін бір ғана білім саласы бар, ол-философия.

30. Критикалық рационализм.

Критикалық рационализм немесе сыншыл - қазіргі Еуропа және Америка философиясындағы ағым, оның негізгі принциптерін Поппер тұжырымдаған, терминін де алғаш қолданған сол. Негізгі өкілдері - У.Бартли, И.Лакатос, Дж.Агаси, Фейеребенд, Дж.Уоткинс, Г.Альберт, Х.Шпинер жіне т.б. Сыншыл рационализм дегеніміз: айқылдалған нақты философия доктрина емес: оны белгілеу үшін екінің бірінде басқа атаулар - сыншыл эмпиризм, критицизм, фальсификационизм - қолданылады. Оның кейбір жақтаушылары Фейеребенд. Сыншыл рационализмді белсене қорғаудан, оны қатаң сынауға дейін эволюция жасалды. Оның басқа бір өкілдері Лакатос. Ол сыншыл рационализм принциптеріне қосылса да, өзін осы философиялық - методология бағыттан жырақ ұстауға ұмтылды. Сыншыл рационализм білімді, адамдардың іс әрекеттерін, әлеуметтік идеялар мен басқаларды сынау және жетілдіру негізіндн рационалды түсіндіру принциптерін ашуды көздеді. Сыншыл рационализм өзінің негізгі принциптерін дәстүрлі философиялық айқындамаларға скептицизм мен догматизмге қарама - қарсы феллибилизм принципін кез келген ғылым білімнің принципті болжамдығын мойындау, ғылым білімнің формальды ақиқаттығын ақтау мен негіздеуге қарама қарсы методологиялық рационализм идеясына сын көзбен қарау негізінде белгілі бір болжамдар қайсы бір дәрежеде басқаларымен салыстырғанда неғұрлым артығырақ екендігін анықтау мүмкіндігі және ең соңында, инструментализмге реалдық дүниені ғылым біліммен суреттеу мүмкіндігі туралы тұжырымнан қарсы қоюға тырысады. Сыншыл рационализмде қазіргі кейбір философтардың ғылымға формальды - құрылымдық көзқарастың жеткіліксіздігін ұғынуы көрініс тапты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]