Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_shpor.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.64 Кб
Скачать

22. Ғылым және философия.

Батыс Еуропаның философиялық ой тарихында оны көбінесе,яғни философияны ғылыми саласына жатқызатындықтан тіпті оны «ғылымдардың ғылымы»деген көзқарас басым болды.Марксистік философия осы жөнінде екі ұштыдық байқалады.Бірінде философия ғылымнан бөлек,өз алдына қоғамдық сананың формасы деп танылса,басқа көп еңбектерінде К.Маркс,Ф.Энгельс философиясын,оның ішінде диалектиканы даусыз ғылымға жатқызады.Ең алдымен философияны ғылымға жақындастырған жақтары қандай?Ғылым сияқты философия да өз қағидаларын фактілерінде логикалық, уәждермен,дәлелдермен негіздеуге ұмтылады.Филосоя мен ғылымның әрқайсысының табиғаты әртүрлі.Философия ғылым сияқты өмірдегі бар ,болып отырған қатынастары,болмысты,оның заңдарын игеріп,бейімдеуді негізге алып отырып,бірақ түпкі мақсатын,ұсынатын бағытын парыз нәрселерге арнайды.Ғылымның мұраты – тылсымның сырын айқындау,барлықтың ақиқатын ашу,соның негізінде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын,шыға алатын нәрселерді анықтау.Философия адамның дүниеде болуының сан –алуан формалары мен жолдарын,сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәнсіздігін айқындау.Философия көбіне өмірде бар болсын не жоқ болсын,бірақ адмның дүниеге мәнді түрде бар болуының мәнді түрде сан алуан формалары мен жолдарын негіздеуге,ақтауға ұсынуға ұмтылады.Философиялық жүйенің ұғымдары мен принциптерінің ғылымнан айрықша ерекшеліктері-олаарда жеке тұлғаның өзіндік қайталанбас тобының болатындығы.Ол философиялық жүйенің қосымша жол –жөнекей сыртқы белгісі емес,оның ішкі табиғатының ерекшелігі,сонымен қатар философия өшпей,өшпейтін қасиет.Ол –дүниені өзгеше түсіну мен ұғыну ғана емес ,дүниені өзгеше көру,өзгеше сезіну.Ғылымды да,философияны да,көркемөнерді де жасаушы әрине адмның өзі.Сондықтан да бұрыңғы үйреншікті дәстүрлі қатынастардың шеңберінен шығып,жаңа бір қатынас туғызушы әрқашан да солар.Философияда ақырға қол жеткен нәтиженің өз,тұлғаның универсалдық мазмұны болып тұрады.

23. Антропосоциогенез мәселесі.

Жалпы грекше anthropos-адам, латынша gotio-қоғам және грекше genesis-шығу,туу деген мағынада берілген. Антропосоциогенез-материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуының және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) дегеніміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы. Социогенез- антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенезді жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады. Бұл идея қазіргі антропологтар мен археологтар жасаған «екі секіріс теориясырың» ғылыми концепциясында нақты жүзеге асты. Бұл теория бойынша, адам эволюциясында екі үлкен өтпелі кезең болды. Біріншісі және негізгісі-адамның өзінен бұрынғы жануарлар сатысынан қалыптаса бастаған адамдар сатысына өтуі-бұл соңғыға архентроптар және полеоантроптар жатады. Екінші секірі-алғашқы және кейінгі полеолит аралығындағы, шамамен 35-40 мың жыл бұрын болған полеантроптың қазіргі адамға айналуы.

Антропосоциогенездің басты мәселесі тіршіліктіңқоғаммен, адамның жануармен байланысын анықтау деуге болады. Ғылымда антропосоциогенездің бастамасы жөнінде де, аяқталуы жөнінде де біраз қайшылықтар бар. Дегенмен, көпшілік антропосоциогенездің басталуын 2,5-2 мың жыл бұрын австралопитектердің хабалистерге өтуімен байланыстырса, аяқталуын неантроптың пайда болуымен байланыстырады. Неатроптардың пайда болуымен бір мезгілде антропогенезде де социогенезде де біртұтас антропосоциогенез процесі аяқталды.

24.Философиядағы сана мәселесі. Өзіндік сана.

Сананың пайда болуының екі жағы бар:

1.Биологиялық шарттары: а) адамға ұқсас биологиялық түрдің пайда болуы б) бастағы ми, нерв жүйесінің күрделену в) дене құрылымы, тік тұрып жүруі

2 . Әлеуметтік негізі: а) еңбек құралдарын жасап, заттарды өңдеуі, күшінің көбеюі б) сөз, тілдің пайда болуы. Сөз өз кезегінде абстракциялық ойлауды дамытад в) адамдар арасындағы қатынастардың жетіліп, сүйіспеншілік өседі. с)адам санасынан тыс өмір сүретін құбылыстардың күрделенуі.

Өзіндік сана сананың жетілген дәрежесі. Оның негізгі көрсеткіші өз ерекшклігіңді түсіну. Жетілген сана өзіндік сана, қайталанбайтыныңды түсіну. өзіндік сана адамның танымдық , өнегелік . діни, эстетикалық және саяси салаларда өзінің іс әрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс тұрысының дәлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Жеке және қоғамдық сана , олардың диалектикалық байланысы бар. Әр адам саналы . Қоғамдық сана жеке саналардың жай қосындысы емес, сонымен бірге жоғарғы күрделі жиынтық. Сана әрадамның жеке басына, біліміне, өмір сүруінің жағдайына, мінезіне байланысты қалыптасады. Дін иелері сананы материядан тыс, дербес ж.е мангі өмір суретін ешкашан қлмейтін кубылыс деп карастырады. Ертеде сананы жанга, ал жанды ушып журетін шыбынга тенеген. Идеалистік филос.нын кайсысы болмасын сананы, идея, рух материядан тыс, дербес өмір суріп кана коймайтынын, кайта сол материяны билейтін онын козгалысын, даммуын карастыратын куш деп тусінеді. Сана адам миына байл.пайда болады. Ал ми онын мекені. Сана адам миынын кызметінін жемісі.ми ойды өзінен өзі таскындатып тудырмайды, ой мидын ішінен кайнап шыкпайды. Сананы тудыратын объективті акикат. Сана – объективті дуниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, бірак ол жай бейне емес, шыгармашылык бейне.

25. Канттың категориялар туралы ілімі мен антиномиялары. Жаңалықтары мен кемшіліктері. И. Канттың негізгі еңбектері: « Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан еориясы » , « таза ақыл ойды сынау », «практикалық ақыл ойды сынау» , «пайымдау қабілетін сынау» , «логика» , « пролегомендер» Канттың өз философиясының жай жапсарын қысқаша баяндап берген шығарма. Алғаш рет 1783 жылы басылып шықты. Канттың ғылыми еңбектері екі кезеңге бөлінеді: « Сыни кезеңге дейінгі», және «сыни кезеңдегі». Алғашқы кезеңнің мәні « Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегінде талданады. Екінші кезеңде орталық мәселе етіп адамды, оның тану мүмкіндігін қойды. «Таза ақыл ойды сынау» деген еңьегінде таным мәселесін талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді: сезім түйсік сатысы; сараптаушы ақыл ой; таза ақыл ой. И. Кант дүниені біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» және біздің санамызда берілген «біздік зат» немесе табиғат деп екіге бөлді. Кант ілімінде танымдық қабілеттің негізі мәселесі: ақыл ой мен антиномиялар туралы болды. Әр ойдың кері түрі бар деген диалектикалық заң ретіндегі антиномияға мыналар жатады. Кеңістік және уақыт: дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті; дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шексіз. Қарапайым және күрделі: әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады; дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ. Бостандық және себептілік : дүниеде табиғи заңдар бойынша себептік қана емес, бостандық та бар; Бостандық жоқ. Дүниеде барі қатаң себептіліктегі заңдар бойынша жасалады. Құдай және мән: Құдай бар , сөзсіз тіршілік иесі, дүние мәні; Құдай жоқ, дүние мәнсіз. Ешбір абсолютті тіршілік иесі жоқ. И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама қарсылықтың бірлігі мен күресі деген диалектикалық заңының ашылуына үлкен ықпал жасады. 1783 ж. « Пролегомендер» кітабында философиялық категориялар тәжірибеден тыс , оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп олардың он екісін атап көрсетті. Канттың пікірінше, сараптау категориясының көмегімен түйсіктегі ретсіздікті ақыл ойдың сөресіне орналастырып, олардың қызметін нәтижелі етуге болады. Ол он екі категориярн төрт топқа , әр топта үштен орналастырды, сонымен бірге алғашқы екі категория қарама қарсы сипатты, үшіншісі синтезді білдіреді. Сан категориясы: Бірлік, көптік, тұтастық; Сапа категориясы:Нақтылық, терістеу, шектеу. Қатынас категориясы: Субстанциональдық, Себеп және салдар, әрекеттестік; Модальдық категориясы: Мүмкіндік және мүмкін еместік, өмір сүру мен сүрмеу. Қажеттілік пен кездейсоқтық.

26. Қоғам ұғымы, құрылымы және динамикасы.

Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі сапалы іс әрекеті мен қызметінің нәтижесінде жай адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі. Адамзат қоғамы табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші. Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын жане қазіргі кезде жоғарыдағыдай пікір жоқ. Қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды қыл оймен танып білу өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар: философия, социология, тарих, демография жане т.б. , бұлар өздеріне зерттеу обьектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ. Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып білу әлі күнге дейін басым, оның мәнісі мынада; Қоғамды билейтін күш идея. Әр дәуір идеяға байланысты өзгереді. Бірақ сол идеялардың қалай пайда болатыны қаралмады. Қоғамның дамуында обьективтік диалектикалық заңдылық және детерминистік байланыс бар екендігі ескерілмеді. О.Тоффлер когам дамуын толеын козгалысы ретінде карастырады. Ол адамзат когамынын букіл дамуын уш кезенге бөледі: 1. Аграрлык революция(ірінші толкын). 2.Өнеркәсіптік революция. (екінші толкын). 3.Акпараттык компьютерлік революция. (ушінші толкын). Акпараттык когам адам болмысынын мәнімен катар курылымые озгертетіндіктен мындаган жылдар бойы философиянын жумбак кубылыстары болып келген шыгармашылык купиялары мен адамзат акыл ойынын терен тылсымдарына ену мумкіншіліктері мен оны адами игеру денгейлерін, тулга жуйесін тубегейлі өзгертетін болгандыктан, философия көкжиегіндегі зерттеу аймағы болып кала береді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]