
- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның пән ретіндегі ерекшеліктері және басқа ғылым салаларымен байланысы. Экономикалық теорияның қазіргі Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі мен қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері, қызметтері, оларды қолдану ерекшеліктері.
- •4.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •5.Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері.
- •6.Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі, түрлері және негізгі белгілері.
- •8.Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер және оның ерекшеліктері
- •9.Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
- •10. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. Меншіктің тарихи түрлері, мемлекеттік және жеке меншікке салыстырмалы талдау.
- •11.Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен даму мәселелері
- •13.Қоғамдық шаруашылық және оның нысандары. Тауар және ақша.
- •16.Ақша нарығы. Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс. Қазіргі ақшаның ерекшеліктері.
- •17.Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтың маңызды элементтері
- •21.Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •1.Сурет. Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
- •26.Кәсіпкерліктің негізгі белгілері және кәсіпкерлік қызметтің тартымдылығын анықтау ерекшеліктеріне талдау.
- •27.Кәсіпкерлікті өндіріс факторы ретінде қарауға Сіздің көзқарасыңыз және ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •28.Капитал құрылымын талдау ерекшеліктері. Айналмалы капитал айналымын тездету жолдары.
- •32.Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында пайданы неғұрлым көбейту жолдары.
- •33,34.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. 34.Өндіріс факторлары және олардың жасайтын табыс түрлері. Факторлық табыстардың тиімділігін анықтау.
- •35.Қазақстандағы өндіріс нарықтарының қалыптасуы мен дамуы. Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы және кәсіподақтың міндеттері.
- •36.Дамыған елдердегі еңбекақы төлеудің ерекшеліктері.
- •37.Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •38.Ұлттық экономиканың негізгі секторлары және ұлттық байлық. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі.
- •39.Экономикадағы макроэкономикалық және микроэкономикалық деңгейдегі мәселелердің өзара байланысы.
- •42. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік және ресурстардың толық қамтылуы.
- •46. Жұмыссыздық және өзін-өзін жұмыспен қамтитындар
- •48. Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері және еңбек биржасының қызметі
- •49. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
- •50. Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды талдау.
- •51. Экономикалық циклдың ауытқу себептері және дағдарыстың ерекшеліктер
- •52. Мемлекеттің экономикалық дамуы және дағдарыстан шығу жолдары
- •53. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты және құралдары.
- •54. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі. Қазіргі экономикалық теориядағы әртүрлі көзқарастар.
- •55. Ақша-несие саясаты және негізгі әдістері.
- •56. Мемлекеттік бюджет, табыстардың қайта бөлінуі
- •57. Әлемдік экономика және оның даму мәселелері.
- •60. Дүниежүзілік сауданың мәні және құрылымы. Қазақстанның дсұ-на кіру мәселелері.
6.Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі, түрлері және негізгі белгілері.
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер элементтерінің жиынтығы (қоғамның өндіргіш күштері, технико-экономикалық қатынастар, әлеуметтік-экономикалық қатынастар, шаруашылық механизмі).
Экономикалық жүйе
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оны құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін мәдениетке сай келеді.
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Меншік қатынастарының формалары бойынша:
Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
Техникалық прогресс шектеулі.
Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
Экономикада орталықтанған жоспарлау.
Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
Орталықталынған ресурстар қоры.
Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
экономикалық жүйенің басты міндеті шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу.
Экономикалық жүйе келесі белгілерге байланысты жіктеледі:
1 меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару бағдарлау тәсіліне байланысты.:
-дәстүрлі экономикалық жүйе
-oрталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе
-pыноктық эконом жүйе
-aралас экон жүйе
2 Өркениет типтерінің даму дәрежелері ретінде экон жүйе:
-дәстүрлі қоғамдағы эконом қатынастар әдет ғұрып негіздері,өндіріс әдісі,мәдениет,көзқарастар ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалып отырады.
-либералды қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамасына ешқандай кедергілер жоқ
-аралас дәстүрлі және либералды типтердің элементтерінен құралады.
3 Сыртқы экономикалық байланыстың сипатына байланысты:
-жабық эконом жүйе шаруашылық іс әрекеттер белгілі бір шеңбер көлемінде,тұйықталған күйде жүзеге асырылады;
- ашық эконом жүйе басқа елдің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстар үнемі ұлғайып отырады.
7. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
Нарық – тауар өндірісі және пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарының жиынтығы. Нарық – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы болып табылады. Нарық – ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері, өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықты тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф. Котлердің еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардың жиынтығы деп айтылады. Ал, «Экономикс» кітабында нарық қандай да болсын өнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және сатып алушыларын біріктіретін механизм деген анықтама беріледі. Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін американ ғалымдары Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис айтқан. Олар нарық деген сахна, мұнда қойылатын қойылым экономикалық мәселелерді шешетіндер жиыны қатысады: миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды, кандай мөлшерде сатып алуды шешеді; аса көп кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға жауап табады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы таурларды сату мәселелерін қарастырады.
Нарыќтыќ экономиканың моделдерін бөліп айтуға болады, ќазіргі жағдайда пайдаланатын. Америкалыќ модель. Бұл модель капитализмнің либералды моделі, оның тиісті жағдайлары болып табылады: мемлекеттік меншіктің кіші салыстырмалы салмағы; мемлекеттің экономикадағы кіші реттеуші ролі; кәсіпкерлікті бүкіл әлемдік мадаќтау; байларға және кедейлерге жедел дифференциялау; еңбек аќы деңгейінде үлкен айырмашылыќ; халыќтың аз ќамтылған топтары өмір сүру деңгейі; Жапондыќ модель. Шаруашылыќтың ќазіргі заманғы моделінің ќалыптасуы спецификалыќ даму жағдайында өтті. Әскери шығындардан бас тарта отырып, Жапония барлыќ өзінің ресурстарын концентрация жасады, экономикалыќ мүмкіндіктерді өнеркәсіпте өсіруде. Бұл моделге тиісті: ұлттыќ экономиканың негізгі бағыттарына әсері мемлекеттік жоғарғы деңгейі; өзін ќорғау дамуының күшін және нығайтуды 5 жылғы жоспарын ќұру, 1957 жылдан жасалған; жұмысшыларды фирмаларға жолдауды өмірлік кең түрде тарату; еңбек аќы деңгейінде азғана айырмашылыќ, фирманың бастығы мен ќызметкерлерінің арасында 17 есені ќұрайды; моделдің әлеуметтік бағыты; Неміс моделі. Ол өзінің әлеуметтік – экономикалыќ мазмұны бойынша бір-біріне жаќын. Әлеуметтік нарыќтыќ экономиканың басты идеологы болып Людвиг Эрхард табылады, өзінің кітабында жаңа неміс экономикасының негізгі принциптерін ќызмет етуін жазды. Бұл жерде негізгі мінез болып табылады: эконмикаға күшті мемлекеттік әсері, әлеуметтік мәселелерде шығады; банктердің шешуші ролі; басшымен ќызметкердің айырмашылығы; Швед моделі. Бұл моделдің ерекшелігі; әлеуметтік бағыт, мүліктік теңсіздікті ќысќарту, аз ќамтылған халыќтың бөлігін ќамќорлыќќа алу. Француз моделі. Оның ашыќ ерекшеліктері жоќ. Бұл модель америкалыќ және неміс моделдерінің ортасында. Француз моделінде мемлекеттің реттеуші ролі жоғары болып табылады. Оңтүстік-Кореялыќ модель. Бұл модель өзінің экономикалыќ даму процессінде пайдалануы Оңтүстік-Кореяға аз уаќыт ішінде артта ќалған елден индустриалды дамыған ел ќатарына айналды. Бұл моделде ерекше болып табылады: экономикалыќ дауды жоспарлау; несие – ќаржылыќ сферада мемлекеттік монополияның әсері; сыртќы экономикалыќ сфераны реттестіру; Экспорт мәселесі ерекше баќылауда болады. Экономиканың жансаќтауынан кейін алдыңғы экономикада үкімет әлеуметтік бағдарламаларды енгізуге кірісті. Жоспардың және бағдарламаны орталыќтандырылған түрде пайдалануы нашар дамыған борьерді басып озуға және әлем өркениетінде белгілі бір орын алуға мүмкіндік береді. Ќытай моделі. Ќытай экономикасын реформалау ауыл шаруашылығында пайдаланудан басталды, яки "халыќтың коммунадан” жанұялыќ әдіске өтуден. Бұл модель мемлекеттік реттестіру жағдайында нарыќтыќ механизм ќызмет етумен белгіленеді. Экономикалыќ реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуына альп келеді. Соңғы 10-жылдыќта 80 миллион жұмыс орны пайда болды. Бұның бәрі экономиканың жандануына және соңғы жылдары өнеркәсіп өндірісінің ең жоғарғы өсуіне әкелді.