Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor ekonomteorya.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
172.25 Кб
Скачать

42. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік және ресурстардың толық қамтылуы.

Макродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады:

сұраным мен ұсыным;

тауар және ақша массасы;

жинақақша мен инвестициялар;

инфляция және жұмыссыздық;

еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;

қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;

бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;

төлем балансының активі мен пассиві.

Аталған ара қатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық.

Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен объектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық макроэкономикалық тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-құлықтың топтауырындарын (стереотиптерін), әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін «тепе-теңсіздіктің қалыпты жай-күйі» тән қасиет. Мұндай жарым-жартылай жай-күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым-жартылай тепе-теңдігінің бір жай-күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе-теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін-дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.

43. Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі

Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.

Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған. Бұл тәуелділікті график арқылы көрсетеміз:

7.1.1. сурет. Сұраныс қисығы.

D қисығы сұраныс қисығы деп аталады. P1 бағада сұраныс көлемі Q1-ге тең. Бағаның Р2-ге дейін төмендеуі сұраныс көлемін Q2-ге дейін арттырады.

Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі:

Qd=a-b*Р

Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.

а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсер

Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.

1) Тұтынушылардың саны.

2) Табыс деңгейі.

3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.

4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, модаріне ұшырайды.

Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар:

1.Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар.

2. Тұтынушының табысы.

3. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі.

4. Тауардың қажеттілігінің деңгейі.

5. Тұтынушының күтуі

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады

44. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады:

сұраным мен ұсыным;

тауар және ақша массасы;

жинақақша мен инвестициялар;

инфляция және жұмыссыздық;

еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;

қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;

бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;

төлем балансының активі мен пассиві.

Аталған ара қатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық.

Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен объектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық макроэкономикалық тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-құлықтың топтауырындарын (стереотиптерін), әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін «тепе-теңсіздіктің қалыпты жай-күйі» тән қасиет. Мұндай жарым-жартылай жай-күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым-жартылай тепе-теңдігінің бір жай-күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе-теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін-дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.

45. Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

Жұмыссыздық – еңбек рыногының құрамдас элементі болып табылады. Жұмыссыздықтың типтері: 1. Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі бір сәйкессіздік болады.

2. Құрылымдық жұмыссыздық – экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың себебі болады. Олар: жаңа технологиялар, жаңа тауарлардың пайда болуы. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Экономиканың бір секторынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айрылған жұмыскерлер басқа саладағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады.

3. Маусымдық жұмыссыздық - өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады.

4. Циклдық жұмыссыздық. Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Ол экономикалы коньюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар кезінде көбейіп отырады.

Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты «табиғи» деңгейден жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі АҚШ-та жиырмасыншы ғасырдың соңында 6-7 пайыз болса, экономикасы дамыған басқа елдерде ол біршама төмен.

Жұмыссыздық рыноктық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Инфляция термині қазақша қампаю, ісіну дегенді білдіреді. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]