
- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның пән ретіндегі ерекшеліктері және басқа ғылым салаларымен байланысы. Экономикалық теорияның қазіргі Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі мен қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері, қызметтері, оларды қолдану ерекшеліктері.
- •4.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •5.Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері.
- •6.Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі, түрлері және негізгі белгілері.
- •8.Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер және оның ерекшеліктері
- •9.Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
- •10. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. Меншіктің тарихи түрлері, мемлекеттік және жеке меншікке салыстырмалы талдау.
- •11.Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен даму мәселелері
- •13.Қоғамдық шаруашылық және оның нысандары. Тауар және ақша.
- •16.Ақша нарығы. Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс. Қазіргі ақшаның ерекшеліктері.
- •17.Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтың маңызды элементтері
- •21.Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •1.Сурет. Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
- •26.Кәсіпкерліктің негізгі белгілері және кәсіпкерлік қызметтің тартымдылығын анықтау ерекшеліктеріне талдау.
- •27.Кәсіпкерлікті өндіріс факторы ретінде қарауға Сіздің көзқарасыңыз және ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •28.Капитал құрылымын талдау ерекшеліктері. Айналмалы капитал айналымын тездету жолдары.
- •32.Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында пайданы неғұрлым көбейту жолдары.
- •33,34.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. 34.Өндіріс факторлары және олардың жасайтын табыс түрлері. Факторлық табыстардың тиімділігін анықтау.
- •35.Қазақстандағы өндіріс нарықтарының қалыптасуы мен дамуы. Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы және кәсіподақтың міндеттері.
- •36.Дамыған елдердегі еңбекақы төлеудің ерекшеліктері.
- •37.Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •38.Ұлттық экономиканың негізгі секторлары және ұлттық байлық. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі.
- •39.Экономикадағы макроэкономикалық және микроэкономикалық деңгейдегі мәселелердің өзара байланысы.
- •42. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік және ресурстардың толық қамтылуы.
- •46. Жұмыссыздық және өзін-өзін жұмыспен қамтитындар
- •48. Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері және еңбек биржасының қызметі
- •49. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
- •50. Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды талдау.
- •51. Экономикалық циклдың ауытқу себептері және дағдарыстың ерекшеліктер
- •52. Мемлекеттің экономикалық дамуы және дағдарыстан шығу жолдары
- •53. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты және құралдары.
- •54. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі. Қазіргі экономикалық теориядағы әртүрлі көзқарастар.
- •55. Ақша-несие саясаты және негізгі әдістері.
- •56. Мемлекеттік бюджет, табыстардың қайта бөлінуі
- •57. Әлемдік экономика және оның даму мәселелері.
- •60. Дүниежүзілік сауданың мәні және құрылымы. Қазақстанның дсұ-на кіру мәселелері.
35.Қазақстандағы өндіріс нарықтарының қалыптасуы мен дамуы. Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы және кәсіподақтың міндеттері.
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін, сондай-ақ, олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан-алуан, оны: капитал, валюта, бағалы қағаздар, еңбек, ғылыми -техника, туындыларының ақпарат және т.б. нарық түрлеріне бөлуге болады.Бұл аталғандардың ішіндегі негізгілердің бірі-еңбек нарығының Қазақстандағы қазіргі жағдайы және оның өзіндік еркшеліктері жөнінде болмақ.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.
Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңында «еңбек қатынастары- тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметің жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар»- делінген.
Экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар кіреді. Ал жұмыссыздарға - халықтың экономикалық тұрғындары белсенділігін, өлшеу үшін белгіленген жастағы, бір мезгілде үш негізгі көрсеткішке жауап беретін адамдар жатады: жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмауы), оны іздеумен белсенді айналысты, белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды. Осы негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып Қазақстан еңбек нарығындағы кейінгі бес жыл ішіндегі негізгі көрсеткіштерді қарастырып көрелік. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 2010 жылы 7963,4 мың адам болды. Бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырған 484,4 мың адамға көбейген. Жалпы бес жыл мерзім ішінде тұрақты артып отырған. Мұның басты себепбінің бірі - қоғамдық өндірістің қарқын ала бастағаны.
Бұған байланысты жыл сайын халықтың жұмыссыздық деңгейі біртіндеп азая түсті. Бірақта әлі де жұмыссыздық деңгейі белгіленген жоспардан анағұрлым жоғары болып тұр. Сондықтан да республикада кіші және орта бинесті барынша дамыту проблемасы кезектегі мыңызды мәселелердің бірі деп саналады.
Қызметкердің проблемасы олардың өкілі болып табылатын кәсіподақтың араласуынсыз шешу мүмкін емес,өйткені,әлемдегі барлық кәсіподақтардың негізгі қызметі-еңбекшілердің құқығын қорғау.
Кәсіподақ туралы заңға сәйкес бұл жарғылық міндетіне қарай еңбекшілердің заңды мүддеслері мен құқықтарын қорғайтын бірден-бір қоқамдық бірлестік.Қызметкерлердің құқығы мен кепілдігі Конституцияда және республиканың өзге заңдарында жазылған.Қызметкерлерге қосымша құқықтар мен кепілдіктер және еңбек шартымен немесе ұжымдық шартпен белгіленеді.
36.Дамыған елдердегі еңбекақы төлеудің ерекшеліктері.
Еңбекақы бұл — мемлекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар төлейтін ақшалай төлем.
Дамыған елдерде жалақының негізгі нысандарымен бірге жұмысшының еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған еңбек ақы төлеудің басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге келісімді – прогрессивті, келісімді көтерме, көп факторлы және т.б. жатады. Жалақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті және т.б. көрсеткіштеріне тәуелді.
Дамыған елдерде еңбекақыны құрудағы екі тенденцияның бірігуі байқалады: бір жағынан, сәйкес әдістер және кәсіпорынның белгілі бір сүрақтарды өздігінен шешудегі базасының көрсеткіштері, ал екінші жағынан — үлттық ерекшеліктері. Сонымен, барлық дамыған елдерде еңбекақының негізгі базалық өлшемесі тарифтік сетка мен оған қосымша негізінде құрылатын тарифтік еңбекақы болып табылады. Тарифтік еңбекақы үстеме төлемдермен қосылып айлық еңбекақыны құрайды. Айлық еңбекақы жұмысшыға жыл ішінде белгілі бір кезекпен берілетін премиялар мен басқа төлемдер арқылы толықтырылады. Қазіргі уақытта барлық дамыған елдерде мүндай төлемдер өте елеулі б.т. (мысалы, АҚШ-та экономиканың жеке кәсіпкерлік секторындағы орташа еңбекақы 25 пайызға дейін). Дамыған елдерде еңбекақының күрылуының сәйкес элементтеріннің арасынан үлттық айырмашылықтар бөлінуде. Мысалы, Жапонияның спецификасын бүл елдегі өмірлік жалдану жүйесі құрады. Еңбек ставкасы батыстағыдай негізінен біліктілік пен еңбек өнімділігін ескерген, ал өмірлік жалдану мен негізінен жасы мен стажына байланысты жеке ставканың әсерінен өзгерді. Жапондық дәстүрлі жүйе бүл елдің еңбек нарығының өзіне тән реттеуші күші болды. Бірақ оның әсері бірте-бірте қысқарғанмен, әлі де әсер сезіледі.
Ал тарифтік келісімдерде көрсетілген минималды еңбекақының нормативі берілген жұмысшылар коллективінің еңбекақысын жоғарғы деңгейде қамтамасыз етіп, оның ары қарай көтерілуін қамтамасыз ететін база құруға бағытталған.Мысалы, АҚШ-та минималды сағаттық ақы алғаш рет мемлекеттік деңгейде 1938 жылы бекітілді. Оның шамасы өңдеу шаруашылығының жұмысшыларының орташа сағаттың ақысының 40-50 пайызын құрады. Заңды түрде бүл еңбекақы мемлекеттің жұмысшыларының басым көпшілігіне (90 пайызына жуык) таралды. Мемлекетпен бекітілген минималды еңбекақы мен нақты орташа еңбекақының арасындағы айырмашылық минималды еңбекақы туралы заң бар барлық мемлекеттерде кездеседі. (АҚШ, Канада, Франция, Испания,Португалия және т.б.). Мемлекет кепілдік еңбекақы минимумын бекітпеген елдерде (ФРГ, Италия, Үлыбритания,Жапония) кәсіпкерлер мен кәсіподақ арасындағы коллективтікі келісімде бекітілген минималды еңбекақы деңгейі шешуші роль атқарады. Кейбір елдерде, мысалы, ФРГ мен Италияда коллективтік келісімде бекітілген минималды еңбекақыдеңгейін кәсіподақ мүшесі еместерге де таратады.