Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor ekonomteorya.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
172.25 Кб
Скачать

16.Ақша нарығы. Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс. Қазіргі ақшаның ерекшеліктері.

Ақша нарығы - кең мағынада - нарыққа бейтауар активтер: ақша жиыны, бағалы қағаздар, туынды құралдар, несие капиталдары, т. б. бойынша қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы; тар мағынада сайып келгенде қолма-қол ақша айналымы мен қолма-қол ақшасыз нысандағы айналысты, вексельдер мен чектер, банксертификаттары мен депозиттерінің, т. б. айналысын қамтитын ақша жиынының агрегаттарына біріктіру дәстүрге айналған қысқа мерзімді ақша және қаржы активтері бойынша экономикалық қатынастар; ұлттық несие және депозит нарықтарының жиынтығы, орталық банк, коммерциялық банкілер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру операцияларын жасайды

Шаруашылық етуші субъектілердің қаржылық қызметінде олардың ағымдық өтімділігін қамтамасыз ету үшін маңызды рөлді тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушылар арасында ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу нарығының қаржылық инструменттері атқарады. 

Кез-келген қаржылық инструменттің негізі ақша болып табылады.    Қазіргі ақшаның ерекшеліктері Ақша нарығында мерзімі бір жылға дейінгі несиелендіру және қысқа мерзімді қарыз беру іске асырылады. Ақша нарығы белгілі бір мезгілге нақты пайыздық сомаға ақша құралдарын ақша нарығының қатысушыларына қарыз алуға мүмкіндік береді. Нақты пайыздық ставка – ол келісім-шарттың жүргізілуінің бағасы.      Проценттік ставка – ақша нарығының инструменттерін байланыстырушы элемент болып табылады. Пайыз ставкасының мөлшеріне әсер ететін ең негізгі 3 фактор бар:      1) Ақшаға сұраныс және оны ұсыныс (ақша құралдарына сұраныс неғұрлым жоғары болған сайын, пайыздық ставка жоғары болады және керісінше).      2) Үкіметтің ықпалы (ақша- несие саясаты).     3) Инфляция (пайыздық ставкасы инфляция деңгейінен жоғары болу керек).      Эволюция үрдісінде олар әрдайым өзгеріп отырған және олардың қазіргі кездегі жағдайы аяқталушы және соңғы болып табылмайды. Белгілі бір стадия құнын эквиваленттік формасы пайда болды: бір тауар барлық қалғаны айырбасталатын тауарлар жиынтығынан бөлініп шығады. Эквивалент – тауарларға қойылатын талаптар: - бөліну; - портативтілік;  - біртектілік.

Ақша келесі функцияларды орындайды: - құн өлшемі - айналым құралы - жинақ құралы - төлем құралы - әлемдік ақша

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың қоғамда кездесетін бiр көрiнiсі – ИНФЛЯЦИЯ

Инфляция - екi жақты құбылыс, баға өседі, ал ақша құнсызданады.Инфляция деңгейі баға индексінің көмегімен өлшенеді.

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатысының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т. б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі.

Макроэкономикалық  тепе-теңдік  ақша  рыногында  белгілі  бір  пропорциялардың  болуын  қалайды.  Олардың  ішіндегі  ең  бастысы  ақшаға  деген  сұраныс  пен  ұсыныстың  тепе-теңдігі.

      Ақшаға  сұраныс  шаруашылық  агенттерінің  сақтап  жүрген  ақша  қаржыларының  мөлшерімен  анықталады.  Шын  мәнінде  ол  ақша  қорына  немесе  қалған  номиналды  ақшаға  деген  сұраныс

Баға  - деңгейінде  тағайындалғанда ақшаға  сұраныс пен оны ұсынудың  қисық сызығы  қиылысқан нүктесінде  ақша  рыногының неоклассикалық  үлгісі  теңдік  жағдайда  болады.  Егер  баға  жалпы деңгейлік   көлеміне  дейін төмендесе,  онда  тең   артық ақша  ұсынысы шығады.

      Мұндай  жағдайда  ақша  құнсызданып,  бағалар  өсіп    деңгейіне жақындайды.  Сөйтіп,  рынокта автоматты теңдік  орнату  тенденциясы көрінеді. 

Ақшаны  ұсыну  егер  ол  экзогенді  автономиялық  ақшаға  сұраныс  пен  ставка  пайызының  көлеміне  тәуелсіз  түрде  болса,

. Сұраныс – сатып алуда төлеуге меншігінің болуы, яғни тауар сатып алу үшін ақшасының болуы жағдайындағы тауар тұтынушысының, сатып алушысының тауарды сатып алу пиғылы.

Ұсыныс (ұсыным) – рыноктағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын тиісті баға бойынша өндіріліп, сатуға ұсынылуы мүмкін тауарлардың жиынтығы.

Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]