
- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның пән ретіндегі ерекшеліктері және басқа ғылым салаларымен байланысы. Экономикалық теорияның қазіргі Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі мен қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері, қызметтері, оларды қолдану ерекшеліктері.
- •4.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •5.Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері.
- •6.Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі, түрлері және негізгі белгілері.
- •8.Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер және оның ерекшеліктері
- •9.Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
- •10. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. Меншіктің тарихи түрлері, мемлекеттік және жеке меншікке салыстырмалы талдау.
- •11.Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен даму мәселелері
- •13.Қоғамдық шаруашылық және оның нысандары. Тауар және ақша.
- •16.Ақша нарығы. Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс. Қазіргі ақшаның ерекшеліктері.
- •17.Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтың маңызды элементтері
- •21.Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •1.Сурет. Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
- •26.Кәсіпкерліктің негізгі белгілері және кәсіпкерлік қызметтің тартымдылығын анықтау ерекшеліктеріне талдау.
- •27.Кәсіпкерлікті өндіріс факторы ретінде қарауға Сіздің көзқарасыңыз және ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •28.Капитал құрылымын талдау ерекшеліктері. Айналмалы капитал айналымын тездету жолдары.
- •32.Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында пайданы неғұрлым көбейту жолдары.
- •33,34.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. 34.Өндіріс факторлары және олардың жасайтын табыс түрлері. Факторлық табыстардың тиімділігін анықтау.
- •35.Қазақстандағы өндіріс нарықтарының қалыптасуы мен дамуы. Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы және кәсіподақтың міндеттері.
- •36.Дамыған елдердегі еңбекақы төлеудің ерекшеліктері.
- •37.Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •38.Ұлттық экономиканың негізгі секторлары және ұлттық байлық. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі.
- •39.Экономикадағы макроэкономикалық және микроэкономикалық деңгейдегі мәселелердің өзара байланысы.
- •42. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік және ресурстардың толық қамтылуы.
- •46. Жұмыссыздық және өзін-өзін жұмыспен қамтитындар
- •48. Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері және еңбек биржасының қызметі
- •49. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
- •50. Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды талдау.
- •51. Экономикалық циклдың ауытқу себептері және дағдарыстың ерекшеліктер
- •52. Мемлекеттің экономикалық дамуы және дағдарыстан шығу жолдары
- •53. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты және құралдары.
- •54. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі. Қазіргі экономикалық теориядағы әртүрлі көзқарастар.
- •55. Ақша-несие саясаты және негізгі әдістері.
- •56. Мемлекеттік бюджет, табыстардың қайта бөлінуі
- •57. Әлемдік экономика және оның даму мәселелері.
- •60. Дүниежүзілік сауданың мәні және құрылымы. Қазақстанның дсұ-на кіру мәселелері.
1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн
- ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады;
- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;
- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады. Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым – экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн.
Экономикалық теория басқа ғылымдар сияқты танымның әр түрлі формаларын қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.
Жалпы ғылыми әдістер – бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектикалық материалистік қағидалар. Олар бір-біріне тәуелді, қайшылықты түрде дамытып, ұдайы қозғалыста болады.
Бұл процестерді зерттеу барысында тарихи және логикалық тәсілдер қолданылады.
Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті талдауға жағдай жасайды.
Логикалық (теориялық) тәсіл тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен асбтракциялауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерін жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды.
Ғылыми-техникалық жекелеген әдістерге: байқау, синтездеу мен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құру, оларды тексеру, тәжірибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру, олардың математикалық формализациясы және т.б. жатады
Талдау – біртұтас бүтіннің бөлшектерін жекелеп қарау.
Синтез – қаралатын біртұтас бүтін құбылыстың жеке бөлшектерден құралуы.
Индукция – фактілерден бастап жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.
Дедукция – жалпыдан нақтылы экономикалық фактіге жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.
Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы- ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде « абстракция» көбінесе нақты болымыстан тыс және тек ойда, елес ретінде түсіндіріледі.Ал нақты нәрсе- бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары, т. б. Белгілейді
Анализ және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс мөлшерін анықтайтын бұл – анализ, ал ай сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын анықтайтын бұл – синтез Экономиканың микро- және макроэкономикаға бөлінуі анализ және синтез әдісінің бөлінуімен байланысты, яғни шаруашылық жүйесіндегі екі әр түрлі деңгейді қарастырады