Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәдениет ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.39 Кб
Скачать

9.Құқықтық психология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде

Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.

Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн.

Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.

10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде

Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады.

Идеология аясынан жөне идеология арқылы бәрінен бұрын әлеуметтік топтар мен таптардың, халықтар мен мемлекеттердің және әлемдік бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады.

Гегельдің құқық философиясы, мемлекет және құқықтың табиғи-құқықтық, позитивистік маркстік доктринасы (ғылымы), осы заманғы көптеген құқықтық сана концепциялары (көзқарастары, тұжырымдамалары) құқық арқылы болмысты түсіну тәсілі ретінде құқықтық идеологияның қызмет атқарғандығына мысал бола алады.

Сонымен, ұлттық-құқықтық идеология - қоғамның ең маңызды мәдени-құқықтық құндылықтарын сипаттайды, бұлар болса әлемнің өркениетті халықтарының құрамына (семьясына) кіру үшін берілген өзінше бір "рұқсат құжат".

Қоғамда бүл екі жақты байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы, дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып, олардың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп, мәдениетін дамытады.

Мәдениеттің мазмүны туралы ғылымда бірнеше пікірлер бар, оларды үш топқа бөлуге болады: антропологиялық, социологиялық, философиялық көзқарастар - жіктеулер:

антропологиялық жіктеу мәдениет адамдардың іс-әрекеті мен қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасқан материалдық және рухани жетістіктер. Бүл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын жақсы түсіну үшін қоғамның барлық саласының жетістіктерін біріктіріп зерттеуді жақтайды.

социологиялық жіктеу мәдениет қоғамының даму процесінде қалыптасқан рухани жетістіктер. Бүл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамның әлеуметтік және идеялогиялық жетістіктерін біріктіріп зерттеуді қостайды.

философиялық жіктеу мәдениет қоғамдағы барлық материалдық және рухани құбылыстардың жиынтығы -деп түсіндіреді. Бүл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамдағы барлық құбылыстардың объективтік және субъективтік заңдылықтарын зерттеп, ғылыми түрғыдан қорытынды түжырымдар жасауды дүрыс дейді.

Антагонистік қоғамдағы материалдық және рухани мәдениет үстемдік етуші таптың мүддесіне бағындырылған. Әрбір ұлттық мәдениетте демократиялық элементтер болады. Өйткені әрбір ұлтта еңбекші және қанаушы бұқара бар, олардың өмір сүруі жағдайлары демократиялық идеологияны туғызбай қоймайды.