
- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •7.Адам құқығының шектелуі. Адам құқығын шектеудің қағидалары
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •9.Құқықтық психология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершілік иманға және тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге толы ұлттық құқықтық мәдениеті бар. Бұл мәдениеттің бастаулары пәк те мөлдір, иірімі -- терең де түңғиық, тұла бойы тұнған дүниеауилық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бір «өтпелі кезең» атты бимәлім өзара дәуірде тұрған бүгінгі ұрпақтың басты міндеті -- елеусіз қалған осы асыл қазынасына көңіл аударып, оны өгейсітпей бауыр тарту , сөйтіп заман көшінен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзінің бүгінгі өмірінің айнымас тіректерінің біріне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттік және құқықтық өміріміздің бүгінгісі мен болашағының мызғымас қажеттіліктерінің бірі екендігін мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысы мен мәдениетін толық игермей, оны өзіміздің төл мемлекетіміз бен құқықтық жүйеміздің алтын арқауы етпей Республикамыздың құқықтық мемлекет құрамыз деудің өзі-«көзжүмбайлыққа» салыну, тарих тағлымына немқүрайлықпен қарау, қазір жүргізіліп және болашаққа көзделіп отырған реформаларға пәрменділік пен қуат берер асыл арналарды тануда кешірілмес селқостық таныту.
Ұлттық құқықтық мәдениетіміздің ғылыми түрде түлғаға сомдап, шынайы табиғатын ашу әлі де болса келешектің ісі. Бұған дейін біз бүл мәселеге тек танымдық қана мәні бар деген көзқарас төңірегінен қарадық, сөйтіп оның тарихи контексіне ден қойдық. Құқықтық мәдениетіміздің бүгінгісі мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық. Ал, қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Республикамыз егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз өмір ақиқатына айнала бастасымен ұлтымыздың құқықтық мәдениеті танып білу және игеру, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне қойылып отыр. Өзіне ғана тән құқықтық сезімі, құқықтық үғымы мен танымы халқымыздың жадында. Енді өзінің осы бір ерекшелігін ұлттық құқықтық мәдениетін ескеруді және соған назар аударуды талап етуде.
Бүгінгі күні халқымыздың құқықтық мәдениетін тек танымдық, тарихи ғана мәнімен шектеудің ағаттығын, оның бүгінге зер салып, болашағына зор үміт артудың артық емес екендігін ескертендей. Олай болатын болса бүл саладағы біздің ғылыми ізденістерімізге де жаңа серпін, тың леп беру керек.
Қазақ халқының құқықтық тарихын мәдени тұрғыдан зерттеу оны ғылыми сарапқа салудың жаңа өреге көтерілуі, қүлашын тыңға сермеуі, кең тынысты иемденуі деп бағалаған абзал. Шын мәнінде, ізденіс зерттеу жұмыстарын осы бағытта жаңа деңгейде жүргізгенде ғана біз осыған дейін жинақталған ғылыми ой тәжірибиесін және нәтижесін лайықты ескеріп, оның кем тұстарынан арыла алмаймыз, сөйтіп қазақ халқының құқықтық өмірін тұтастай танып білуге жол ашамыз, оның мәдени мән-мазмұнына барлау жасап, сол арқылы қазақ халқының ғана емес жалпы адамзат тарихындағы оның орнын және үлесін анықтауға мүмкіндік тудырамыз.
Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениет ұғымы әдет-ғұрып құқығы ұғымымен үндес, соның заңды жалғасы және жаңа даму деңгейі деп қаралғаны дүрыс. Оның негізінде сахара жұртының құқықтық өмірін оның ішкі мәніне және ерекшеліктеріне сай барынша терең, кең әрі жан -- жақты зерттеу талабы жатыр. Соған сай бұл құбылыстың тарих тезіне төтеп берер объекивті бейнесін жасау мақсаты басты нысана болып алға тартылады.
Әрине қазақ халқының өмірін мәдени түрғыдан қарастыру оңай шаруа емес. Бүл зерттеу объектімізді қайта қарап, оған жаңаша келуді талап етеді. «Необходимо решительно преодолеть укоренившиеся в науке и общественном мнении представления о праве, о его роли в жизни общества, т.е. изменить сам угол зрения на право, - дейді Алексеев С.С., құқықтық өмір саласын мәдени құбылыс ретінде зерттеудің қажеттігін ескерте отырып. Оның ойынша, құқыққа мәдени көзқарасты орнату бүкіл адамзат қоғамдастағы, әсіресе бұрынғы кеңестік республикалардың болашағы, оның ішінде Ресей қоғамы үшін зәру талап. Ғалымның бүл пікірі қазақ халқының қүқықтық өмірінің өткен тарихына ғана емес бүгінгі өміріне де қатысты екендігі айтпаса да түсінікті болса керек.
Қазақ халқының құқықтық өмірінің мәдени астарын ашу оны өзіндік іші құрылымы, арнайы функциясы, тек өзіне ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар тарихи құбылыс, қоғамның дербес өмір саласы есебінде қарастыруды талап етеді. Яғни, оның жеке-дара өзіндік болмыс бітімі қүрылымдық (структуралық) түрғыдан салмақтап саралануы керек, мәдени қүбылыс есебіндегі оның «көлемі» қандай, ол неден түрады, қүрамдас бөліктері қандай деген сұрақтарға алдын - ала жауап берілуге тиіс.
Қазақ қоғамындағы құқықтық өмір арнасы түптеп келгенде ауызша сөйлеу мәдениетіне негізделген еді. Сөз өнері құқықтық жүйенің негізгі рухани тіректерінің бірі, мәйегі әрі құралы болды. Құқықтық болмыс сөз өнерінің шуағы мен қуаты аумағында болып, соның нүрынан суарылып, толып-толысып отырды.
Әрине, қазақ қоғамындағы қүқықтық мәдениет пен сөз өнері көшпелілердің рухани өмірінен бастау алатын, соның айшықты да бедерлі, сәнді де мәнді туындылары әрі жемістері еді. Халықтың рухының мәдени болмысының барынша терең және айқара ашыла алған түсы, мейлінше шарықтай өсе алған саласы сөз өнері, ауызша сөйлеу мәдениеті десек, оның құқықтық салаға бүл бағытта тигізген әсері де пәрменді болғандығы өзінен-өзі түсінікті. Әрине, сөз өнері мен құқықтық мәдениет арасындағы байланыс біржақты емес болатын. Өз кезегінде және дәрежесінде көшпелілердің бітім-болмысы қоғамдағы өз өнерінің сипатына ықпалды әсерін тигізіп отырды. Яғни, қоғамдық өмірдің бүл екі саласы арасындағы қарым-қатынас екі жақты нәтижелі, ұтымды және рухани бедерге толы болатын.
Шешендік өнер мен билер соты арасындағы байланысты талдау барысында, әдебиетші-ғалымдар билердің жеке бастарының қасиетіне, олардың сөз мәдениетін игеру және қолдану ерекшеліктеріне тоқталды, артта қалған мүраларын жариялады.
Құқықтық әдебиетте сөз өнері мен құқықтық мәдениеттің ара салмағы билер шешімдерінің прецеденттік маңызы түрғысынан қарастырылуда. Сондай-ақ билердің шешендік түлғасына назар аударылып, олардың құқықтық өмірдегі қызметін талдау бағытында алғашқы қадамдар жасалуда.