Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәдениет ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.39 Кб
Скачать

5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.

Құқықтық мәдениет жалпы мәдениеттен бастау ала отырып, халықтың менталитеті және оның даму деңгейінен көрініс табады.

Қазақстандағы құқықтық мәдениет рухани жэне материалдық құндылықтардың жиынтығы болып табылады, сонымен қатар, ел құқықтық қызмет болып саналады. Осыған қоса құқықтық мәдениеттің құрамына құқықтық құбылыстарға қатысты прогресивті, әлеуметтік қажеттіліктер мен құндылықтар кіреді. Ол тек қорытынды емес, қызметінің әдісі де, және бүл мағынада рухани құқықтық мәдениет ойлау бейнесі, жүріс-түрыс нормалары мен стандарттары.

Культурологиялық аспектіде құқықтық сана қоғам мәдениетінің элементі, оның құқықтық мәдениеті ретінде қарастырылады. Құқықтық мәдениет құрамына құқық саласына адаммен құрылған құндылықтар енген. Ол мирасқорлық принципы негізінде дамыды және өркендеді. Қазіргі кездегі құқықтық мәдениеттің үлкен кұндылықтары ежелгі Римдегі оның әйгілі заңгерлермен қалыптастырылған.

Адам қоғамының тарихи даму процесінен қалыптасқан ең зор мәдени байлық-қүқық пен қүқықтық заңдар. Адам қоғамын дағдарысқа ұшыратпай миллион жылдар реттеп-басқарып келе жатқан мемлекет пен қүқық. Мәдениеттің, қүқықтың даму процесінде заңдылықпен қүқықтық тәртіп қалыптасып, қоғамның прогрестік жолмен дамуына мүмкіншілік жасады.

Қоғамның мәдениет саласындағы қатынастардың басым көпшілігі заң арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Заң мәдениетінің негізгі мүдде мақсатын анықтап, оның орындалу бағыттарын көрсетіп реттеп отырады. Заң мәдениетінің жаңа бағытын, жаңа мақсатын болжап, алдын-ала заңға тәуелді нормативтік актілердің қабылдануын қамтамасыз етеді. Заң құқықтық мәдениетті басқаратын, дамытатын аппараттарды құрып, нығайтып отырады.

Заңның дұрыс жүмыс жасауын қамтамасыз ететін заңға тәуелді нормативтік актілер. Сондықтан, құқықтық мәдениетті дамыту үшін мемлекет барлық басқарушы аппараттың (үкімет, министрлік -ведомостволық, жергілікті органдардың) жұмысын жақсартып, олардың нормалары мен құжаттары дұрыс, сапалы, уақытында қабылданып қоғамдағы мәдениет процесін реттеуді, басқаруды тиісті дәрежеде ұстауды қамтамасыз етеді.

Құқықтық мәдениеттің жақсы дамуының негізгі шарттары халықтық рухани сана-сезімін дамыту; мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту; заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату; мәдениеттің жетістіктерін қорғау; құқықтық мемлекет қалыптастыру.

Бүл шарттарды орындау үшін біріншіден - - қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму процесін күшейту; екіншіден мәдениеттік аппараттағы қызметкерлердің сапасын жақсартып, білімін, тәжірибиесін көтеру; үшіншіден - демократияны дамыту керек.

Өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін корғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін теріске шығармайды. Бірақ маркстік ілім құққықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осыңдай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.