Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәдениет ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.01.2020
Размер:
177.39 Кб
Скачать

58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті

Құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі түрі профессионал заңгерлер. Бүл топқа жататындар: мемлекеттің заңды қорғайтын органдарында қызмет атқаратын азаматтар мен заңгерлердің кәсіпқойлық ғылыми үйымдарында жүмыс істейтін мамандар. Олардың көпшілігінің қүқықтық сана-сезімі, білімі, тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болады. Сондықтан, олар нормативтік актілерді қабылдауға, қорғауға, орындауға өте зор үлес қосады, қателікке, кемшілікке жол берілмейді. Бүл бағыттта әсіресе маман заңгерлердің рөлі өте жоғары дәрежеде болады. Олар құқық теориясын ғылыми түрғыдан жан-жақты зерттеп, дамытып отырады, нормативтік актілердің сапалы болып шығуына, орындалуына көп үлес қосады.

Мемлекеттік профессионал заңгерлердің қүқықтық білімін, сана-сезімін, мамандық тәжірибиесін үздіксіз жетілдіріп отыруға көңіл бөліп көптеген істер атқарады, шаралар қолданады. Сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытуға, нығайтуға мүмкіншілік жасап отырады. Профессионал заңгерлердің басым көпшілігі адал, жақсы қызмет атқарады, демократияны, әділдікті, теңдікті, бостандықты дамытуға зор үлес қосады.

Сонымен бірге көп мемлекеттердің өмір тәжірибиесі көрсеткендей заңгерлердің ішінен азшылық болса да заңдылықты, кұқықтық тәртіпті бұзатындар кездесіп жатады. Оның себебі сана-сезім, мәдениеттің, білімнің деңгейі төмен, нашар болуынан. Ондай адамдар әшкереленіп, қүқық қорғау органдарынан құдаланады.

Қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдіруге заңгерлердің ғылыми және кәсіпқойлық қоғамдастарының ұйымдарының маңызы өте зор. Олар нормативтік актілердің сапасын көтеруге, нормалардың қажеттіліктерін түзеуге, кемшіліктерін жетілдіруге, қүқық теориясын дамытуға көп үлес қосады.

Қоғам өміріндегі құқықтық мәдениетті дамытудың жолдары. Екі басты критерилер қалыптасқан - заңдылықтың даму деңгейі және мемлекеттегі заңдылықтың жағдайы. Осы көрсеткіштер құқықтық мәдениеттің екі өлшемін сипаттайды:

нормативті-міндетті

практикалық

Олардың сәйкесіне және өзара келісіміне байланысты құқықтық өмірдің деңгейін анықталады.

Қоғамның жоғарғы заңды мәдениеттің белгілеріне мыналар жатады:

Заңдылықтың әлеуметтік орнықталығы нормативтік актілердің мазмұнының қоғам дамуының қажеттіліктеріне сәйкестігін білдіреді, сонымен құқықтық ғылымның жетістіктерін заңдарда көрініс табуы.

Заңдылықтың заң-техникалық жетілгендігі бұл заңдарды орындаудағы заң механизмдерінің қызметінің жетілгендігін, заң тілінің нақтылығы мен анықтылығын, нормативтік құкықтық актілерде, саттық және әкімшілік шешімдерде қолданылатын терминдердің, анықтамалардың бір мағыналығын, заң әріптері мен мағынасының сәйкестігін, оларды өздігінен талдауға мүмкіндігінің жоқтығын, заңдылықта маңызды мәселелерге байланысты олқылықтардың болмауын көрсетеді.

Заңдылықтың эффектілігі - оның белгіленуінің әлеуметтік жетістіктерге сәйкестігі. Заңдылықтың құқықтық мәртебесі оның қызметімен анықталады. Адамның санасында, оның жүріс-тұрысында қандай да болмасын «жақсы», «прогрессивті» қолдау таппаса, әлеуметтік құндылық ретінде қаралмайды және танылмайды.

Құқықтық мәдениеттің негізгі белгісі, оның құрылысының міндетті шарты болып қоғамның, қүқық қорғау органдарының кәсіби мәдениеті, лауазымды түлғалардың құқықтық мәдениеті болып табылады.

Құқықтық мәдениет құқықтық әлеуметтік құндылығын белгілеп, дамытатын құқықтық сананын, заңдылықтың, заң шығармашылық қызметінің, заң практикасының құқықтық жағдайы болып табылады.

59.Құқықтық мәдениеттің құқық шығармашылығындағы маңызы. Құқық шығармашылығы дегеніміз- нақты адамдардың құқық шығармашылығымен айналысуы болып табылады. Құқық – адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш жолын айтуға болады. 1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда, құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялық тұрғыдан карау, яғни, құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3) философиялық тұрғыдан қарау, яғни құқықты бос-тандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.

Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.

Құқыққа, ерекше әлеумттік құбылыс ретінде қарасақ оған жалпы және айрыұша белгілер тән екендігін байқаймыз.

60. Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті. Қоғамдық – саяси және заң баспасөздерінің беттерінде қазіргі күні ең өзекті және ауқымды мәселелердің бірі ретінде қоғамдық және жеке өмірдегі мораль мен құқықтың бірлігі, айырмашылықтары тақырыптары танылады. Және бұл кездей емес: құқық және мораль - мінезі нақты-тарихи жағдайлармен және қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымымен анықталатын әркезде біртұтас әрекет ететін адами мәдениеттің басты элементтері болып табылады. Мораль – адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, нақты кластардың немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін нақты тарихи айқындалған көзқарастардың, нормалардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі. Құқық – әрекеттер мен қозғалыстардың жауапкершілігі мен еркінің өлшемі болып табылатын, қоғамдағы әртүрлі топтардың жалпы бірыңғай еркін білдіретін жалпы міндетті мемлекеттік қағидалар мен мақсаттардың бірлігі. Сонымен, құқық – саяси-заңды құбылыс қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-ізгілік құбылыс болып табылады. Азаматтық қоғамның құқықтық өмірі адамгершілік, ақиқат, ұят пен ар-ождан, жақсылық, адамгершілік қасиеттір, еркіндік пен жауапкершілікті мораль категорияларынсыз дами алмайды. Құқық пен моральдың қатынастары – көріністердің әр түрлілігімен: біріншіден, бірлілігі мен тұтастығы; екіншіден, айырмашылық; үшіншіден, тұтастай әрекеттерімен мінезделетін үрдіс. Құқық пен мораль нормаларының бірлілігі мен тұтастығы мыналармен сипатталады: Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде мораль мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие, өйткені екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады: қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттеудің қажетті құралы болып табылады, нормативтік мінез танытады, және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды; ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды. Бұған қарамастан, құқық нормалары, ерекшелік ретінде, жазбаша түрде болады, яғни мемлекетпен ресми бекітіледі, ал мораль нормалары көбінесе қоғам санасында өмір сүреді, - мораль да, құқық та әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның еркін, іс жүзінде қоғамдық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын әрекеттер ережесінің жинақталған жүйесін, сонымен қатар айқындалған өлшемде жалпы қоғамдық санадағы ақиқатық пен міндеттілік туралы кейбір көзқарастарды көрсетеді. Бұл нормалар жалпылық мінез танытады, қоғамның барлық мүшелерін қамтиды. Бұдан басқа, моральдық және құқықтық талаптар бағалау-басымдық мінездеріменен біріктірілген. Құқық та, мораль да қоғамның әлеуметтік-тарихи қажеттілігін сипаттайтын қоғамдық сананың әрекеттер ережесінде қатаң айқындалған, қатаң түде тіркелген нормалардың жиынтығын құрайды.