Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәдениет ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.39 Кб
Скачать

37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.

Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады. Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.

38.Дәстүрлі қазақ қоғамының құқықтық мәдениеті: жалпы сипаттамасы. «Жеті жарғының» түп өзегі Еуразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге, «Жеті жарғы» XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға ыңғайланған әдет-ғұрып ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде әлісіреп, замана әсеріне, әсіресе, сыртқы ортаның ықпалына тікелей ыңғайланып отырады. Саяси билік белгілі дережеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпелілердің ірі қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал, қауым ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда әлсіреп отырады. «Жеті жарғының» мазмұнынан да біз қазақ саяси-құқықтық өміріне өте ықпал ететін ұлыстық және рулық құндылықтардың күресін көреміз, белгілі дәрежеде қазақ тарихының әр кезеңінде құқықтық жолдардың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» т.б.) біресе күшейіп, біресе әлсіреп кетуіне де әсер еткен алдымен осы саяси факторлар.Зерттеушілердің көпшілігі «Жеті жарғыны» тек құқықтық мәселелермен ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дәрежеде тарихи институттарға ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. «Жеті жарғыға» байла­нысты әдет-ғұрып ережелері жинақ­талып, хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекетінің дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш механизмдері, заңдары қолданыстан шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар ХVІІІ ғасырдың басында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп, қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас бұзылды. Онда жер дауыотбасы және неке заңықылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған.

39.Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелер, даму перспективалары. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты  алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе  оның  құрамды  бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Адам  құқықтары туралы  ақпаратпен  жүйелі қамтамасыз  етудің  қажеттілігі  маңызды екенін ескерсек, онда   бұл салада  адам құқығы мәдениетін  қалыптастыруда  маңызды  құралдың   бірі  – білім  беру  ұжымдары  десек  қателеспейміз. «Адам құқығы туралы айтқан кезде  бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз»,- дейді М.Новицкий». Заңгер ғалымдарымыз: «Адам құқығы–адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) өлшемі (шамасы)» – деп анықтама берген  [3]. Адамның құқықтары мен бостандықтары  табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, табиғи ретінде танылады   және   ең  жоғары әлеуметтік құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен  бостандықтарын  сақтау  және  қорғау  мемлекет   функцияларының   бірі.Тұлға мен мемлекеттің  қарым – қатынасы  құқықтық   мемлекет   пен азаматтық қоғам  концепциясына сәйкес дамуда.  Мемлекет пен  адам құқығының  арасындағы  өзара  байланыстылығы және өзара  негізділігі құқықтық  мемлекеттің  басты мақсаты адам  және  азаматтың құқықтарын қамтамасыз  ету болып  табылатындығынан  көруге болады. Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып,  өмір сүреді. Қоғамдағы  тәртіп  түрлі әлеуметтік  нормалардың, адамдардың мінез – құлқын  реттейтін   қағидалардың  әсерімен, яғни күшімен орнатылады.  Құқықтық  нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны,  ал  құқытық   нормалар  негізінен  заңнан  нәр алып белгілі  құқықтар мен  міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну- жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды  білуді және соған сәйкес мінез-құлық  пен  іс-әрекеттерді  үйлестіруді  талап  етеді. Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың,  құқық  бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда  барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері,  ұстаздар  мен  ата-аналар,  азаматтар  да түсінуде. Құқық  бұзушылық  жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», – деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни  келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға  бейім  азаматтар да кездеседі  және  бұл – құқық бұзушылықтың  орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық  бұзушылық – қоғам өміріне  тән  қауіпті  дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты  ықылым заманнан осы  күнге дейін  әр түрлі пікірлер айтылып келеді.  Солардың ішінде  құқықтық   нормаларды   бұзуына   ең  алдымен  әлеуметтік және  биологиялық  жағдайлар  әсер  ететінін  байқауға  болады. Жастар арасында  құқық   бұзушылықтың   алдын  алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге  өз  үлесін қосатын,  атсалысатын субъектілердің  бірі – оқу орындары болып табылады. Оқу орнында  жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін  дамыту  және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне   үлкен  жауапкершілік  пен  міндет  жүктейді. Құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша  болдырмау және  алдын алу,   оның  зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде  – өскелең  ұрпаққа  құқықтық тәрбие беру,  оның  мақсат – міндеттерін   дұрыс түсіндірудің  маңызы  ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан – жақты  тәрбиелеудің маңызды  бір саласы. «Құқықтық тәрбие  мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды  құқықтық  заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», – деп анықталған.Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі  де  көптеген экономикалық – материалдық, құқықтық – нормативтік базаны нығайтуды,  құқықтық тәрбиені  шығармашылықпен  ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті  қажет етеді. Сондықтан  мұғалім жаңа   заңдылықтармен  танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа  алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын,  тәрбиенің әдістерін,  түрлі  формаларын  біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық  сауаттылыққа  тәрбиелеу – олардың  қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына,  қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына  жәрдемдеседі.Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие  беру  біздің баршамызға  міндет  екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені   ұстаздар қауымы    ата – аналармен, құқық   қорғау органдары қызметкерлерімен,  салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық   ұйымдармен,  қоғамдық  бірлестіктермен  бірлесіп,  тәрбиенің өзге  түрлерімен  байланыстырып  жүйелі  жүргізер болса,  нәтижелі  болмақ.

40.Жастардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелер, даму перспективалары. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2030″ стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы – құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі – оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр. Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды. Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершілігі, дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады. Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады: 1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының білуі. 2.  Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері. Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды. Құқықтық мемлекет демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. - заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру; - заңның орындалуын бекіту; -қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады. Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз. Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады. Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі. Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес. Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді. Құқықтық   мемлекеттің  негізгі  белгісі  – халықтың  құқықтық  мәдениетінің  болуы.  Құқықтық  мәдениет қоғам   мәдениетінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Ол  екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет.  Адамның   жалпы мәдениеті мен    құқықтық  мәдениет, құқықтық мәдениет пен   құқықтық   сана  өзара тығыз байланысты.  Құқықтық   мәдениет   құқықтық  санамен салыстырғанда  әлдеқайда  кең ұғым. Азаматтардың құқықтық мәдениеті олардың  қолданыстағы   заңдар  жөніндегі   білімінен  байқалады.  Барлық   заңдарды  білу қажеттілігі  мүмкін емес болса  да, негізгі  қоғамдық    қатынастарды   реттейтін  заң талаптарын  әрине   әрбір  азамат  білгені  жөн.  Азаматтар өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны  өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне  қайшы  келтірмей   түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі құптарлық іс. Заңгер ғалымдар Ғ.Сапарғалиев және А.Ибраева  өз еңбектерінде:  «Тұлғаның құқықтық мәдениеті –   құқықты  білу, ұғыну  (түсіну)  және құрметтеуден    тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді)» – деп  атап  көрсеткен [7]. «Жеке  тұлғаның  құқықтық  мәдениеті жөнінде, әсіресе мыналарды  баса көрсетуге болады: біріншіден, кез  келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше,  іс жүзінде,  өз  өмір  тәжірибесінде пайдалана  алуы  тиіс»   [8]. Құқықтық  мәдениетті қалыптастырып  дамыту  еліміздің  болашағын айқындаушы  көрсеткіштердің   бірі десек, өскелең   ұрпаққа сапалы құқықтық білім  мен  саналы тәрбие  беру ұстаздар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді,   нормативтік – құықықтық  құжаттармен  үздіксіз танысып, жұмыс барысында  оларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен  тығыз ынтымақтастық   қарым – қатынас орнатуды  және  қажырлы еңбекті  қажет етеді.    Келелі жұмысты атқаруда бала құқығын қорғау,  балаға қарым – қатынас мәдениетін көтеру, оның талабын ескеру  де нәтиже  береді  деп  ойлаймыз. Құқықтық саясаттың құрамдас бөлігі, елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің, оның зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды шарты болып табылатын ғылыми және білім беру қызметін құқықтық реттеу болмақ. Ғылым-білім беру қызметінің құрамдас бөлігі, өз кезегінде, құқықтық білім беру, құқықтық насихат, яғни құқықтық мәдениет мәселелері болып табылады. Осыған орай, азаматтардың құқықтық санасын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында заңгерлік сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Халық арасында интернет-ресурстарды қоса отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен көлемін кеңейту, заңнаманы және құқық қолданудың өзекті проблемалары бойынша, атап айтқанда, азаматтардың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын құқық салаларында ғылыми зерттеулерді жандандыру қажет. Құқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаларын іске асыру Республика Конституциясының негізгі идеялары мен принциптерін Қазақстанда құқықтық мемлекет құрылымының жаңа кезеңінің аясында өмірімізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық заңнаманы Тұжырымдамада белгіленген мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес кешенді дамыту және тиімді пайдалану заңдылық режимін одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға ықпал ететін болады.

41.Қазақтардың құқықтық мәдениетін зерттеудің жаңа жолдары. Он томдық «Қазақтың ата-заңдарының көне әлемі» еңбегі және оның Қазақстанның заң ғылымы үшін маңызы. Ата Заңы, Ата Жолы, Ата Сөзі, Ата Кесімі, Ата Өсиеті. Осы ұғымдардың қай-қайсысын тарқатсаңыз да бір-бір қаттамалы құжатқа пара-пар ізгілік иірімдеріне кезігетініңіз шүбәсіз. Қазақ малдан безсе де, жаннан безсе де, ардан безбеген. Ата Заңын таптаған емес. Ата жолын аттаған емес. Ата сөзін тастаған емес. Ата кесімін өзгерткен емес. Ата өсиетін бұра тартып, орындаусыз қалдырған емес. Себебі, Атаны құрметтеу – тұтас халықтың сан ғасырлық сүзгіден өткен рухани тұғырнамасын, түп қазығын, ұйытқысын құрметтеу, соған ізет көрсету. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», мұның бәрі – Дала заңдарының алтын зерделі жаһұттары. Темір қазығы. Сол темір қазық – бізді өкпекті ғасырлардың қойнауларынан осы күнге жеткізген. Сол темір қазық – айсыз түндерде иенде қалған жанның адаспағанындай, түнек заманалардан аман алып өткен. Егер сол атаның қорытқан заңдарын баланың бұлжытпай орындауы болмаған да, баланың озық ойын даналық деп қабылдар қариялар болмағанда, дала демократиясы да болмас еді. Дала демократиясы! Осы сөзді айтқанда әлдебір сырттағылардың миықтарынан мысқылдай күлетіні де кездеседі. Шындығында, би-шешендердің кесім айтуы, кесім айтқанда кесіп айтуы, екі жақтың да куәгері мен ақтаушысын, ойы мен ісін талдай отырып шешім шығаруы – біздің даланың демократиялық үдерістерге ертеден орын бергендігінің көрінісі. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ!» деген кесімді сөзді біздің халықтың ақиқи әділетке шынайы жақындығының белгісі демей көріңіз! Бұл өлшем – қай халықтың пәруәрдігер ғұламасына айтсаңыз да, шексіз иландыра алатын өлшем. Сол үшін де Дала заңдары – ізгілік пен мейірімділіктің, адамгершілік пен сүйіспеншіліктің жиынтығы. Сол үшін де Дала заңы – жұпар ауамен тыныстаған Кеңістікте ен жайлаған, рухани тұрғыдан бірегей кемелдікке ұмтылған халықтың, тағдыры арқылы тағлымын, тағлымы арқылы тағдырын белгілеген елдің саяси тұрақтылығын ғана емес, рухани тұтастығын, бірлігі мен ынтымағын нығайтқан пәлсафалық тұжырым. Дала заңы

42.Дәстүрлі қазақ қоғамында құқықтық мәдениеттің даму кезеңдері. Ұлт руханиятының тарихында елге билік айтып, қара қылды қақ жара білген, асқан көрегендігімен, дала философиясының негізін қалауымен қалған билер мен шешендер жетерлік. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы биден» бастап, кесімін Шыңғыс хан да тыңдаған, Ақтамберді жырау «Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда» деп емірене еске алған би Кетбұға, Аяз би Жаманұлы, Мөңке би, Едіге би, Бәйдібек би, Жиренше шешен, Шоған би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билердің дені қазақ тарихында аттары айрықша құрметпен аталатыны да сол билік жүйесінің әділдігінің негізгі жемісі. Тіпті қазақ билерінің есімі мен кесімін тізер болсаңыз атан белі қайысар томдықтарға жүк болары даусыз. Олардың әр сөзінің астарында мың қатпар тылсым құпиялар мен салмақ жататыны сол үшін.Дала заңы – қаншалықты әділетті, мейірімді болса, қаталдығы да соншалықты. Даласына түрме тұрғызбаған жұрттың заңы да қатал болмайынша, мамыражай күн жоқ екенін түсінгендіктен де, жер дауы мен жесір дауының алдын алуға ұмтылғандықтан да, уыздай ұйыған елдің береке-тынысын қашыратын келешектік кесапат бұзақылықтардан, ел іргесін ірітетін іріңді жаралардан сақтану үшін де, айдарлысын құл, бұрымдысын күң етпеуді көксегендіктен де, жетімін жетесіз өсірмеуді ойлағандықтан да, олар Дала заңын – Ар заңына айналдырған. Ал, Ар заңы – керек жерінде иненің жасуынан да майда, кей жерде найзаның жүзінен де өткір болмақ керек.Ертеде қазақ сахарасын аралаған өзге елдің саяхатшылары есігін бекітпей иен-тегін қалдырып, малына қарауыл қоймай – далаға тапсырып, шегарасына күзет қоймай – көршісіне сеніп, суыт келген жаттардан суық тартпай – құдайы қонақ деп сыйлап, алдына барын салатын, жұртты көріп: «Бұл бір иманы шалқыған, берекесі берекетіне айналған жұрт екен» деп тамсанған деседі. Иманды жұрттың заңы да имани принциптермен тәпсірленгенін дала оғландарының сан ғасырлық өмір тәжірибесінен білу оңай…«Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі», «кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады» – бұл кесімдердің арғы өзегінде ұлтымыздың тұтас болмысы, ғасырлық ой қорытындысы жатқандай… Дала заңының қасиеті де сонда…

43.Соттардың құқықтық мәдениеті. Сот әдебі сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот билігі мен заңды құрметтеуге, жалпы қабылданған адамгершілік нормаларын, өзін-өзі ұстау ережелеріне қажетті салтанаттылық атмосферасын қалыптастыруға әрекет етеді, соттың адалдығына, тәуелсіздігіне және бейтараптылығына қоғамның сенімін арттыруға жәрдемдеседі. Судьяның жеке басының коммуникативтік ерекшелігіндегі маңыздысы – адамдармен сөйлескенде жағымды болуға тырыспай, өзінің келбетімен аталған істің барлық мән-жайын жетік талқылауға деген мақсатын, қабілетін көрсетуі керек. Сот – құқық қорғау органдарының ішінде заңды халық үшін ашық және көрнекі етіп қолданатын жалғыз жүйе. Бұл жағдай судьяға ерекше міндетті – заңға құлықты мінез рухында азаматтарды тәрбиелеу үшін сотта жауапкершілікке тартылып отырған адамды ғана емес, сот қызметінің осы кемесінде қалған немесе осы қызмет туралы ақпараттандырылған барлық азаматтардың құқықтану деңгейін көтеру үшін ең жоғарғы шарттарды қамтамасыз етуді жүктейді.

44.Әскери қызметшілердің құқықтық мәдениеті. Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс. Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»). Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек. Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза». Әскери қызметшілер саптан тыс бір –біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады, ал бір – бірімен қоштасқан кезде «Қош болыңыз» деген сөздің орнына «Құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.

45.Қазақстан Республикасында құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) таралу себептері. Нақты адамның әлеуметтік өмірінде құқық, заңдардың маңыздылығын мемлекеттік және тұрмыстық деңгейде қалыптасқан түйсіксіз терістеу. Заң мен басқа құқықтық актілерді білмеу, менсінбеу немесе саналы түрде оларды бұзу түрінде көрінеді. Нигилизм– қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар мен мұраларды, діни, моральдық нормалар мен түсініктерді қайта қарауды, жоққа шығаруды білдіретін ұғым. “Нигилизм” ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс жазушысы және философы Ф.Г. Якоби (1743 – 1819). Философия мен мәдениеттануда Нигилизм көзқарасы неміс философы Ф.Ницше есімімен байланысты. Өз заманын құлды Нигилизмрау кезеңі деп есептеген Ницшенің Нигилизм қоғамдық санаға сіңіп, бұлжымас қағида ретінде қабылданған құндылықтар мен мұраттардың жойылуының салдары. Ол дүниеде, өмірде тиянақты, тұрақты ешнәрсе жоқ, адам мен қоғам өмірінде ақылдан гөрі инстинкт басым рөл атқарады деген ой айтып, гуманизм, рационализм сияқты оптимистік ұстындарды жалған әрі зиянды қасаң көзқарас деп сынады. Нигилизмнің пайдасы – ол адамдарды өмір, дүние, адам, құдай жөніндегі елестерден, теріс түсініктерден арылтуға жол ашады. Нигилизммен шектелуге болмайды, оны жеңу керек. Бұл үшін өмірге, дүниеге салқынқандылықпен, салауатты қарау керек, ешкімге де, ешнәрсеге де құрал, қолжаулық болмайтын ерен, ерікті тұлғалар дүниеге келуі Нигилизм көзқарасын одан ары дамытқан немістің идеалист философы О.Шпенглер болды. Ол тек еуропалық өркениет ғана емес, еуропалық қоғамның да нигилистік сипатта екенін көрсетуге тырысты. Оның пікірі бойынша әрбір өркениет, мәдениет күннің батып бара жатқанындай. XX ғасырда экзистенциалистік философия өкілдерінің туынды Нигилизм қайта бой көтерді. Мұның себебін Ж.П. Сартр (1905 – 1980), А.Камю (1913 – 1960), тағы басқа адам үшін күнделікті өмірдің мәнсіздігімен, адамның дүниедегі өз орнын таба алмай, өзін субъект, тұлға ретінде таныта алмай, жоғалтып алуымен түсіндіреді.

46.Құқықтық мәдениеттің даму нысаны ретіндегі құқықтық білім беру мәселелері. Құқықтың тағы бір тірегі - адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың шаруашылығы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу керек. Бұл тек мемлекеттің қолынан келетін іс. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылыққа әсер ету дәрежесі қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне байланысты. Қазір Қазақстанда меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Мемлекет өз меншігін тек қана реттеп қоймайды, сонымен қатар оны дамыту үшін басқарады. Ал жеке меншікке негізделген өндірісті иесі заңда белгіленген тәртіпке сүйене отырып, өзі басқарады. Демек, мемлекет екі меншікке негізделген өндірістің дамуын реттеу үшін құқықтың мүмкіндігін пайдаланады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.

Құқық – адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.

Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш жолын айтуға болады. 1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда, құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялық тұрғыдан карау, яғни, құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3) философиялық тұрғыдан қарау, яғни құқықты бос-тандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.

Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.

Құқыққа, ерекше әлеумттік құбылыс ретінде қарасақ оған жалпы және айрыұша белгілер тән екендігін байқаймыз.

1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдык өмірін тәртіптеп, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.

2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік - адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеттері әділ болып саналады. Марксизм-ленинизм негізін қалаушылары әділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады.

Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.

3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушіліктер болуы мүмкін. Зандарда адамдардың құқыктары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі де мүмкін.

4. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам зандарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

5. Құқық нормативтік актілер түрінде қалыптасады. Оларда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан кұқық – мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы халыктық құқық деп саналады.

6. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол - формалды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі колайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау - қылмыс.

7. Құқықтың жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Зандарда жазылған құқкықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, калыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.

8. Құқықтың тағы бір қасиеті - оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп қалмай, құбылып, езгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген зандар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ. Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардын жағдайы бірдей.

9. Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық, нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін колданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек.

47.Сайлаушының құқықтық мәдениеті. Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстандағы сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, сайлау комиссияларының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл шара Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы іске асырып отырған «Қазақстандағы халықтың электораттық мәдениетін дамыту» жобасының шеңберінде өткізілді. Дөңгелек үстел отырысында халықтың сайлау процесі саласындағы құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтық қоғам ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, халықаралық және басқа да ұйымдардың сайлаушылардың құқықтық мәдениеті мен сайлау ұйымдастырушылардың және басқа да сайлау процесіне қатысушылардың кәсіби даярлығын арттыру саласындағы ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды. Ортсайлауком мүшесі Татьяна Охлопкова мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы Тұрақты өкілінің орынбасары Недера Стелиана құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева, «Республикалық тәуелсіз байқаушылар желісі» қауымдастығының президенті Тасқын Рахымбек, «ҚР ОСК ИТО» РМК директорының орынбасары Қанат Арсақбаев және басқалар дөңгелек үстел тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығын атап көрсетті. Жанданған пікірталас барысында Қазақстандағы сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жөнінде әр түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқыту жөнінде ұсынымдар қабылданды.

48.Девианттық мінез-құлық заңды мінез-құлықтың бір түрі ретінде: түсінігі және белгілері. Девианттық мінез-құлық дегеніміз-адамның қоғамдағы өз жүріс-тұрысын дұрыс деп санауы бірақ бұл жүріс-тұрыс ережесінің дұрыс болмауы болып табылады. Философия мен мәдениеттануда Нигилизм көзқарасы неміс философы Ф.Ницше есімімен байланысты. Өз заманын құлды Нигилизмрау кезеңі деп есептеген Ницшенің Нигилизм қоғамдық санаға сіңіп, бұлжымас қағида ретінде қабылданған құндылықтар мен мұраттардың жойылуының салдары. Ол дүниеде, өмірде тиянақты, тұрақты ешнәрсе жоқ, адам мен қоғам өмірінде ақылдан гөрі инстинкт басым рөл атқарады деген ой айтып, гуманизм, рационализм сияқты оптимистік ұстындарды жалған әрі зиянды қасаң көзқарас деп сынады. Нигилизмнің пайдасы – ол адамдарды өмір, дүние, адам, құдай жөніндегі елестерден, теріс түсініктерден арылтуға жол ашады. Нигилизммен шектелуге болмайды, оны жеңу керек. Бұл үшін өмірге, дүниеге салқынқандылықпен, салауатты қарау керек, ешкімге де, ешнәрсеге де құрал, қолжаулық болмайтын ерен, ерікті тұлғалар дүниеге келуі Нигилизм көзқарасын одан ары дамытқан немістің идеалист философы О.Шпенглер болды. Ол тек еуропалық өркениет ғана емес, еуропалық қоғамның да нигилистік сипатта екенін көрсетуге тырысты. Оның пікірі бойынша әрбір өркениет, мәдениет күннің батып бара жатқанындай. XX ғасырда экзистенциалистік философия өкілдерінің туынды Нигилизм қайта бой көтерді. Мұның себебін Ж.П. Сартр (1905 – 1980), А.Камю (1913 – 1960), тағы басқа адам үшін күнделікті өмірдің мәнсіздігімен, адамның дүниедегі өз орнын таба алмай, өзін субъект, тұлға ретінде таныта алмай, жоғалтып алуымен түсіндіреді.

49.Маргиналды мінез-құлық заңды мінез-құлықтың бір түрі ретінде. Адамның қоғамдағы өз жүріс-тұрысын дұрыс деп санауы бірақ бұл жүріс-тұрыс ережесінің дұрыс болмауы болып табылады. Нақты адамның әлеуметтік өмірінде құқық, заңдардың маңыздылығын мемлекеттік және тұрмыстық деңгейде қалыптасқан түйсіксіз терістеу. Заң мен басқа құқықтық актілерді білмеу, менсінбеу немесе саналы түрде оларды бұзу түрінде көрінеді. Нигилизм– қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар мен мұраларды, діни, моральдық нормалар мен түсініктерді қайта қарауды, жоққа шығаруды білдіретін ұғым. “Нигилизм” ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс жазушысы және философы Ф.Г. Якоби (1743 – 1819). Философия мен мәдениеттануда Нигилизм көзқарасы неміс философы Ф.Ницше есімімен байланысты.

50.Конформистік мінез-құлық заңды мінез-құлықтың бір түрі ретінде. Заңды мінез-құлық — құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Заңды мінез-құлық арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Заңның талаптары орындалмаса, ол жансыз. Тұлғаның заңды мінез-құлқының көлемі мен үлгісі құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Заңды мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді, сондықтан пайда болатын, жүзеге асырылатын құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады.

Азаматтар заңның талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді: 1) белсенді заңды мінез-құлық; 2) бәсең (енжар) заңды мінез-құлық.

Белсенді заңды мінез-құлық — лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Ондай әрекеттер қосымша уақыт, күш, кейде қаражат жұмсаумен байланысты. Осындай мінез-құлық басым болуы үшін қазіргі кезеңде қажетті шарттар баршылық. Ол — егеменді, дербес мемлекет пен ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық дағдарысты тоқтату үшін барлық күш-жігерді жұмсаудың қажеттігі, асқынып бара жатқан қылмысқа қарсы азаматтардың әлінше күресу борышы. Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау — заманымыздың талабы. Белсенді түрдегі заңды мінез-құлықтың көріністері сан алуан. Ол — лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктеген міндеттерін қалтқысыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсене катысып, әлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бой көрсетіп, өз пікірін ортаға салу—міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.

51.Жағымды құқыққа сай мінез-құлық. Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершілік иманға және тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге толы ұлттық құқықтық мәдениеті бар. Бұл мәдениеттің бастаулары пәк те мөлдір, иірімі -- терең де түңғиық, тұла бойы тұнған дүниеауилық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бір «өтпелі кезең» атты бимәлім өзара дәуірде тұрған бүгінгі ұрпақтың басты міндеті -- елеусіз қалған осы асыл қазынасына көңіл аударып, оны өгейсітпей бауыр тарту , сөйтіп заман көшінен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзінің бүгінгі өмірінің айнымас тіректерінің біріне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттік және құқықтық өміріміздің бүгінгісі мен болашағының мызғымас қажеттіліктерінің бірі екендігін мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысы мен мәдениетін толық игермей, оны өзіміздің төл мемлекетіміз бен құқықтық жүйеміздің алтын арқауы етпей Республикамыздың құқықтық мемлекет құрамыз деудің өзі-«көзжүмбайлыққа» салыну, тарих тағлымына немқүрайлықпен қарау, қазір жүргізіліп және болашаққа көзделіп отырған реформаларға пәрменділік пен қуат берер асыл арналарды тануда кешірілмес селқостық таныту.

Ұлттық құқықтық мәдениетіміздің ғылыми түрде түлғаға сомдап, шынайы табиғатын ашу әлі де болса келешектің ісі. Бұған дейін біз бүл мәселеге тек танымдық қана мәні бар деген көзқарас төңірегінен қарадық, сөйтіп оның тарихи контексіне ден қойдық. Құқықтық мәдениетіміздің бүгінгісі мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық. Ал, қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Республикамыз егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз өмір ақиқатына айнала бастасымен ұлтымыздың құқықтық мәдениеті танып білу және игеру, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне қойылып отыр. Өзіне ғана тән құқықтық сезімі, құқықтық үғымы мен танымы халқымыздың жадында. Енді өзінің осы бір ерекшелігін ұлттық құқықтық мәдениетін ескеруді және соған назар аударуды талап етуде. Құқықтық мәдениет жалпы мәдениеттен бастау ала отырып, халықтың менталитеті және оның даму деңгейінен көрініс табады.

Қазақстандағы құқықтық мәдениет рухани жэне материалдық құндылықтардың жиынтығы болып табылады, сонымен қатар, ел құқықтық қызмет болып саналады. Осыған қоса құқықтық мәдениеттің құрамына құқықтық құбылыстарға қатысты прогресивті, әлеуметтік қажеттіліктер мен құндылықтар кіреді. Ол тек қорытынды емес, қызметінің әдісі де, және бүл мағынада рухани құқықтық мәдениет ойлау бейнесі, жүріс-түрыс нормалары мен стандарттары.

Культурологиялық аспектіде құқықтық сана қоғам мәдениетінің элементі, оның құқықтық мәдениеті ретінде қарастырылады. Құқықтық мәдениет құрамына құқық саласына адаммен құрылған құндылықтар енген. Ол мирасқорлық принципы негізінде дамыды және өркендеді. Қазіргі кездегі құқықтық мәдениеттің үлкен кұндылықтары ежелгі Римдегі оның әйгілі заңгерлермен қалыптастырылған.

Адам қоғамының тарихи даму процесінен қалыптасқан ең зор мәдени байлық-қүқық пен қүқықтық заңдар. Адам қоғамын дағдарысқа ұшыратпай миллион жылдар реттеп-басқарып келе жатқан мемлекет пен қүқық. Мәдениеттің, қүқықтың даму процесінде заңдылықпен қүқықтық тәртіп қалыптасып, қоғамның прогрестік жолмен дамуына мүмкіншілік жасады.

Қоғамның мәдениет саласындағы қатынастардың басым көпшілігі заң арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Заң мәдениетінің негізгі мүдде мақсатын анықтап, оның орындалу бағыттарын көрсетіп реттеп отырады. Заң мәдениетінің жаңа бағытын, жаңа мақсатын болжап, алдын-ала заңға тәуелді нормативтік актілердің қабылдануын қамтамасыз етеді. Заң құқықтық мәдениетті басқаратын, дамытатын аппараттарды құрып, нығайтып отырады.

52.Тергеушінің құқықтық мәдениеті. Полиция қызметкері кез келген жағдайда азаматтармен сыпайы олармен «сіз» деп тілдесу керек, өзінің талаптары мен ескертулерін түсінікті және жеткілікті нысанда жеткізуі керек, оларды дауға айналдырмай, адамдардың ар – намысын қорғауға жол бермеу керек. Патрульдық полиция қызметкерлері азаматтармен қарым-қатынаста қалың бас киімін қойып амандасып өзінің қызмет дәрежесін лауазымын, шенін және аты-жөнін айтып келген себебін және мақсатын айту керек. Азаматтар патрульдің көмек сұрағанда оларды тиянақты тыңдауға міндетті және олардың шағымдарына шаралар қолданып, керек болса түсініктеме беріп қойған сұрақтарды шешу үшін қайда жүгіну керектігін айтады. Азаматтар мен қарым-қатынас кезінде патрульдық қызметті жүзеге асыратын тұлға өзінің аты - жөнін, жұмыс орнын, қызметтік куәлігін көрсетуі қажет. Жас өспірімдер мен патрульдық қызметкер қарым- қатынаста да сыпайы, үлкендер қалай араласса солай. Балаларға ескерту олардың жасы мен даму дәрежесіне байланысты жасайды. Көшеде және қоғамдық орындарда тұлғаларды ұстаған кезде, егер дәрменсіз жағдайда болса жарақат және өзге де дене жарақаты болса органдар тарапынан сол жерге тез арада жедел медециналық көмекті шақырады.

53.Құқықтық мәдениеттің даму нысаны ретіндегі құқықтық ағартушылық мәселелері. Құқықтық ағартушылық дегеніміз-құқықтық ағарту ісін жүзеге асыру, яғни құқықтық білім беру болып табылады. Заңды мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді, сондықтан пайда болатын, жүзеге асырылатын құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады.

Азаматтар заңның талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді: 1) белсенді заңды мінез-құлық; 2) бәсең (енжар) заңды мінез-құлық.

Белсенді заңды мінез-құлық — лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Ондай әрекеттер қосымша уақыт, күш, кейде қаражат жұмсаумен байланысты. Осындай мінез-құлық басым болуы үшін қазіргі кезеңде қажетті шарттар баршылық. Ол — егеменді, дербес мемлекет пен ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық дағдарысты тоқтату үшін барлық күш-жігерді жұмсаудың қажеттігі, асқынып бара жатқан қылмысқа қарсы азаматтардың әлінше күресу борышы. Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау — заманымыздың талабы. Белсенді түрдегі заңды мінез-құлықтың көріністері сан алуан. Ол — лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктеген міндеттерін қалтқысыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсене катысып, әлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бой көрсетіп, өз пікірін ортаға салу—міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.

54.Құқықтық мәдениеттің даму нысаны ретіндегі құқықтық үгіт жасау мәселелері. Құқықтық үгіт дегеніміз – қоғамдық орындарда немесе БАҚ-ты пайдалану арқылы қоғамның санасына құқықтың маңыздылығы мен құндылығын түсіндіру болып табылады. Қоғамның мәдениет саласындағы қатынастардың басым көпшілігі заң арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Заң мәдениетінің негізгі мүдде мақсатын анықтап, оның орындалу бағыттарын көрсетіп реттеп отырады. Заң мәдениетінің жаңа бағытын, жаңа мақсатын болжап, алдын-ала заңға тәуелді нормативтік актілердің қабылдануын қамтамасыз етеді. Заң құқықтық мәдениетті басқаратын, дамытатын аппараттарды құрып, нығайтып отырады.

Заңның дұрыс жүмыс жасауын қамтамасыз ететін заңға тәуелді нормативтік актілер. Сондықтан, құқықтық мәдениетті дамыту үшін мемлекет барлық басқарушы аппараттың (үкімет, министрлік -ведомостволық, жергілікті органдардың) жұмысын жақсартып, олардың нормалары мен құжаттары дұрыс, сапалы, уақытында қабылданып қоғамдағы мәдениет процесін реттеуді, басқаруды тиісті дәрежеде ұстауды қамтамасыз етеді.

Құқықтық мәдениеттің жақсы дамуының негізгі шарттары халықтық рухани сана-сезімін дамыту; мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту; заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату; мәдениеттің жетістіктерін қорғау; құқықтық мемлекет қалыптастыру.

Бүл шарттарды орындау үшін біріншіден - - қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму процесін күшейту; екіншіден мәдениеттік аппараттағы қызметкерлердің сапасын жақсартып, білімін, тәжірибиесін көтеру; үшіншіден - демократияны дамыту керек.

55.Құқықтық демагогия құқықтық немқұрайлықтың нысаны ретінде: түсінігі, нысандары. Құқықтық демагогия дегеніміз-адамның өзінің қоғамда алатын орнын түсінбеу болып табылады. Нақты адамның әлеуметтік өмірінде құқық, заңдардың маңыздылығын мемлекеттік және тұрмыстық деңгейде қалыптасқан түйсіксіз терістеу. Заң мен басқа құқықтық актілерді білмеу, менсінбеу немесе саналы түрде оларды бұзу түрінде көрінеді. Нигилизм– қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар мен мұраларды, діни, моральдық нормалар мен түсініктерді қайта қарауды, жоққа шығаруды білдіретін ұғым. “Нигилизм” ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс жазушысы және философы Ф.Г. Якоби (1743 – 1819). Философия мен мәдениеттануда Нигилизм көзқарасы неміс философы Ф.Ницше есімімен байланысты. Өз заманын құлды Нигилизмрау кезеңі деп есептеген Ницшенің Нигилизм қоғамдық санаға сіңіп, бұлжымас қағида ретінде қабылданған құндылықтар мен мұраттардың жойылуының салдары. Ол дүниеде, өмірде тиянақты, тұрақты ешнәрсе жоқ, адам мен қоғам өмірінде ақылдан гөрі инстинкт басым рөл атқарады деген ой айтып, гуманизм, рационализм сияқты оптимистік ұстындарды жалған әрі зиянды қасаң көзқарас деп сынады. Нигилизмнің пайдасы – ол адамдарды өмір, дүние, адам, құдай жөніндегі елестерден, теріс түсініктерден арылтуға жол ашады. Нигилизммен шектелуге болмайды, оны жеңу керек. Бұл үшін өмірге, дүниеге салқынқандылықпен, салауатты қарау керек, ешкімге де, ешнәрсеге де құрал, қолжаулық болмайтын ерен, ерікті тұлғалар дүниеге келуі Нигилизм көзқарасын одан ары дамытқан немістің идеалист философы О.Шпенглер болды. Ол тек еуропалық өркениет ғана емес, еуропалық қоғамның да нигилистік сипатта екенін көрсетуге тырысты. Оның пікірі бойынша әрбір өркениет, мәдениет күннің батып бара жатқанындай. XX ғасырда экзистенциалистік философия өкілдерінің туынды Нигилизм қайта бой көтерді.

56.Құқықтық фетишизм құқықтық немқұрайлықтың нысаны ретінде: түсінігі, белгілері. Адамның қоғамдағы өз жүріс-тұрысын дұрыс деп санауы бірақ бұл жүріс-тұрыс ережесінің дұрыс болмауы болып табылады. Құқықтық нигилизм - қүқыққа, заңға, нормативтік тәртіпке деген сезінбеу, қүрметтемеу, халықтың негізгі бөлігінің қүқықтық тэрбиесіздігінен көрініс табатын әлеуметтік нигилизмнің бір түрі. Бұндайда қүқық екінше ролде. Қүқықтық нигилизм - депрессияның, сенімсіздіктің, өкінудің салдары. Құқықтық нигилизм тар алғанда қүқықтан бөлектеу; қүқықтан бас тартудан көрінеді, ал қоғам онсыз өмір сүруге тырысады.

Құқықтық мәдениеттің антиподы құқықтық нигилизм болады; нигилизм (немқұрайдылық – қоғамда құқық пен заңдылықтың девальвацияға ұшырауынан (құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың әлеуметтік реттеуші рөлін жете бағаламаудан көрінеді.