Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәдениет ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.39 Кб
Скачать

36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.

Құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі түрі профессионал заңгерлер. Бүл топқа жататындар: мемлекеттің заңды қорғайтын органдарында қызмет атқаратын азаматтар мен заңгерлердің кәсіпқойлық ғылыми үйымдарында жүмыс істейтін мамандар. Олардың көпшілігінің қүқықтық сана-сезімі, білімі, тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болады. Сондықтан, олар нормативтік актілерді қабылдауға, қорғауға, орындауға өте зор үлес қосады, қателікке, кемшілікке жол берілмейді. Бүл бағыттта әсіресе маман заңгерлердің рөлі өте жоғары дәрежеде болады. Олар құқық теориясын ғылыми түрғыдан жан-жақты зерттеп, дамытып отырады, нормативтік актілердің сапалы болып шығуына, орындалуына көп үлес қосады.

Мемлекеттік профессионал заңгерлердің қүқықтық білімін, сана-сезімін, мамандық тәжірибиесін үздіксіз жетілдіріп отыруға көңіл бөліп көптеген істер атқарады, шаралар қолданады. Сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытуға, нығайтуға мүмкіншілік жасап отырады. Профессионал заңгерлердің басым көпшілігі адал, жақсы қызмет атқарады, демократияны, әділдікті, теңдікті, бостандықты дамытуға зор үлес қосады.

Сонымен бірге көп мемлекеттердің өмір тәжірибиесі көрсеткендей заңгерлердің ішінен азшылық болса да заңдылықты, кұқықтық тәртіпті бұзатындар кездесіп жатады. Оның себебі сана-сезім, мәдениеттің, білімнің деңгейі төмен, нашар болуынан. Ондай адамдар әшкереленіп, қүқық қорғау органдарынан құдаланады.

Қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдіруге заңгерлердің ғылыми және кәсіпқойлық қоғамдастарының ұйымдарының маңызы өте зор. Олар нормативтік актілердің сапасын көтеруге, нормалардың қажеттіліктерін түзеуге, кемшіліктерін жетілдіруге, қүқық теориясын дамытуға көп үлес қосады.

Қоғам өміріндегі құқықтық мәдениетті дамытудың жолдары. Екі басты критерилер қалыптасқан - заңдылықтың даму деңгейі және мемлекеттегі заңдылықтың жағдайы. Осы көрсеткіштер құқықтық мәдениеттің екі өлшемін сипаттайды:

нормативті-міндетті

практикалық

Олардың сәйкесіне және өзара келісіміне байланысты құқықтық өмірдің деңгейін анықталады.

Қоғамның жоғарғы заңды мәдениеттің белгілеріне мыналар жатады:

Заңдылықтың әлеуметтік орнықталығы нормативтік актілердің мазмұнының қоғам дамуының қажеттіліктеріне сәйкестігін білдіреді, сонымен құқықтық ғылымның жетістіктерін заңдарда көрініс табуы.

Заңдылықтың заң-техникалық жетілгендігі бұл заңдарды орындаудағы заң механизмдерінің қызметінің жетілгендігін, заң тілінің нақтылығы мен анықтылығын, нормативтік құкықтық актілерде, саттық және әкімшілік шешімдерде қолданылатын терминдердің, анықтамалардың бір мағыналығын, заң әріптері мен мағынасының сәйкестігін, оларды өздігінен талдауға мүмкіндігінің жоқтығын, заңдылықта маңызды мәселелерге байланысты олқылықтардың болмауын көрсетеді.

Заңдылықтың эффектілігі - оның белгіленуінің әлеуметтік жетістіктерге сәйкестігі. Заңдылықтың құқықтық мәртебесі оның қызметімен анықталады. Адамның санасында, оның жүріс-тұрысында қандай да болмасын «жақсы», «прогрессивті» қолдау таппаса, әлеуметтік құндылық ретінде қаралмайды және танылмайды.

Құқықтық мәдениеттің негізгі белгісі, оның құрылысының міндетті шарты болып қоғамның, қүқық қорғау органдарының кәсіби мәдениеті, лауазымды түлғалардың құқықтық мәдениеті болып табылады.

Құқықтық мәдениет құқықтық әлеуметтік құндылығын белгілеп, дамытатын құқықтық сананын, заңдылықтың, заң шығармашылық қызметінің, заң практикасының құқықтық жағдайы болып табылады.

Мемлекеттік профессионал заңгерлердің қүқықтық білімін, сана-сезімін, мамандық тәжірибиесін үздіксіз жетілдіріп отыруға көңіл бөліп көптеген істер атқарады, шаралар қолданады. Сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытуға, нығайтуға мүмкіншілік жасап отырады. Профессионал заңгерлердің басым көпшілігі адал, жақсы қызмет атқарады, демократияны, әділдікті, теңдікті, бостандықты дамытуға зор үлес қосады.