Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәдениет ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.39 Кб
Скачать

25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері

«Жеті жарғының» түп өзегі Еуразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге, «Жеті жарғы» XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға ыңғайланған әдет-ғұрып ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде әлісіреп, замана әсеріне, әсіресе, сыртқы ортаның ықпалына тікелей ыңғайланып отырады. Саяси билік белгілі дережеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпелілердің ірі қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал, қауым ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда әлсіреп отырады. «Жеті жарғының» мазмұнынан да біз қазақ саяси-құқықтық өміріне өте ықпал ететін ұлыстық және рулық құндылықтардың күресін көреміз, белгілі дәрежеде қазақ тарихының әр кезеңінде құқықтық жолдардың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» т.б.) біресе күшейіп, біресе әлсіреп кетуіне де әсер еткен алдымен осы саяси факторлар.Зерттеушілердің көпшілігі «Жеті жарғыны» тек құқықтық мәселелермен ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дәрежеде тарихи институттарға ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. «Жеті жарғыға» байла­нысты әдет-ғұрып ережелері жинақ­талып, хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекетінің дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш механизмдері, заңдары қолданыстан шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар ХVІІІ ғасырдың басында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп, қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас бұзылды. Онда жер дауыотбасы және неке заңықылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы

Демократия – грек тіліндегі “халық билігі” деген ұғымнан шыққын сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін- өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.