Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәдениет ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.39 Кб
Скачать

24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері

«Суицид» латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың саны соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек. Ең көп адам құрбан болатын Жапония елі өткен жылы осы мәселе бойынша мемлекет қазынасынан 32 миллиард АҚШ долларын бөліпті. Себебі, 2003 жылы бұл елде 34 мыңнан аса адам өзін-өзі мерт еткен. Алла сақтасын, Қазақстанның ортаңқол ауданының халқы. Бірақ нәтиже шамалы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Жоғарыдағы ұйымының деректеріне сенсек, 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:

бірінші орында – Латвия (96-99 адам),

екінші орында – Венгрия (88 адам),

үшінші орында – Қазақстан (53 адам).

Ал, мұсылман мемлекеттері мен Африка елдерінде бұл көрсеткіш жоққа тән. Соңғы жылдары «Жасөспірімдер суициді» деген ұғым өз алдына бөлек отау тікті. Бұл дерт өмірдің балдай дәмін енді ғана татып келе жатқан жас балапандарды да баудай түсіріп, қыра бастады. Таяуда шведтердің «өзін-өзі өлтіру ісін» зерттеу орталығы 15 пен 19 жас аралығындағы жастардың өзіне қол жұмсауы жағынан Ресей дүниежүзі бойынша бірінші орынға шықты деп хабарлады. Ресейде жыл сайын шамамен 2500 кәмелетке толмаған бала өзіне қол жұмсайды. Екінші орынды АҚШ (1800 бала) тұр. Ал, жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша бірінші орында Шри-Ланка (46,55), екінші орынды Қазақстан иеленген (24,02).

Мамандар болса жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Ғалымдар бұл абыройсыз өлім көбінесе өмірдегі таршылық, материалдық тапшылықтан, одан қалса ақыл-есі кемдіктен болады деген болжам айтып келеді. Алайда, бай немесе мансапты адамдардың өзін-өзі өлтіруін қалай түсінеміз. Мысалы, америкалық ірі қаржы компаниясының қожасы миллионер Картик Раджарам өзінің әйелі мен екі баласын өлтіріп, соңынан өзін опат қылды. Алпауыт консалтингтік компанияның негізін қалаушы атақты бай Тьерри де ля Виллюше де жарық дүниемен өздігінен қош айтысқан. Жылжымайтын мүлік сататын әлемге әйгілі бай Стивен Гуд бұл жалғаннан пана таппай, өзін-өзі мерт етіп тынды. Танымал неміс миллиардері, Қазақстанда да цемент өндірісін орнатып үлгерген магнаттардың бірі Адольф Меркле пойыздың астына түсіп өлді.

Депрессия дегеніміз бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой. Қара түнектей қаптап келе жатқан бұл зұлмат мұсылман елдерін неге айналып өтеді? Өйткені, олар жан – Алланың адам баласына берген аманаты екенін, өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат екенін біледі. Сонымен қатар өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екенін, ауыр күнә жасағандығы үшін тозақта азапқа тартылатынын да жақсы біледі. Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда: «өз өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят) дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әл-Бұхариден жеткен хадисінде: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» депті. Ендеше, бұл қасіреттен құтылудың жолы – балаларымызға ерте бастан ислам тәрбиесін үйретіп, жүректерін тыныштандырғанымыз абзал. Алланы еске алмайтын жүрек тыныш таппайды. Ақиқатқа жүгінер болсақ Құранда: «Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады» («Рағыд» сүресі, 28 аят) дейтін аят бар. Болашақта суицидтен құтылу үшін: Жапонияның тірлігін қайталау дұрыс па, әлде мұсылман елдерін үлгі тұту жөн бе? Көзқарақты адамның қауашағына сыймайтын ауыр сұрақ емес бұл. Үкіметтің де ақылы осыған жетеді деп ойлаймыз. Ол үшін жастарға имандылық ілімін үйрететін оқшау бағдарлама керек. Мүмкін оны орта мектептерде оқытылатын «Дінтану» сабағы негізінде жүргізген дұрыс шығар. Әлде, осылай қара жамылып отыра береміз бе?!