
- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •7.Адам құқығының шектелуі. Адам құқығын шектеудің қағидалары
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •9.Құқықтық психология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
Жаһандану немесе глобализация бүгінгі таңда жиі қолданылатын ұғым. Ол дүниежүзілік экономиканың дамуына, жетілген компьютерлік технологияға, біріккен ақпараттық кеңістік құруға негізделген. Бүгінде жаңа әлемнің қоғамдық - саяси өмірінің саяси, әскери, экономикалық, мәдени және экологиялық салаларында өзіндік ерекше жағдай қалыптасты. Жаңа кезеңі ретінде - жаһандану үрдісі болып есептелді. Жаһандану ағылшын тілінің Globalizaton ұғымының аудармасы болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік топтадың арасындағы айырмашылықты айқындап, адам, мәдениет, тіл, білім, рухани - адамгершілік даму, халықаралық қатынастарға әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар бұл мәселе БҰҰ, Бас Ассамблеясының сессияларында, «Үлкен сегіздік» елдері мен ЕуроОдақтың саммиттерінде, Бұқаралық Ақпарат Құралдарында, ғылыми конференцияларында жиі айтылады. Жаһандануды әкелуші АҚШ және Еуропа елдері екендігі белгілі. Сол себепті олар өмір сүру жағдайын қолайлы етуге көңіл бөлген мемлекеттер болып есептеледі және жаһандану алғашында тек материалдық құндылықтарға ие болуды көздеген. Ал қазір рухани - адамгершілік бағытынан айырылып, қатыгездік, өзге адам құқығын аяққа басу сияқты келеңсіз заңдылықтарға бағытталып отыр. Глобализация мәселесі күрделі де жан-жақты талдауды қажет ететін құбылыс. Оның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани астарлары бар. Қазіргі кезде глобализация үрдісіне деген көзқарас әртүрлі. Оны біреулер қолдаса, екінші біреулер оған қарсы шығуда. Қалай болғанда да әлемдік экономикадағы ғаламдық үрдіске жүктелген адамзат сенімі, бүгінде толық ақталмауда. Ұлттық экономика мен әлемдік экономика арасындағы қайшылықтардың күшейгені соншалықты олар, шешімі күрделі мәселелерді дүниеге әкелуде. Бұл қайшылықтардың салқыны экономикада ғана емес, сонымен қатар, қоғамның рухани саласында да байқалуда. Ұлттардың ғасырлар бойы жинаған рухани құндылықтары әлемдік мәдени глобализация алдында өзінің бет-бейнесінен айырылудың сәл алдында қалуда. Әлемдік ақпараттық құралдар мен технологияның, қоғам өмірінде белсенді күшке айналуы ұлттық мемлекеттер тарапынан қарсылықтарға кез болуда. Жаһанданудың елеулі қасиеттерінің бірі адамзат өмірінің барлық салаларына әсер етуші ақпараттық революцияның орын алуы байқалады. Осылайша гжаһандану ғылыми-теориялық пайымдауды қажет ететін кешенді процесс болып табылады. Жаһандану тамырымен ғасырлардың немесе тарихтың тереңіне кетеді, дегенмен глобализация басым жағдайда – жиырмасыншы ғасыр феномені. Қоғамдық және әлеуметтік ғылым мамандары әлі де ұзақ уақыт бойына өткен жиырмасыншы ғасыр туралы пікірталаста болады. Алайда оның басты қорытындыларының кардиналды түрде қайта қарастырылуы екі талай: адам құқықтары басты маңызға ие, демократия тиранияға қарағанда күштірек, нарық командалық экономикаға қарағанда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Батыс тарихи түрде жасаушысы және белсенді үгіттеушісі болып табылатын осы құндылықтар мен нұсқамалар жүйесі, қазіргі заман әлемінде мойындалып, кең қолдау тапты және бүгінгі таңда глобализацияның идеялық фундаментін құрайды.