
- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •7.Адам құқығының шектелуі. Адам құқығын шектеудің қағидалары
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •9.Құқықтық психология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың, есерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс, Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді. Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықгық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті. 1). Құқықтық норма - арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. 2). Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі. 3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады. Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы. Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл бөледі. Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі, аса жауапты мүдде-мақсат - ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
1.Баршаның заң және сот алдында теңдігі. Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген. Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру. 2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған. ҚР Әділет министрлігі “Мүддес болу туралы” заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.