Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәдениет ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.39 Кб
Скачать

19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.

Құқықтық мәдениет жалпы әлеуметтік прогреске жету үшін адам дамуының әр түрлі әр тектес нысаналы түрде дамуы қажет. Бүл прогресс қүқықтық құндылықтарды құру арқылы пайда болды (әлеуметтік қақтығыстарды шешу тәсілі мен құралдары адам құқықтарын қамтамасыз ету инститтуттары және т.б).

Құқықтық мәдениет адамзатпен жиналған заңды құндылықтарының нәтижесі болып табылады. Құқықтық мәдениет бұл құндылықтардың сақтаушысы, жинақтаушысы, таратушысы болып табылады. Құқықтық мәдениет - бүл тірі ағза секілді. Оның барлық элементі құқықтық нормалар, заңды актілер, институттар, процестер, режимдер, мәртебелер. Бұлар адамзат рухының еңбегінен, тарихи қалыптасуынан өмірлік сындарының өнімдері болып табылады. Сондықтан да, құқықтық мәдениетке неғүрлым көп назар аудару, көңіл бөлу әлеуметтік прогрестің шарттары болып табылады және адамзат түлғасының дамуының эффективті кепілі болып табылады.

Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениет жәйлі толық та терең түсінік қалыптастыру ондағы құқықтық өмір мен сөз мәдениеті арасындағы ара қатынасты ашып көрсетуді талап етеді. Себебі, қазақ сахарасындағы құқықтық мәдениет оның сөз өнерімен етене тығыз байланыста болған. Қоғамдық өмірдің бұл екі қыртысы егіздің сыңарындай тетелес өсіп-өріп, дамып отырды. Оларды бірінен-бірін бөліп алу мүмкін емес еді, тіптен олар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындай «ішкі сырластықта» болатын.

Құқықтық мәдениеттің жемістері - заңды нормалар, қүқық ескерткіштері, келіспеушіліктерді шешу әдістері, заңдық қызмет дәрежесі, құқықтық фольклор болып табылады.

Құқықтық мәдениет мемлекеттіліктің құқықтық тәртіптің, құқықтық жүйенің үлттық-құқықтық феномендердің құндылықтары арқылы белгілі бір нысанға ие болатын жалғыз ұғым.

Бүл концепциялар, көріністер позициялар интерпретациялық ұғым, мазмұны құқықтық мәдениет құрылысының ажырағанымен, құқық саласындағы рухани құндылықтарды сақтаудағы негізгі функцияларда біркелкі, ажырамас болуы керек.

20.Жалпы адамзаттық өркениеттің сатылары. Құқықтық өркениет: белгілері, мазмұны. Құқықтық өркениет дегеніміз-нақты адамдардың ежелден қалыптасып келе жатқан жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Құқықтық тәрбие нақты іс-қимыл, әрекетжасау,заңдар мен құқықтық нормалардың жиынтығын, оларды жүзеге асыру туралы мемлекеттік органдары мен лауазымды иелерінің іс-әрекеттері жөніндегі адамдардың пайымдаулары; тұлғаның қүқық туралы ой пікірлері, сезімдері, пайымдаулары және саналы түрдегі қажеттіліктері. Бұл қажеттіліктер түлғаның сай мінезінен және іс-әрекеттерінен көрініс табады.

Құқықтық тәрбиенің қоғам мен мемлекеттің өміріндегі құқықтық маңызы, рөлі көп нақты болып келеді. Құқықтық тәрбие адамның гармониялық дамуының өзіндік нысаны, ол арқылы жалпы әлеуметтік процесс жетілдіріледі. Бұл процесс адамдарды байытатын жеке құқықтық қүндылықтарды (әлеуметтік келіспеушіліктерді шешудің әдістері мен құралдары адам құқығын қамтамасыз ету институттары және т.б) қалыптастыруға байланысты, сонымен қатар, қоғамға тыныш тәртіптік даму үшін қажетті заңдық жағдайларды қамтамасыз ету. Құқықтық тәрбие - адамзаттың жинаған заңды құндылықтардың ортанғы нүктесі организмі, оның барлық элементтері (нормалары, заңды актілері, институтты, процесі, режимы, статусы) адамның руханиландырған-терімі еңбектің, тарихи таңдаудың, өмірлік апробациясының қасиеттерін иеленеді. Құқықтық тәрбие - ұлттық құқықтың, феномендердің - мемлекеттілік құқықтық тәртіптің, құқықтық жүйенің құндылықтары мен өзгешіліктерін қалыптастыратын практикалық жалғыз глобалды нысаны. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.