
- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •7.Адам құқығының шектелуі. Адам құқығын шектеудің қағидалары
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •9.Құқықтық психология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
Халықтың құқықтық мәдениетi мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгiн көтеру әрi заңдылықты, құқықтық тәртiптi, реттiлiктi нығайту мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 12 ақпандағы N 1569 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасын (негiзгi бағыттар) орындау үшiн қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы жалпыға бiрдей құқықтық оқу туралы ереже, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi әскери қызметшiлер мен азаматтық қызметкерлердiң жалпыға бiрдей құқықтық оқуын ұйымдастыру туралы ереже, Атқарушы өкiмет органдары мен олардың қарамағындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң басшы кадрлары мен мамандарын құқықтық аттестациялау туралы ереже және Қазақстан Республикасында оқушы жастарды құқықтық оқыту тұжырымдамасы бекiтiлсiн.
2. Жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыруға жалпы басшылық пен бақылау жасау Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен жергiлiктi әкiмдерге жүктелсiн.
3. Жалпыға бiрдей құқықтық оқуға әдiстемелiк басшылық жасау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
мемлекеттiк органдардың, ғылыми мекемелердiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын, оқулықтар, оқу-көрнекi және әдiстемелiк құралдар дайындау жөнiндегi жұмыстың үйлестiрiлуiн жүзеге асырады;
жалпыға бiрдей құқықтық оқудың барлық буындарына нормативтiк-анықтамалық материалдар мен көпшiлiкке арналған заң әдебиетiн, оқулықтар, оқу құралдарын және плакаттер шығаруды қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының министрлiктерiнде, мемлекеттiк комитеттерiнде, ведомстволарында, жергiлiктi әкiмдердiң аппараттарында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру, жөнiндегi жұмыстың жай-күйiн зерделейдi, оны жақсарту бойынша ұсыныс әзiрлейдi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi мерзiмдi басылымдарда қолданылып жүрген заңдар мен құқық қолдану практикасын түсiндiретiн айдарлар ашатын болсын.
5. "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы құқық органдарымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқуы жөнiнде арнаулы хабарлар ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп 1995 жылғы 1 қазанға дейiн Қазақстан Республикасында халықтың жалпыға бiрдей құқықтық оқуы бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
7. Ұлттық жоғары мемлекеттiк басқару мектебiнiң негiзiнде Жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдардың, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың басшы қызметкерлерiн құқықтық даярлау мен қайта даярлау орталығы құрылсын.
8. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
Құқықтық нигилизм - қүқыққа, заңға, нормативтік тәртіпке деген сезінбеу, қүрметтемеу, халықтың негізгі бөлігінің қүқықтық тэрбиесіздігінен көрініс табатын әлеуметтік нигилизмнің бір түрі. Бұндайда қүқық екінше ролде. Қүқықтық нигилизм - депрессияның, сенімсіздіктің, өкінудің салдары. Құқықтық нигилизм тар алғанда қүқықтан бөлектеу; қүқықтан бас тартудан көрінеді, ал қоғам онсыз өмір сүруге тырысады.
Құқықтық мәдениеттің антиподы құқықтық нигилизм болады; нигилизм (немқұрайдылық – қоғамда құқық пен заңдылықтың девальвацияға ұшырауынан (құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың әлеуметтік реттеуші рөлін жете бағаламаудан көрінеді.
Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.
Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мүраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өнердің нысандарын т.б жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т.б европалық елдерде нигилизм XIX ғасырда қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Болашақта қүқықтық мемлекетте қоғамды әкімшілік органдар басқарады. Қазіргі заманда саясатшылар, заңгерлер, ғалымдар құқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүру керек дейді.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері:
1. Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей бұзу.
2. Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.
3. Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.
4. Заңдылықты саяси, идеологиялық және прагматикалық пайдалылыққа әдейі ауыстырып жіберу.
5. Адам құқықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын және тағы басқа да құқықтарды бұзу.
6. Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.
Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары - азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін көтеру, олардың имандылық өнегелік және құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру; құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тәртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтарды құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу; халыққа жаппай құқықтық білім беру және тәрбиелеу ісін біліктілігі жоғары әрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кәсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны әрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу.
Нигилизмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм, үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюциондық т.б. Нигилизмнің саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысанда үзіліссіз жүріп жатады. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері, нысандары көбеюде. Олар әр түрлі саяси бағыттағы қозғалыстар, монархистер, социалистер, большевиктер т.б.
Бүл қозғалыстар қоғамның, халықтың өміріне көп зияндар келтіруде: рухани, моральдық, инабаттылық, адамгерщілік қасиеттерді жоюда, еңбексіз баю жолында, ар - ұятты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді аяқ -асты қылуда.
Бүл топтың біразы мемлекеттің ең жоғарғы басқару аппаратына орналасып алған. Қазіргі кезде постсоветтік республикаларда нигилизмнің көріністері жоғары мемлекеттік басқару органдарының іс -әрекетінен байқала бастады.
Құқықтық нигилизмнің түрлері: - нигилизм санқырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шым-шырақай өзгерістеге айналдырып халықты алдауға өте шебер. Осы реакцияшыл тактиканың негізгі түрлері:
1) Қоғамдағы қүқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс - әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бүл күқық бұзушылық қылмыс немесе теріс қылық, қоғамға, ұжымдарға, адамдарға моральдық, материалдық, зиян келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.
Адамдардың жаппай заңды нүсқауларды орындамай, өздерінің ойдан шығарған нормасымен жүріп қоғамдағы азаттық, әкімшілік тәртіпті бүзу. Бүл мемлекеттің әлсіздігі.
Заңдардың арасындағы күрес нормативтік актілердің арасындағы қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі де кездесіп жатады.
Мемлекеттің билік және басқару органдарының арасындағы күрес -қайшылықтар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің арасындағы келіспеушіліктер.
Қоғамда адамдардың бостандығы, қүқықтары, теңдігі толық қамтамасыз етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып көп зиян келтіруі, соғысқа апаруы мүмкін.
Әртүрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп, қазіргі замандағы нигилизмнің неізгі нышандарына тоқтайық:
- нигилизмнің ңдеологиясымен уланған адамдардың мемлекеттік аппараттың барлық деңгейіне, қоғамдық үйымдарда барлығы ақиқат - шындық.;
- нигилизмнің санқырлы сипаттарының түрлері парламентте, Президенттік аппаратта, үкіметте, министрліктерде, заңды қорғау органдарында көрініп қалып жүр;
- нигилистер жамандықтың ең сорақысы, қайырымсыз түрлерін қолдануға қүмар. Олар керегінде өтірік саяси, оппозициялық үйым бола қалады. Сөйтіп өзінің антидемократиялық, қастандық іс -әрекеттерін жасай береді;
- олар мемлекеттік, саяси, моральдық, рухани, экономикалық, діни органдардағы нигилистермен бірлесіп қоғамда жартылай ашық реакцияшыл күшке айналады;
Қазіргі біздің қоғамда көптеген қарама - қайшылықтар көрініс тауып отыр, соның ішінде, бір жағынан қүқықтық нигилизмнің таралып бара жатқаны байқалады, екінші жағынан - қүқықтық идеализм. Қанша қызық болғанымен, бүл екі қарама-қайшы үғым бейбіт өмір сүріп келе жатыр, сонымен қатар қүықтық мәдениетсіздіктің көрінісін айқындап отыр.
Қүқықтық нигилизмде заңдар ашық түрде бүзылады, орындалмайды, қүрметтелмейді, сыйланбайды, ал қүқықтық идеализмде - заңдарда кейбір мәселелерді шешудің ерекше бір күші бар деп қарайды. Қоғамдық сана әрбір жаңа мәселелерге жаңа заң қабылдауын талап етеді. Бүл қүбылыс —құқықтық идеализм, романтизм немесе қүқықтық феменизм деп аталады.
Қазіргі қүқықтық нигилизмнің кейбір жалпы белгілерін көруге болады. Олар:
- агрессивті және бағаланбайтын сипаты. Бүл қоғамның пайымдауынша тәртіпсіздік немесе оның шегінен шығу болып табылады.
- тек қана азаматтардың, әлеуметтік және кәсіби топтармен қатар мемлекетік қүрылымдарда, заң шығарушы, атқарушы әне қүқыққорғау саласында кең таралуы:
көптеген түрде көрініс табуы - қылмыстық түрден заңды, Парламентті Конституциялық түрден митингті — охлократиялық, элитарлық түрдентүрмыстық түрлерге дейін барады.
басқа да мемлекеттік, саяси, адамгершілік, ішкі экономикалық, діни нигилизмдермен қосылып кетуі.
Құқықтық нигилизм - қүқыққа, заңға, нормативтік тәртіпке деген сезінбеу, қүрметтемеу, халықтың негізгі бөлігінің қүқықтық тэрбиесіздігінен көрініс табатын әлеуметтік нигилизмнің бір түрі. Бұндайда қүқық екінше ролде. Қүқықтық нигилизм - депрессияның, сенімсіздіктің, өкінудің салдары.
Құқықтық нигилизм тар алғанда қүқықтан бөлектеу; қүқықтан бас тартудан көрінеді, ал қоғам онсыз өмір сүруге тырысады.
Құқықтан бөлектену билік, басқару және басқарушыларда көптеген көрінеді.
Заң саласындағы олқылықтар, заңдағы қарама-қайшылықтар бұның барлығы құқықтық білімнің, құқықтық мәдениетінің деңгейінің төмен болуынан олар өздерін мемлекеттік мекемелердің алдында әлсіздігін сезінеді; соның салдарынан барлығы құқықтық нигилизмге әкеп соғады. Мысалы: азаматтар мен құқық қорғау органдарының қызметкерінің арасында - соңғысы қандай іс - әрекет жасағанымен, ол заңды болып шығатындай жай қалыптасқан. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттер, тәртіпсіздігі, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын бүзатын әрекеттері қазіргі уақытта тәжірибиеде көрініс тауып отыр.
Қүқықтық нигилизмнен арылу үшін азаматтық қоғамды дамыту керек. Қазақстанда азаматтық қоғам бүл мемлекеттің институциясы.
Ол шын мәнінде мемлекетпен құрылған. Мемлекет тек қана жеке меншікті «рүқсат етіп» қана қоймай, сонымен катар тәуелсіз бүқаралық ақпарат қүралдарын, қоғамдық үйымдарына және т.б. рүқсат берді.
Құқықтық нигилизмдегі мемлекет бекіткен қоғамдарда халықтың құқыққа деген жағымды, дүрыс көзқарасын орнату тіптен мүмкін емес. Соның салдарынан қоғамда жаппай қүқықтық нигилизм орнайды. Ал мемлекеттің шығарған заңдары өз мемлекеттік органдары мен лауазым иелерімен бүзылады. Бүндай жағдайда қоғамда ведомостволық қүқықтық нигилизм орнайды. Құқықтық нигилизмнің мынадай көріністері бар:
қоғамдағы барлық заңдар мен басқа да нормативтік қүқықтық актілерді қасақана тікелей бүзу;
жаппай барлық заңдық үйғарымдарды орындамау;
бір-біріне қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
заңдылықты саяси идеологиялық пайдалылыққа әдейі ауыстыу;
адам құндылықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге , ар - намысы мен қадір касиетін қорғауға немесе т.б. құқықтарын бұзу, езу, таптау, шашу.
Құқықтық нигилизмнің көріністері әртүрлі: қүқықтың рөлі менен мазмұнына немқұрайлы қарау, қүқық пен мемлекеттік құқықтық институттарға сенбеу, келеңсіз қарау.
Қүқықтық нигилизм - құқықтық сананың келеңсіз, бұрмаланған жақтары болып табылады.
Қүқықтық нигилизм - бұл тек қоғам өмірінің рухани жағы емес, сонымен қатар қоғамдық жағдайдың әлеуметтік сипаты. Құқықтық демогогия - құқықтық нигилизмнің бір көрінісі. Құқықтық демогогияның мазмүны құқықтық нигилизмнің мазмұнына келіп тіреледі. Құқықтық демогогия - тікелей немесе жанама алдау, жалған ниетпен әрекет жеткізу немесе ақпарат беру.
17.Мемлекет пен азаматтық қоғам және олардың қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуына тигізетін әсері. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өз алдына құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруды өз алдына мақсат етіп қойды. Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп,заңды мінез-құлық, орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады. «Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады». Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.