
- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •7.Адам құқығының шектелуі. Адам құқығын шектеудің қағидалары
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •9.Құқықтық психология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
Осы аталған заңның құқықтық мәдениетке тигізетін әсері үлкен болып табылады. Өйткені, ол заңның оң жақтары әлдеқайда үлкен болып табылады. Құқықтың тағы бір тірегі - адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың шаруашылығы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу керек. Бұл тек мемлекеттің қолынан келетін іс. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылыққа әсер ету дәрежесі қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне байланысты. Қазір Қазақстанда меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Мемлекет өз меншігін тек қана реттеп қоймайды, сонымен қатар оны дамыту үшін басқарады. Ал жеке меншікке негізделген өндірісті иесі заңда белгіленген тәртіпке сүйене отырып, өзі басқарады. Демек, мемлекет екі меншікке негізделген өндірістің дамуын реттеу үшін құқықтың мүмкіндігін пайдаланады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Құқық – адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.
Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш жолын айтуға болады. 1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда, құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялық тұрғыдан карау, яғни, құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3) философиялық тұрғыдан қарау, яғни құқықты бос-тандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.
Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.
15.1995 жылғы 21 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында Жалпыға бірдей құқықтық білім беру туралы» ҚР Президентінің қаулысына жалпы сипаттама беру. Бұл заңның қолданылу аясы нақты келешек ұрпақтарды құқыққа тәрбиелеу және құқықты үйрету болып табылады. Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп,заңды мінез-құлық, орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады. «Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады» [6]. Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.