Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос._Салык.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.34 Кб
Скачать

13. Жер салығын есептеу механизмі

      1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты С.К-де белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді. 2. Егер С.К-те өзгеше белгіленбесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi. 3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi. 4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. 5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады. 6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады. 7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады. 8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.  Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.  Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.

14. см. 9

15. Рента салыгын есептеу механизми

Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикі мұнай, газ конденсаты бойынша шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi және С.К-нде белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін. Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі С.К-нде белгіленген.

16. Әлеуметтiк салықты есептеу механизми.

Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады. Егер С.К-нде өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi С.К-нде белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 

17.КР-дагы жер койнауын пайдаланушылардын арнайы салыктары мен толемдери

Жер қойнауын пайдаланушьілар-сал.төл.-ҚР аум.техногендік минералды ресурстарды өндірумен ійналысатын з/ж т.

Жер койнауын пайдаланушылардын мынадай салыктары мен арнайы төлемдері белгіленеді: үстеме пайда салығы- өнімді бөлу туралы келісімшаттар кең таралган пайдалы казбалар мен жерасты суларын өндіруге. сондай-ак ьарлау мен өндіруге бацланысты жерасты қүрылыстарын салуга жэне пайдалапуга жасалган келісімшарттар бойынша кызметті жүзеге асыратындарды коспаганда. жер койнауын пайдаланушылар осы келісімшарттар пайдалы казбалардың баска түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салык төлеушілер болып табылады. Бонустар жер койнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады. Бонустын мынадай түрі бар: кол коиылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт -жаслатын аумакта жер койнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кұқыгы үшін біржолғы тіркелген толем.Коммерциялық табу-келісімшарт аумагы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалык жағынан тиімді пайдалы казбалардың белгілі бір түрінің запастары.

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледi. 

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серіктестік (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесілі болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылар шоғырландырылған салық есебін жүргізу үшін сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындауға міндетті.

Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт ережелерінде сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындау көзделсе және осы келісім (келісімшарт) бойынша салық салу міндеттемесін орындауды сенім білдірілген тұлға (оператор) жүзеге асырса, онда осы сенім білдірілген тұлға (оператор) мұндай келісімнің (келісімшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режиміне сәйкес аталған келісімнің (келісімшарттың) салық міндеттемесін орындайды.

4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушы қосымша салық салынуға жатады.