Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос._Салык.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.34 Кб
Скачать

12. Жеке табыс салыгы бойынша женилдиктер.

Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлерi алып тасталады: 

1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер; 

2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;

5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегi пай бойынша табыстар; 

7) бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе;

заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп проценті дивидендтерді төлеу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтер;

8) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге берілетін, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесi және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерiнің белгiленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алатын төлемдердiң барлық түрі; 

9) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 50 процентi шегiндегі лотерея бойынша ұтыстар;

10) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiнде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын төлемдер; 

11) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбегіне ақы төлеу түрiндегi төлемдерден басқа); 

12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн төлемдер; 

13) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдардың, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бір жылдағы 45 еселенген мөлшері шегіндегі табыстары;

14) III топтағы мүгедектердің тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бір жылдағы 27 еселенген мөлшері шегiндегi табыстары; 

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсiмiнен түсетiн табыстар.

Егер көрсетілген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;

16) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетін табыстар;

17) бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбегіне ақы төлеу түрiндегi төлемдерден басқа); 

18) күнтізбелік жыл iшiнде әрбiр төлем түрi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегiнде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшiн, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.

Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады;

19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары; 

20) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдiктердің ресми табыстары; 

21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары; 

22) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк  орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi; 

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақысы);