Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new корпоративт __аржы гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
261.12 Кб
Скачать

15. Өндірістік айналым қорларының құрамы, құрылымы және айналымы.

Өндірістік айналым қорының қүрамы: еңбек заты (шикізат, негізгі жэне қосымша материал), жартылай енімдер (ішінара өңделген, тауар өндіру үшін, материал болатын еңбек өнімі), жанармай, ыдыс және ыдыс материалы. Сондай-ақ арнайы киім, арзан бағалы жэне тез тозғыш заттар жатады. Айналым қорына мыналар жатады: қоймадағы дайын өнім, банк шотындағы жэне кэсіпорынның кассасындағы ақшалай қаражаттар, жекелеген тауарлар. Айналыс қорының негізгі бағыты айналыс үрдісін ресурстармен толық қамтамасыз ету болып табылады. Айналым капиталының мүліктік элементтері әрбәр өндірістік циклде тұтынылады. Өнімнің құнына толықтай енгізіледі. Айналым капиталының ауыспалы айналымының сатылары келесідей: Сатып алу→тауар ресурстары→өндіру→ тауар → сату. Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік коммерциялық циклдың ұзақтығы деп аталады. Айналым қаражаты сатып алу нәтижесінде ақшалай нысаннан өндірістік нысанға өтеді. Өндіріс кезеңінде ресурс тауарға, жұмысқа немесе қызметке айналады. Осы сатының нәтижесінде айналым қаражаты өндірістік нысаннан тауарлық нысанға өтеді. Сату сатысында тауарлық нысаннан ақшалай нысанға қайтадан өтеді.

16.Корпорациялардың меншікті айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау қажеттілігі.

Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылық капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен қалыптастырылады. Әдетте мешікті айналым капиталының мөлшері баланс пассивінің 1-тарауының қорытындысы мен баланс активінің 1-тарауының қорытындысының арасындағы айырма (меншікті қаражаттан айырылымнан тыс актив шегеріледі) ретінде анықталады. Шаруашылық қызметті айналым қаражатымен қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 1/3 шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде пайдаланылады. Кәсіпорынның меншікті айналым капиталына қажеттілігі жоспарланады және оның қаржы жоспарында көрсетіледі.әдетте кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда бірқатар объективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы, клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т.б.) кәсіпорынға уақытша қосымша айналым қаражаты қажет болады.

17 .Айналым құралдарын тиімді пайдалану көрсеткіштері. Сипаттамасы.

Айналым қаражатын тиімді пайдалану экономикалық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады, эсіресе ең алдымен айналым қаражатының айналымдылығымен сипатгалады. Айналым қаражаттарының айналымдылығы дегеніміз -айналым қаражаттарының ақшалай формасының өндірістік қорларға айналуынан бастап, дайын өнімді шығаруы жэне оны өткізуге дейін, ягни қаражатгардың өндірістегі толық бір айналымның ұзақтығы. Айналым қаражаттарының айналымдылығы мынадай бір-бірімен байланысты көрсеткіштерімен сипатталады: бір күндегі айналымның ұзақтығы, анықталған кезеңдегі айналым сандары - жыл, жарты жыл, тоқсан (айналымдылық коэффициент) жэне кэсіпорынның бір өнім бірлігіне кеткен айналым қаражаттарының алынған сомасы (жүктеу коэффициенті). Бір күндегі айналым қаражатының бір айналымының ұзақтығы (Ұақ) келесі формула бойынша есептеледі: Ұақ= Қақ*К\Т. мұндағы: Қақ - айналым қаражатының қалдығы (орташа немесе анықталған күнге); Т - тауар өнімнің көлемі; К - қарастырып отырған кезеңдегі күндер саны. Бір айналымының үзақтығының қысқаруы айналым қаражатын пайдаланудың жақсаруын көрсетеді. Аныкталған кезеңдегі айналым саны немесе айналым қаражатының айналымдылығы (Аақ) келесі формуламен анықталады: Аақ=Т\Қақ. Неғұрлым айналымдылық коэффициенті берілген жағдайда жоғары болса, соғұрлым айналым қаражаттары жақсы қолданылады. Айналымдағы қаражаттарды жүктеу коэффициенті (Кж) айналымдылық коэффициентіне керісінше, ол келесі формула бойынша анықталады:Кж=Қақ\Т. Айналым қаражатының қайтарымдылық көрсеткіші тағы бір жолмен анықталады, яғни айналым қаражатының қалдықтарына кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен пайда қатынасы арқылы табылады.