Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new корпоративт __аржы гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
261.12 Кб
Скачать

29. .Корпорация қорлары мен шығындарының қалыптасу көздері.

Корпорацияның меншікті капиталы - корпорацияның қаржылық тұрақтылыгын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылган корпорацияның эр түрлі қорлары мен сол сияқты агымдагы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардагы бөлінбеген пайдасы. Сонымен, казіргі корпорацияның меншікті капиталы мынадай баптар құрайды: • жарғылық капитал; . • резервтік капитал; • қосымша капиталдар; • корпорацияның операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылган қорлар (резервтер); • бөлінбеген корпорацияның пайдасы. Корпорацияның жарғылық капиталы корпорацияның заңды түлға ретінде міндетті түрде күрылуын жэне өмір сүруінің экономикалык негізін қүрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Корпорацияның жарғылық капиталы, оның күрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады. Қазақстанда корпорацияның төмендегідей екі ұйымдык формаларда құрыла алады: • акционерлік банк формасында; • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында; Резервтік қор - корпорацияның қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында кұрылған қаражат қоры. Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік кордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік кордың құралуының негізгі көзіне корпорацияның пайдасы жатады. Кейде, корпорацияда пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді. Қосымша капиталдар - негізгі кұралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар. Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау коры, яғни ұлттык валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нэтижесінде курылады. Валюталык каражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды калыптастыру барысында маңызды. Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тэуекелді жабуға жэне бағалы кағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады. Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін жэне резервтік корға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді. Корпорацияның меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады: - корпорация пайдасы; - акциялар шығару; - құрылтайшылар жэне пай косушылар санын арттыру. Кэсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттар негізінде, яғни салықтар мен басқа да міндетті толемдерді өтелгеннен кейін кэсіпорындар мен ұйымдар түтыну қоры мен қорлану корларын құрады. Тұтыну қоры мыналарды қамтиды: - бүкіл персоналдың (өндірістік, өндірістік емес) еңбегіне акы төлеу шығындары; - ақшалай төлемдер, оньщ ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақы мен төлемдер; - еңбегі үшін көтермелеудің ақша және натуралдық нысандағы басқа түрлеріне жұмсалған қаражаттар; - материалдық көмек; - еңбек жэне элеуметгік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар; - еңбек үйымдарының акциялары мен үжым мүшелерінің кэсіпорынның мүлкіне қосқан салымдарына қарай төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар); - басқа да жеке сипаттағы төлемдер. Сөйтіп тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен қызмегкерлерді материалдық көтермелеу жэне эртүрлі элеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын пайданың бір бөлігі есебінен құрылады. Қордың қаражаты қызметкерлердің жеке тұтынуына жұмсалады. Қорлану қоры мыналардың есебінен қалыптасады: - кэсіпорынның қарамағында қалатын пайда (табыс); - негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық төлемдер; - шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-қаржы;- банктердің несиесі;- басқа да көздер.Қорлану қоры үлғаймалы өндірісті қамтамасыз етуге арналған шығындарды қаржыландырады, яғни: негізі жэне айналым капиталдарын молайтуға (арттыруға); ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге; - табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;- өндірістік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдал анылады.Ірі кэсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына қүрылу көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынандай жеке қорлар құра алады: еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, элеуметтік даму т.б. қорлары.Кэсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мынандай көздерден қалыптасады:- экспорттан валюталық түсім-ақша;- жарғылық капиталға түсетін жарналар;- банктердің, оның ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды түлғалардың валюталық несиелері;- ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;- резидент еместерге көрсететін қаржы көмегі (гранттар). Шығындар дегеніміз - өнімді өндіру, өткізу шығындарының, сауда делдалдарының қызметтеріне байланысты шығындардың, басқа да өндірістік емес іс-эрекеттерді қаржыландыруға байланысты болатын шығындар жиынтығының ақшалай формадағы көрінісі. Өндіріс процесіне қатысу дэрежесіне байланысты шығындар негізгі жэне үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындар өндіріс процесімен тікелей байланысты, ал үстеме шығындар өндірісті басқарумен байланысты. Өндірістік қордың ұдайы өндірісіне жүмсалатын шығын өндірістің үздіксіздігін және өнімді өткізуге қажетті жағдайларды, қатынастарды қамтамасыз етеді. Негізгі қорлардың қалыптасуы мен ұдайы өндірісіне жұмсалатын шығындар корпорацияның меншікті қаражаты және банктік несие есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік-мәдени шараларға жүмсалатын шығындар кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік-мэдени жэне түрғын үй жағдайларын жақсартуға, мамандарды дайындауға, жүмысшылардың кэсіби біліктілігін көтеруге бағытгалады. Олар өндірістік емес бағыттағы негізгі қорларды қалыптастыруға жэне жаңартуға жүмсалатын шығындар, мэдени орындар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептегі балалар демалатын, медициналық қызмет көрсететін осы топтың құрамына кіреді. Ұжымның элеуметтік дамуын қамтамасыз етумен байланысты шыгындар өнімнің өзіндік қүнына қосылмайды жэне бұл шығындар пайда, бюджетгік жэне мақсатты түсімдер, кэсіподақ мекемелерінің қаражаты, мэдени орындардан түскен табыс жэне т.б. түсімдер есебінен жүзеге асырылады. Операционды шыгындар - бұл шығындарды қаржыландыру көзіне кэсіпорынның пайдасы, бюджеттен бөлінген қаражаттар, ғылыми-зерттеу жүмысына тапсырыс берушілерден түскен түсімдер құрайды. Бүл топтағы шығынның ерекшелігі -ұзақ уакыттағы сипатқа ие, көлемі жагынан түрақсыз (шығын), бұл шығындар ұзақ уақыт бойы өтеледі. Сондықтан да өнімнің өзіндік құнына қосылмайды. Бұл шығынның жұмсалу бағыты: өнімнің тиімділігін жэне сапасын жақсартуға қабілеттілігі зор.Ол өндіру мен өткізуге байланысты шығындар жатады. Өндіріске жүмсалатын шығындар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:1) Өнімнің өзіндік қүнына жатқызу тэсіліне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.Тікелей шығындар дегеніміз - жеке өнімдер түрін өндірген кезде өндірілген өнімнің өзіндік құнына бөгетсіз тікелей жатқызылатын шығындар. Мысалы, шикізатгар мен негізгі материалдар т.б. Жанама шығындар дегеніміз - жеке бір өнімнің шығындарына жатқызылмайды, өйткені олар кәсіпорынның жалпы іс-әрекетімен байланысты болады, яғни құрал-жабдықты пайдалануға жэне ұстауға байланысты, ғимаратты жөндеу жэне ұстаумен байланысты шығындар, жүмысшылардың еңбекақысымен байланысты шығындар жэне т.б. Бұл шығындар өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жэне есепке алу, жоспарлау мэселелері бойынша салалық-эдістемелік ұсыныстарда анықталған арнайы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік қүнына қосылады.2) Өндірістің көлемімен байланысты шығындар шартты-түрақты жэне шартгы-өзгермелі шығындар болып бөлінеді. Шартты-түрақты шыгындар дегеніміз - өнімді шығару көлемінің өсуіне немесе азаюына байланысты жалпы көлемі айтарлықтай өзгермейтін шығындар (пропорңионалды емес шығындар деп те атайды). Шартты-түрақты шығындарға: баскару персоналына еңбекақы төлеу, амортизациялық аударымдар, әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерге жүмсалатын ақшалай шыгындар т.б. жатады. Шартты-өзгермелі шыгындар өнімді шығару көлемінің өзгеруімен байланысты шығындар өседі немесе азаяды. Шартты-өзгермелі шығындарға: технологиялық жанармай жэне энергия, өндіріс жүмысшыларының еңбекақысы, шикізат, негізгі материалдар және т.б.3) Біртектес деңгейіне байланысты шығындар кешенді жэне элементтік болып жіктеледі. Кешенді шығындар шығынның әртүрлі элементінен түрады. Бүл бағытгағы шығындар нақты экономикалық бағыты бойынша топтастырылады. Элемент бойынша шығынды топтастырудың мақсаты -өнімнің түрлері бойынша өндіруге кеткен барлық шығындарды анықтау. Мысалы, (мынадай элементтерді бөліп қарастырады. Шығындар элементі бірыңғай экономикалық мэнге ие. Бір топтағы шығындардың жұмсалу бағыты эр түрлі.) материалды шығындар, еңбекақы, негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]