Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new корпоративт __аржы гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
261.12 Кб
Скачать

1.Корпоративтік қаржының түсінігі мен мазмұны.

Ірі акционерлік қоғамдар экономиканың корпоративті секторын кұрайды. Олар нарықтық жағдайда бизнесті ұйымдастырудың эртүрлі жэне қазіргі заманның талаптарына сай технолоғияларын қолданады.Сонымен қатар ірі акционерлік қоғамдардың қаржыларының жиынтығы түріндегі корпоративті қаржылар компания мен экономиканың басқа да қатысушылары арасындағы қаржылық нысанындағы әртүрлі ішкі жэне сыртқы қарым-қатынастарын білдіреді. Олар компанияның табыстарын қүру, бөлу жэне пайдалану процесінде пайда болады. Корлоративті қаржылар ақша қатынастарының ауқымдылығымен жэне эртүрлілігімен ерекшелінеді. «Корпорация» (латын сөзінен алынған) - тап немесе маманданған мүдделерімен біріккен қоғамдасты, қоғам, одақ, тұлғалар тобын білдіреді. Ол капиталистік жүйеде кеңінен қолданылатын акционерлік қоғам формасы, қазіргі кезеңде монополиялық бірлестіктердің негізгі түрлеріне айналып отыр. Басқа бизнес үйымдарымен салыстырғанда корпорациялардың айрықша белгілері — олар меншік иелеріне тәуелсіз қызмет етеді, сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен немесе жеке кэсіпкерлікпен салыстырғанда маңызды артықшылықтары бар. Корпорация меншік иелеріне шектеулі емес жауапкершіліксіз өз атьтнан ақшалай нысанда капитал тарту құқығына ие. Сондай-ак корпорацияға қатысты кемшіліктерді қанағаттандыру ушін акционерлердің жеке мулкін тәркілеу мүмкін емес. Корпорация меншігінің бір бөлігіне қүқығы акционерлік капиталдагы үлесімен расталады, мүндағы эр акция иеленушіге акцияның жалпы мөлшеріне сэйкес мүлік бөлігі тиесілі. Көптеген жағдайларда корпорациялар акционерлік қоғам нысанында ұйымдастырылып, оздерін шаруашылық субъектілердің озіндік жэне ерекше түрі ретінде корсетеді. Корпорациялар акционерлік қоғам ретінде келесідей ерекшеліктермен көрініс табады: Біріншіден, компания иелерінің қолында бар, болінген акциялар нысанындағы капиталдары бар ірі компаниялардың акциялары қор нарығында сатылады және сатып алынады. Екіншіден, акционерлік қоғамдардың ерекшеліктерінің қатарына олардың оздерін өз бастамашылығымен қызмет атқаратын занды тұлға ретінде көрсетуінде. Үшіншіден, акционерлік қоғамдар өндірістік жэне коммерциялық қызмет мақсатында ұйымдастырылады. Төртіншідеи, қазіргі заманның акционерлік қоғамдары өздерін бизнесті ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде көрсетеді. Олар едэуір қосылған құн жасайды, ірі капитал қорын жинақтайды, қарыздың жоғары деңгейін болдырмауға тырысады, үлкен табысқа ие және жетекші қаржылық технологияларды қолданады.

2.Корпорациялар қаржысының функциялары.

Корпорация қаржысы дегеніміз – қолдануға қажет пайда және ақша қорларды, капиталды қалыптастырудағы және шаруашылық қызмет прпоцесінде туындайтын ақша қатынастарының жүйесін білдіреді. Корпорация қаржысы 3 функция атқарады: капиталдың, пайда және ақша қорларының қалыптасуы; капиталды, пайда және ақша қорларын пайдалану; бақылау.

1.Капиталдың, пайда және ақша қорларының қалыптасу функциясы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.Корпорация мен кәсіпорынның қаржы жоспарындағы(бюджетіндегі) қоры тауардан түскен түсімнен құралады.Осы қордан салықтар мен міндетті төлемдер төленеді.

2.Капиталды, пайда және ақша қорларын пайдалану функциясы қаржының екінші қызметінің(бақылау) экономикалық құрылымын атқарады.

Кәсіпорын пайданы пайдалану процесінде мыналар жүзеге асырылады: оның бөлінуі; қайта бөлу – мемлекеттің бюджет жүйесіне табыс бойнша салық төлегенде; тауар формасындағы құн ағынынан қалыптасқан ақша қорындағы табыс бойынша пайда болған нақты шығындар(Ақша-Тауар және Тауар -Ақша).

3.Бақылау функциясы осы екі функцияның жүзеге асырылып отырылуын қамтамасыз етеді.

Корпорация қаржылары олардың шаруашылық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды кіріс пен шығыс қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі. Басты функция – ШЖС қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады. В.В.Бочаров және В.Е.Леонтьевтің ойлары бойынша нарықтық шаруашылық жағдайында корп.қаржының мына үш функциясы заңды түрде танылған: Капитал,кіріс және ақша қорын қалыптастыру ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамт.ету үшін қажет. Тауар сатудан алынған түсімді бастапқы бөлу есебінен кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржы жоспарында көрсетілетін арнайы қоры құрылады. Сонымен, бұл функцияны келесі шаруашылық операциялар атқарады: АҚ жарғылық және резервті капиталын құру және толықтыру; Қор нарығынан даму мақсаттары үшін қаржыландыру көзін тарту; Несие капиталы нарығынан кредит пен қарызды жұмылдыру; Тауар сату түсімі құрамында п.б ақша қорын шоғырландыру; Бөлінбеген пайданы қалыпт. Арнайы мақсатты қаражатты қалыптастыру.Капитал, кіріс және ақша қорын қолдану функциясы кірісті пайдалану процесінде: Бөлінеді(бастапқыда c+v+m құрамдас элементтерге бөлу); Қайта бөлінеді – мемлекеттің бюджет жүйесінде КТС-ті төлегенде; Таза пайда есебінен п.б ақша қорын нақты жұмсау, ал сол кезде оған тауарлық нысандағы құн қарсы қозғалыс жасайды( А-Т және Т-А). Ол келесі экон.процестерді атқарады: 1) капиталды айналымнан тыс және айналым активтеріне салуды оңтайландыру.2) салық төлемін қамт.ету; 3) бос ақша қаражатын ең өтімді активке салу; 4) кірісті тұтыну даму және резерв құру мақсатында салу; 4) капиталды,кіріс, ақша қорын пайдаланудың есебін жүргізу және талдау. Нәтижесінде корп.капиталының құны барынша жоғары шамаға жетеді. Үшінші функция қаржы кәсіпорын мен мемлекетте кірістің п.б орай, пайдаланылған кезде оның құндық және материалдық мүліктік үйлесімнің сақталуын бақылау үшін қолд. Бақылау ф-cы іс жүзінде барынша толық немесе одан аз кем іске асырылуы мүмкін. Х-ш-да төмендегідей жүзеге асырылады: Кәсіпорындардың қаржы және бухг.қызметі жеткізушілер материалдық құндылық пен жүк шотын төлегенде өндіріс, айналыс және өнімді тиеу шығынын; д.б өндірілуін және кредиторлық берешектің өтелуін бақылайды; Банкілер - өз клиентін кредиттеу процесінде және оның кассалық тәртіпті сақтауын және салық органы – заңды және жеке тұлға бюджет жүйесіне салық пен жиын төлегенде т.б.