- •Салық және салық салу
- •1. Салыктардын экономикалык мэні және функциялары.
- •2. Жеке табыс салығы
- •3. Корпоративтік табыс салығы: есептеу және төлеу механизмі
- •5. Занды тұлғалардың мулик салыгын есептеу механизми.
- •6. Шаруа кожалыктары (фермерлик шаруашылык) ушин арнайы салык режими
- •8. Акциздер: мәні, алыну механизми
- •9.Корпоративтик табыс салыгы: мани, алыну механизми
- •11. Жер салығын есептеу механизмі
- •12. Акциздер: есептеу және төлеу механизмі
- •13. Рента салыгын есептеу механизми
- •17. Салык жуйеси мен салык саясаты
- •18. Экономиканы салықтық реттеу
- •20. Бейрезидент заңды тұлғаларға табыс салығын салу
- •22.Жеке кэсіпкерлерге салык салу
- •24. Ққс: мэні, алыну механизм!.
- •27. Әлеуметгік салык: мәні, алыну механизмі
- •28. Шагын жэне орта бизнес субъектилери ушин арнайы салык режими.
- •30. Бейрезидент жеке тұлғаларға табыс салығын салу
- •31.Салық қызметі органдарыиыц салыктық бақылауы.
- •32.Төлем көзінен ұсталатын табыстар
- •33. Ойын бизнесіне салық: есептеу және төлеу механизмі
- •34. Мемлекет экономикасын дамытудағы салыктардын экономик. Маңызы және рөлі
- •38.. 3 И9 сурактар.
- •40. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •42. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
- •46. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
13. Рента салыгын есептеу механизми
Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикі мұнай, газ конденсаты бойынша шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi және С.К-нде белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін. Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі С.К-нде белгіленген.
14. Әлеуметтiк салықты есептеу механизми. Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады. Егер С.К-нде өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi С.К-нде белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
15.КР-дагы жер койнауын пайдаланушылардын арнайы салыктары мен толемдери Жер қойнауын пайдаланушьілар-сал.төл.-ҚР аум.техногендік минералды ресурстарды өндірумен ійналысатын з/ж т. Жер койнауын пайдаланушылардын мынадай салыктары мен арнайы төлемдері белгіленеді: үстеме пайда салығы- өнімді бөлу туралы келісімшаттар кең таралган пайдалы казбалар мен жерасты суларын өндіруге. сондай-ак ьарлау мен өндіруге бацланысты жерасты қүрылыстарын салуга жэне пайдалапуга жасалган келісімшарттар бойынша кызметті жүзеге асыратындарды коспаганда. жер койнауын пайдаланушылар осы келісімшарттар пайдалы казбалардың баска түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салык төлеушілер болып табылады. Бонустар жер койнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады. Бонустын мынадай түрі бар: кол коиылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт -жаслатын аумакта жер койнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кұқыгы үшін біржолғы тіркелген толем.Коммерциялық табу-келісімшарт аумагы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалык жағынан тиімді пайдалы казбалардың белгілі бір түрінің запастары. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледi.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серіктестік (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесілі болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылар шоғырландырылған салық есебін жүргізу үшін сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындауға міндетті.
Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт ережелерінде сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындау көзделсе және осы келісім (келісімшарт) бойынша салық салу міндеттемесін орындауды сенім білдірілген тұлға (оператор) жүзеге асырса, онда осы сенім білдірілген тұлға (оператор) мұндай келісімнің (келісімшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режиміне сәйкес аталған келісімнің (келісімшарттың) салық міндеттемесін орындайды.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушы қосымша салық салынуға жатады.
16. МҮЛІК САЛЫҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ Мүлік салығын төлеушілер Мүлік салығын төлеушілер келесілер болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар; 2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер; 3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер. Егер осы бапта өзге жағдай белгiленбесе, келесілер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды: 1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу үрдісінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер; 2) мемлекеттік мекемелер; 3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары; 4) діни бірлестіктер. Салық салу объектісі Қазақстан Республикасының аумағындағы дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн салық салу объектісі төмендегілер болып табылады: 1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген топтастырмаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiк инвестициялары; 2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар. Төмендегілер салық салу объектісі болып табылмайды: 1) Салық Кодексінің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі ретіндегі жер; 2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар; 3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары: бұрылу белдеуі; жолдардың конструкциялық элементтері; жол жағдайы мен оны абаттандыру; көпірлер; өткерме жолдар; виадуктар;жол тарамдары; тоннельдер;қорғаныш галереялары; жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар; су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстар; жол бойындағы орман алаптары; желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері; 4) аяқталмаған құрылыс объектілері.
