- •Салық және салық салу
- •1. Салыктардын экономикалык мэні және функциялары.
- •2. Жеке табыс салығы
- •3. Корпоративтік табыс салығы: есептеу және төлеу механизмі
- •5. Занды тұлғалардың мулик салыгын есептеу механизми.
- •6. Шаруа кожалыктары (фермерлик шаруашылык) ушин арнайы салык режими
- •8. Акциздер: мәні, алыну механизми
- •9.Корпоративтик табыс салыгы: мани, алыну механизми
- •11. Жер салығын есептеу механизмі
- •12. Акциздер: есептеу және төлеу механизмі
- •13. Рента салыгын есептеу механизми
- •17. Салык жуйеси мен салык саясаты
- •18. Экономиканы салықтық реттеу
- •20. Бейрезидент заңды тұлғаларға табыс салығын салу
- •22.Жеке кэсіпкерлерге салык салу
- •24. Ққс: мэні, алыну механизм!.
- •27. Әлеуметгік салык: мәні, алыну механизмі
- •28. Шагын жэне орта бизнес субъектилери ушин арнайы салык режими.
- •30. Бейрезидент жеке тұлғаларға табыс салығын салу
- •31.Салық қызметі органдарыиыц салыктық бақылауы.
- •32.Төлем көзінен ұсталатын табыстар
- •33. Ойын бизнесіне салық: есептеу және төлеу механизмі
- •34. Мемлекет экономикасын дамытудағы салыктардын экономик. Маңызы және рөлі
- •38.. 3 И9 сурактар.
- •40. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •42. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
- •46. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
11. Жер салығын есептеу механизмі
1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты С.К-де белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді. 2. Егер С.К-те өзгеше белгіленбесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi. 3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi. 4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. 5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады. 6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады. 7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады. 8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.
12. Акциздер: есептеу және төлеу механизмі
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстің 279-бабында аталған акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткізуді жүзеге асыратын;
6) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
Осы Кодекстің 279-бабының 5) – 7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.
Мыналар акцизделетiн тауарлар болып табылады:
1) спирттiң барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) темекi бұйымдары;
4) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
5) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;
6) шикi мұнай, газ конденсаты.
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.
Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Акциз салығының ставкасы адволорлық ж/е тұрақты ставкамен есептеледі. Адволорлық ставка - әр тауар түрі б-ша ставканың дербес белгіленуі (прогрессивті, регрессивті, пропорционалды.)
Акциз салығының обьектісі тауардың физикалық н/е сандық көрсеткіштеріне б-ты дербес анықталады (өткізу, жөнелту, сату ж/е т.б)
1) Акцизделетін тауарлардың экспортына;
2) этил спирті мен алкогол өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі:
3)өндірушінің аталған өнімді өндіру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдік және фармацевтік препараттарды дайындау үшін;
4)тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылатын этил спиртіне;
5) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салудан босатылады.
