Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new гос._Салык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

30. Бейрезидент жеке тұлғаларға табыс салығын салу

Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына ставкалар бойынша төлем көзінен табыс салығы салық шегерімдері жүзеге асырылмай салынады. Яғни:

1) осы баптың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар –15 процент;

2) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар – 20 процент;

3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 процент;

4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 процент;

5) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар – 5 процент;

6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти –15 процент.

Бұл ретте резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды салық агенті жүргізеді.

Осы баптың ережелеріне қарамастан, осы баптың 8-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің 197-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстарынан төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару осы Кодекстің 197-бабына сәйкес жүргізіледі.

Осы Кодекстің 163 - 165-баптарында айқындалған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18) - 22) тармақшаларында айқындалған резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмай, осы Кодекстің 161, 167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

4. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеудің нысаны мен орнына қарамастан, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға табысты төлеу кезінде ұстайды.

5. Осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің жұмысы үшін берілген шетелдік персоналдың табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті персоналды берген резидент емес заңды тұлғаға табысты төлеу кезінде жүргізеді. Бұл ретте мұндай шетелдік персоналдың табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді және аударуды салық агенті ай сайын осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

6. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:

1) дара кәсіпкерге;

2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;

3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Респуб­ликасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.

Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;

4) заңды тұлғаға, оның ішінде осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент емес оған шетелдік персоналды берген, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске;

5) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі.

7. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығының сомасын бюджетке аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]