Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геофизика ответы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.29 Mб
Скачать

31.Мұнай және газ кен орындарының ұңғыма қималарында қандай элементтердің бар болуы нейтронды әдістер көрсеткішіне кедергі келтіреді.

32.Нейтронды гамма әдістер қандай мәселелерді шешеді? НГк әдісі мұнай жіне газ ұңғымаларын зерттеуде басты әдістің бірі болып саналады. Басқа да геофизикалық әдістерімен қоса НГК ұңғыма қимасын литологиялық жіктеуге, коллекторларды бөлуге, кеуектілікті бағалауға, су мұнай және газ мұнай жапсарларын және басқада мақсаттар шешу үшін жүргізеді.

33.Нейтронды әдістер диаграммасы бойынша коллекторлар қанықтылығын анықтау.Қабаттардың шекарасы мен қалыңдығын анықтау. НГК әдісінде қабаттардың жапсары мен қалыңдығы ГК әдісіндегідей сияқты аномалияның жартылай максимум ережесі бойынша анықталады. Зонд ұзындығының әсерінен максимумның жартысына сәйкес келетін нүкте қарқындылығы төмен қабат табанында төмен қарай 0,1L-ге, ал жабынын – шекарадан жоғары 0,3L-ке ығысқанымен, мұндай қателіктерді ескермеуге болады, өйткені 1:200 немесе 1:500 жазу масштабтарында бұл кателіктер 1мм-ден аспайды.

НГК әдісімен ұңғыма қимасын литологиялық жіктеудің практикалық мысалы келтірілген.НГК диаграммасында ең төменгі көрсеткішімен саз бөлінеді, ең жоғары көрсеткіш – 2296,2310 ,2331 м тереңдіктегі жұқа тығыз карбонатты таужынысқа сәйкес келеді. ПС диаграммасында саз қарқынды оң танбалы аномалиямен, ал ГК диаграммасында жоғары деңгейдегі табиғи радиобелсенділікпен сипатталады. Құмайтастар құмтаспен бірдей НГК деңгейімен, дегенмен оң танбалы ПС аномалиясымен сипатталады.

34.Импульсті әдістердің ерекшеліктері.ИНК әдісімен әртүрлі геологиялық мәселелер шешіледі. Мұнай жіне газ ұңғымаларында қиманы литологилық жіктеу барлау және пайдалу ұңғымаларында ВНК ГНК ГВК жапсарпларының орнын анықтау; рудалық ұңғымаларда- нейтрондық қасетері жоғары элементтердің мөлшерін анықтау.

Мұнай ұңғымасында ИННК-Т әдісімен өлшеу үздіксіз жәнеде белгілі бір нүктелерде жүргізіледі. Үздіксіз жүргізу кезінде жылу нейтрондарының ағын тығыздығы әр түрлі кідіріс уақытымен ( ∆τк тұрақты) бір кезде екі диаграмаға жазылады. Ұңғымалық аспап төменен жоғары қарай шамамен120 м/сағ жылдамдықпен жылжыйды (прибор уақыты уақыты тұрақты, 12с –ке тең)

Екі каналдағы өлшенген көрсеткіштер айырымы арқылы ( әр түрлі кідіріс уақыттармыен) жфлу нейтрондарының орташа өмір сүру уақытын τп анықтайды. Бұл көрсеткіштердің бір- бірінен айырмашылығы жоғарлағансайын τп мәні азая бастайды. τп 2 –τ1 /Ln N1 - LnN2

Қазірде τп параметірін автоматты түрде есептеп, оны тіркеуішке жіберетін арнайы аспаптар бар жылу нейтрондарының орташа өмір сүру уақыты ортадағы сутек және нейтрондар сіңіргіштері (хлор) мөлшеріне байланысты. Мұнаймен немес тұщы сумен қаныққан қабаттар үшін τп =0.3-0.6 мс; минералданған сумен қаныққан қабаттары үшін τп =0.11-0.33 мс; газбен қаныққан қабаттар үшін τп =0,6-0,8 мс

Сонымен τп параметрі бойынша минералданған сумен қаныққан қабаттар мұнаймен және газбен қаныққан қабаттармен өзгешеленеді. `Мұнай және газ кен орныдарын пайдалану кезінде ВНК және ГВК жапсарларының өзгерісін ИННК-Т әдісімен анықтау міне осы өзгешелікке негізделген.

Егер қабатты сулар жоғары мөлшерде минералданған болса (1 г/л –ден жоғары) су қаныққан және мұнай қаныққан қабаттарды бөлу ИННК әдісінің жоғары кідіріс уақытымен сипатталатын бірғана қисығымен анықтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]