
- •2. Қр конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және тәсілі
- •4. Конституциялық құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нышандары, ерекшелiктерi, түрлерi
- •5. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi. Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көздерi ретінде Конституцияның түсінігі, ерекшеліктері.
- •6. Конституциялық құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен мазмұны Конституцияның функциялары, мазмұны мен құрылымы
- •7. «ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация, оны саяси-құқықтық талдау.
- •8. Қр тәуелсіздігінің қалыптасу және даму процесі. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау
- •9. 28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
- •10. 30.08.1995 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi және жаңалықтары.
- •11. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртібі. Қр Конституциясына енгiзілген өзгертулер мен толықтырулар
- •12. Қр Конституциялық құрылысы: ұғымы, негiздерi
- •13. Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары
- •14. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
- •15. Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- •18. Қазақстанда бейбіт жиналыстар, демонстрация, митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- •20. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
- •21. Саяси және әлеуметтiк-экономикалық құқықтар мен бостандықтар
- •22. Азаматтық: ұғымы, қағидалары. Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi
- •23. Азаматтық мәселелерiмен айналысатын субъектілер. Олардың өкiлеттiктерi.
- •24. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
- •25. Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
- •26. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
- •27. Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары
- •28. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
- •29. Сайлау органдары, сайлау округтері және сайлау учаскелері
- •30. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •31. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •33. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
- •34. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi
- •35. Қр Президентiнiң актiлерi.
- •38. Палаталардың бөлек отырысында қаралатын мәселелер.
- •39. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
- •40. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
- •41. Парламенттiң жұмыс және үйлестіруші органдары.
- •42. Қр Парламентiн тарату.
- •43. Парламент депутаттарының мәртебесi.
- •44. Парламент палаталарының депутаттарын сайлау.
- •45. Қр Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер
- •46. Үкiметтiң мәртебесi, атқарушы органдар жүйесiндегi орны, құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі
- •47. Қр Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуі
- •48. Конституциялық қадағалаудың түсінігі, мәні және органдары.
- •49. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты, өкілеттіктері.
- •50. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
- •51. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
- •52. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
- •53. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •55. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
- •56. Мәслихаттың өкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •57. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
- •58. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы
- •60. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi
12. Қр Конституциялық құрылысы: ұғымы, негiздерi
Конституциялық құрылыс мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды
Конституциялық құрылыс негіздері – бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі қағидалары. Жоғарыда айтқанымыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мемлекеттік басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған..
Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында аталғандай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:
1. Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:
1) халық билігі
2) идеологиялық және саяси алуандылық;
3) жергілікті өзін-өзі басқару;
4) өкілді биліктің болуы;
5) сөз бостандығы;
2. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. мемлекетте құқықтың үстемдік етуі. Белгілері:
1) заңның жоғарылығы;
2) соттың тәуелсіздігі;
3) жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;
5) биліктің бөлінуі;
6) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.
3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет.Белгілері:
1) жұмыссыздықтан қорғау;
2) отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдарды қорғау;
3) әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту
4) адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;
5) еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті; .
4. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет – бұл мемлекеттің діннен бөлінуі. Белгілері:
1) дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды
2) мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;
3) барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей.
5. Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуелсіз, дербес болуы. Оның белгілері:
1) тұтастығы мен қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі жарияланған аумағы болады;
2) мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабылдауға құқылы;
2) мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;
3) бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;
4) қаржы жүйесін өзі анықтайды – ұлттық валютасы болады;
5) қарулы күштерін құрады;
6. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Біртұтас мемлекет әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша бірліктерге бөлінеді (облыс, аудан, қала, т.с.с.), бірақ тиісті бірліктердің басқару органдары мен олардың қызметі жалпымемлекеттік нормалармен реттеледі.
7. Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағидаты танылады.
8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері.
Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.
9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық татуластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу.