Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
макро шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

9.Жиынтық сұраныс шоктарының теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.

Экономикадағы сілкіністер жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың өзгеруінен басталады. Сыртқы әсерлердің нәтижесінде болған сәйкес қисықтардың қозғалыстарын экономикалық сілкіністер немесе шоктар деп атайды. Мысалы: банк шоттарынан ақшаны тарату үшін автоматтардың құрылуы. Бұд қолма-қол ақшаны алуды жеңілдетіп, ақша қорларына халықтың сұранысының төмендеуіне алып келеді. Ал ақша қаражаттарының қорларына сұраныстың төмендеуі ақшаның айналу жылдамдығының жоғаылауына әкеледі. Яғни адамдар автоматтардың пайда болуымен қолдарында аз ақша ұстайды да, ақша біршама тезірек айналады. Осылай автоматтардан адамдар қолма-қол ақшаны жиі алатындықтан ақшаны алу мен оны жұмсаудың арасында аз уақыт қалады, яни ақшаның айналу жылдамдығы жғарылайды. Оны мына формуладан көруге болады:

M/P= kY, k=1/V

Я ғни, егер ақша массасы өзгеріссіз қалса, онда қолма-қол ақшаның айналу жылдамдығының өсуінің нәт-де жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды.

→M↑→k↓→V↑→ AD ↑

Қысқа мерзімді кезеңде AD ның өсуі өндіріс көлемінің өсуін білд-ді. Фирмалар өнімінің көбісін бұрынғы бағамен сатады. Сондықтан олар жұмысшыларды көбірек жалдайды, жұмыс уақытын өсіреді және өнд-тік кәсіпорындарды барынша интенсивті қолд-ды. Ал ұзақ мерзімде жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі бағалар мен жалақының жоғарылауына алып келеді. Бағалар өскен сайын өнімге сұраныс азаяды, ал өндіріс деңгейі бірте-бірте табиғи деңгейге жақындайды. Біра бағалардың біршама жоғары деңгейге өту кезінде тауарлар мен қызметтердің көлемі табиғи деңгейден артық болады.

10.Ақша мәнін ашу, ақша функциялары. Ақша агрегаттарының жіктелімі. Ақша сандық теориясы. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер теңдігі.

Ақша деп төлем құралы ретінде пайдалануы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды – тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар, балта және т.б. Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы. Бірте-бірте тауарлық ақшаны қағаз ақшасы ығыстырып жіберді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер «алтын стандартқа» көшті. Ақша алтынға бекітілген тепе-теңдік бағамы бойынша айырбасталатын болды. Алтын стандарт І Дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылды. 1944 жылы дамыған елдер Бреттон-Вуд келісіміне келді, ол бойынша жетекші валюталар АҚШ долларына байланатын болды, ал доллар алтынға айырбасталатын болды. Бұл келісімнің күші 1972 жылға дейін созылды. Қазіргі кезде ұлттық валюталардың икемді бағамдары әрекет етуде.

Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.  1.Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшемі қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. 2.Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады. Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу дәне сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін.  Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді. 3.Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.  4.Ақша – қорлану және жинау құралы ретінде. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы жинау қажет. Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 5.Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационналдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Ақша агрегаттары – орталық банк қолданатын ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер.

Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады. Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі.

М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер

Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.

М2 = М1 + коммерциялық банктердің жедел шоттарындағы ақша.Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.

М3 = М2 + Қысқа мерзімді бағалы қағаздар, банк сертификаттары, т.б.

L=M3 + мемлекеттік бағалы қағаздар.

Ақшаның сандық теориясы былай мына білд-ді:ақша ұсынысы елде баға деңгейін анықтайды. Яғни, егер ақша үсынысы өссе, онда баға деігейңі де өседі. Ақшаның сандық теориясы сипатында Фишер теңдеуі қолданылады:

MV=PQ

M-айналымдағы ақша мөлшері, V – ақша айналымының жылдамдығы,P- баға,Q- өндірілген өнім көлемі.

Ақша айналу жылдамдығы көрсетеді, орташа бір жылда қанша рет ақша бірлігі қызмет пен тауар айналуына жұмсалады.

Ақшаның сандық теориясының теңдеуін пайыздық формуламен көрсетуге болады:

M% өзгерісі+ V%өзгерісі = P%өзгерісі + Y%өзгерісі

Атаулы және нақты пайыз мөлшерлемесі арасында мынандай байл-с бар:

1+r = (1+i)/(1+π), мұндағы r – нақты пайыз қойылымы, i – номиналды пайыз қойылымы, π- инфляция қарқыны. Егер инф-я қарқыны 0-ге тең болса, онда нақты пайыз атаулы пайыз қойылымына тең болады. Инф-ның аз қарқынындағы сәйкес шамамен алғандағы бай-с мынадай: r=i- π, бұл арақатынас i=r+ π түрінде Фишер теңдеуі деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]