Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
макро шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

3.3 Сурет. Жоспарланатын инвестициялар

Яғни, инвестициялық функция I = I(r) кемімелі болып табылады.

Инвестициялық қисықтың қалпына әр түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, болашаққа оптимистік болжау I(r) инвестициялық қисықты оңға, ал пессимистік болжау оны солға жылжытады.

Мемлекет өз шығындарын мақсатқа сәйкес қажетті көлемде жұмсайды. Сондықтан мемлекеттік шығыстар G үкіметтің экономикалық саясатының құралы болып табылады.

Инвестицияның функциясын келесідей көрсетуге болады:

I = e – dr

e – тәуелсіз элемент; автономды инвестиция. Пайыз мөлшерлемесіне байланысты емес.

d – I мен r дың арасындағы байланысты көрсетеді, ол инвестицияға сұраныстың икемділігі. Ал инвестицияға сұраныстың нүктелік икемділігі былай анықталады:

d = E(i) = *

Бұл теңдеу пайыз мөлшерлемесі бір бірлікке өзгергенде, инвестициның қанша бірлікке өзгеретіндігін көрсетеді.

6.Жиынтық сұраныстың және оны құрайтын бөліктердің және ad-ға әсер ететін факторлардың сипаттамасы

Жиынтық сұраныс-бұл тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни үй шаруашылықтарының, фирманың, үкіметтің кез/келген баға деңгейінде сатып алуға дайын нақты ұлттық өнім көлемі.

АД жиынтық сұранысының элементтері:

1.Тұтыну:

2.Инвестиция;

3.Мем/к шығын;

4.Таза экспорт.

Жабық экономикада таза экспорт нөлге тең.

Жиынтық сұраныстың осы уш элементі ұлттық шоттың келесі теңдеуінде көрсетілген:Y=C+I+G

Жиынтық сұраныстың элементтері:

1.Тұтыну. Экономикада өндірілген өнімнің көп бөлігі тұтынуға кетеді. Үй шаруашылықтары еңбектен және капиталға меншіктен табыс алады, үкіметке салық төлеп, содан соң салықтан кейін өз табысының бір бөлігін тұтынуға, ал бір бөлігін жинақтауға жұмсайды. Оныің алатын табысы У, ал салық Т, сонла қолдағы бар табысы У-Т-ға тең. Тұтыну ф-сы:

С=С(У-Т) Неғұрлым қолдағы бар табыс жоғары болса, соғұрлым тұтыну мөлшері жоғары болады. Тұтынудың сызықтық ф-сы:

С= +с(У-Т), мұндағы - автономды тұтыну, с-тұтынуға шектік беймділік немесе МРС. Ол дегеніміз – қолдағы бар табыс бір бірлікке өзгергенде, тұтыну мөлшері қанша бірлікке өзгеретінін көрсетеді. МРС=

Тұтыну ф-сы:

С

МРС С=С(У-Т)

У-Т

2. Инвестиция. Инвестицияның ф-сы: I=I(r), инвес-я ф-сы пайыздың нақты мөлшерлемесі мен инвестициялар арасындағы кері байланысты білдіреді. r – нақты пайыз мөлшерлемесі, ол инф-ның ықпалына түзетілген атаулы пайыз мөлшерлемесі, ал номиналды пайыз мөлшерлемесі – і – инвесторлардың ақша займы үшін төлейтін пайыз мөлшерлемесі.

i=r+π

r

I=I(r)

І

Инвес-ң сызықтық ф-сы: I=e-dr, е-автономды инвестиция, d- I мен r –дің арасындағы байл-ты көрсетеді, ол инвестицияға сұраныстың икемділігі: d= E(i)= *

3. Мемлекетті шығындар G тауарлар мен қызметтерге, яғни жиынтық сұраныстың 3 ші элементі боылп табылады. Ол республикалық үкімет пен жергілікті органдардың түрлі шығындары.

Біз жиынтық сұранысты ақшаның сандық теориясының базасында қарапайым теңдеуді құра аламыз:

MV =PY,

мұндағы: М – ақша ұсынысы;

V – ақша айналымының жылдамдығы;

P – баға деңгейі;

Y - өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.

Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді:

М / Р = ( М / Р) = kY,

мұндағы k = 1/V.

Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы М/Р=(М/Р) сұранысқа, ал сұраныс өндірілген өнім көлеміне пропорционалды екенін көрсетеді.

Жиынтық сұранысқа баға және бағалық емес факторлар әсер етеді. Баға факторының әсерінен Р баға деңгейі көтерілсе, У өнім шығару көлемі қысқарады, яғни Р ж/е У арас/ғы кері тәуелділік механизмін көрсетеді. Өзгеріс тек АД қисығының бойымен ғана өзгереді. Яғни, АДға әсер ететін баға факторының нәтижелері келесі:

1. Пайыздық мөлшерлеменің әсері елдегі бағалр жоғарылағанда нақты ақша массасысының көлемі төмендейді. Оның төмендеуі пайыздық мөлшерлеменінің жоғарылауына алып келеді.Ал пайыз жоғары болса, инвестицияға сұраныс төмендейді, AD төмендейді. Р↑r↑AD↓

2. байлық/ң нәтижесі елдегі бағалар деңгейінің өзгерісі халық/ң нақты байлығының шамасына әсер ететіндігін білдіреді: Р↑байлық↓AD↓

3.импорттың нәтижесі: Елдегі бағалар жоғары болғанда шетелдік тауарлар арзан болады, сондықтан халық шетелдік тауарларды көбңрек сатып алады, сондықтан таза экспорт төмендейді де, жиынтық сұраныс та төмендейді.Р↑хпAD↓

Жиынтық сұранысқа бағадан тыс факторлар әсер еткенде АД қисығы оңға жоғары немесе солға төмен жылжиды. Бағалық емес факторларға: 1)тұтынушы/ң шығын/ң өзгеруі:а)тұтынушы/ң әлеуметтік жағдайы; ә)тұтынушы/ң күтімі; б)тұтынушы қарыздары; в) салықтық мөлшерлеме 2)инвестициялық шығын/ң өзгеруі: А)%-қ мөлшерлеме; б)инв/н күтілетін пайда деңгейіне; в) кәсіпорынның салықтық мөлшерлемесіне;г)технология; 3) мем/к шығын/ң өзгеруі; 4)нақты экспорт көлем шығындарының өзгеруінің нәтижесінде: шет елдегі ұлттық табыстың өзгеруі:валюталық бағалардың өзгеруі; Бағалық емес фактор әсерінен жиынтық сұраныс не азаяды н/е көбейеді.АД қисығы оңға жоғары н/е солға төмен қозғалады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]