
- •Макроэкономика пәнінің, әдісінің сипаттамасы. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Айналым үлгісі.
- •Жіө және жұө сипаттамасы. Есептеу әдістерінің жіктелімі.
- •Ұлттық шоттардың негізгі көрсеткіштерін өлшеу және ашып көрсету
- •Шығындардың негізгі компонеттері, негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Тұтыну функциясы, инвестициялық функция. Графикалық түсіндірілімі.
- •3.3 Сурет. Жоспарланатын инвестициялар
- •6.Жиынтық сұраныстың және оны құрайтын бөліктердің және ad-ға әсер ететін факторлардың сипаттамасы
- •7.Жиынтық ұсыныс қисығын құру және as-қа әсер ететін факторлар. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық, классикалық тәсілдемелері. Графикалық түсіндірілімі.
- •8.Инфляция мәні, өзгерісі, салдары, түрлері, және ұсыныс шоктары. Тұрақтану саясаты.
- •9.Жиынтық сұраныс шоктарының теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •10.Ақша мәнін ашу, ақша функциялары. Ақша агрегаттарының жіктелімі. Ақша сандық теориясы. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер теңдігі.
- •Ақшаға сұраныс үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Ақшаға ұсыныс үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі. Ақша базасы және ақша массасы, мультипликаторлар.
- •Еңбек нарығының сипаттамасы, жұмыссыздықтың түрлері және себептері. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.
- •Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеу. Төлем балансы.
- •16. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік. (Модель ad-as).Теоретикалық және графикалық түсіндірілімі
- •17. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пе жиынтық ұсыныс тепе-теңдігінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі
- •18. Экономикалық тербелістер. Жабық экономикада жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың әсері.
- •19. Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік сипаттамасы. Кейнс кресі. Инфляциялық, рейессиондық үзілістер.
- •3.6 Сурет қолмен салыңдар
- •20. Бюджет-салық саясатының тепе-теңдікті табыс деңгейіне әсерінің салдарын анықтау (кейнс кресі)
- •3.7 Сурет. Қолмен жазыңдар
- •21. Is қисығын шығару. Is қисығының қозғалуына әсер ететін факторлар. Графикалық түсіндірілімі
- •Ақша нарығындағы тепе теңдік. Lm қисығын шығару. Lm қисығының қозғалуына әсер ететін факторлар.
- •23.Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе- теңдік сипаттамасы. Is-lm үлгісі. Саясаттардың тепе теңдікке әсерінің графикалық түсіндірілімі.
- •24.Ағымдық операциялардың шоттары (Nx) өзгерісіне әр түрлі саясаттардың сипатын анықтау. Графикалық түсіндірілімі
- •25. 10. Ашық экономика үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Айырбас бағамдарының түрлерін, әсер ететін факторларын анықтау, графикалық түсіндірілімі.
- •. Нақты айырбас бағамының сипаттамасы. Сатып алушылық мүмкіндік паритетінің теоретикалық және графикалық көрсетілімі. Ортақ баға заңы.
- •Солоу үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Экономикалық өсуде шығу көздерін анықтау. Технологиялық прогресс пен халық саны өсуінің әсері. Жинақ нормасының өзгересі.
- •Солоу үлгісіндегі стационарлық тәртіптің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі. Жинақтаудың «Алтын тәртібі»
Тұтыну функциясы, инвестициялық функция. Графикалық түсіндірілімі.
Тұтыну функциясы:
ЖІӨ құрамында тұтыну үлесі оның үлкен бөлігін (2/3) құрайды. Тұтынушылық шығыстарға тамақ өнімдеріне, киімге, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарларға, ойын-сауыққа кеткен шығыстар енеді. Әр түрлі тұтыну теориялары бар. Дж.М. Кейнстің айтуынша тұтынудың көлемімен құрылымын анықтайтын бас фактор болып қолдағы жеке табыс DI табылады. Мұнда қолдағы жеке табыс У – T тең болып қабылданады, яғни шығарылым минус таза салықтар.
Кейнсиандық тұтыну функциясы келесі түрде жазылады:
C = C(У – T), тұтыну көлемі қолдағы бар табысқа тура тәуелді.
Бұл теңдеу мынаны көрсетеді: тұтыну қолдағы бар табыстың функциясы болып табылады. Тұтыну көлемі мен қолдағы бар табыстың арасындағы тәуелділік қарапайым тұтыну функциясы деп аталады.
ал сызықтық түрде:
С = С0 + c. (У– T), 0 < c < 1.
с
коэффициенті қолдағы табыс бір бірлікке
артқанда тұтыну қандай шамаға өсетінін
көрсетеді. Бұл шама тұтынуға шектік
бейімділікке (МРС) тең және 2.2. суретінде
тұтыну қисығының көлбеуіне сәйкес
келеді. MPC=
MPC
С=с(У-Т)
3.2 Сурет. Тұтыну қисығы
Жинақтауға шектік бейімділік MPS = 1 – MPC, ал С0 шамасы автономды тұтынуды білдіреді. Салықтардың Т өсуі тұтыну қисығын төмен жылжытады, ал азаюы – жоғары.
Сонымен қатар, тұтыну мен жинақтауға орташа бейімділік сияқты көрсеткіштер кездеседі. Тұтынуға орташа бейімділік – бұл қолдағы бар табыстың бірлігіне келетін тұтыну көлеміні шамасы:
APC
=
Инвестициялық функция.
Фирмалар да, үй шаруашылықтары да инвестициялық тауарлырады қолданады. Фирмалар инвестициялық тауарларды капитал қорын көбейту үшін және капитал шығарылымынң шамасы бойынша бар капиталдың орнын басу үшін сатып алады. Сұранысқа ие болатын инвестициялық тауарлардың саны пайыз мөлшерлемесінің шамасына тәуелді. Инвестициялық жобаны тиімді ету үшін табыс шығындардан жоғары болуы тиіс. Пайыз мөлшерлемесі инвестициялық жобаларды қаржыландыру құнын өлшейтіндіктен, пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы тиімді инвестициялық жобалардың санын азайтады, яғни инвестициялық тауарларға сқранысты қысқартады. Экономистер атаулы және нақты пайыз мөлшерлемесін ажыратады. Атаулы пайыз мөлшерлемесі бұл инвесторлардың ақша займы үшін төлнейтін пайыз мөлшерлемесі. Нақты пайыз мөлшерлемесі бұл инфляцияның ықпалына түзетілген атаулы пайыз мөлшерлемесі. r - нақты пайыз мөлшерлемесі болсын, ол қазіргі күндегі жинақтардың сомасына болашақта сатып алынатын тауарлар көлемінің терминдерінде есептелетін жинақтардан түсетін табысты өлшейді.
Атаулы пайыз мөлшерлемесі і қазіргі күндегі жинақтардың сомасына болашақта алынатын ақша сомасының терминдеріндегі табысты білдіреді.
I инвестициялар көлемімен r нақты пайыз мөлшерлемесі арасында кері тәуелділік бар. r пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі көптеген инвестициялық жобаларды пайдалы етуі мүмкін.
r
I(r)