Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
макро шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать
  1. Ұлттық шоттардың негізгі көрсеткіштерін өлшеу және ашып көрсету

Белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір мемлекет халқының экономикалық белсенділігінің нәтижесін өлшеу үшін макроэкономиканың негізгі көрсеткіштері: ұлттық байлық, ЖІӨ, ЖҰӨ қолданылады.

ҰШЖ-сі көрсеткіштерінің байланысы:

ЖІӨ – амортизация = ТІӨ

ТІӨ – жанама шығындар = ҰТ, яғни ағымдық өндірісте қатысудан өндіріс факторларын жеткізушілердің табыстары

ҰТ – әлеуметтік сақтандыруға төлемдер

- корпорациялардың пайдасына салықтар

- таратылмаған корпорация пайдасы

- әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар

- таза пайыздар

+ трансферттік төлемдер (трансферттер еңбек қызметі нәтижесі болып табылмайды)

+ дивидендтер

+ пайыз түрінде жеке табыс

Келесідей төлемдер ескерілген:

А) әлеуметтік сақтандыру бойынша (жұмыссыздық, кәрілік бойынша, тб)

Б) қосымша көмек көрсету бойынша

В) соғыс ардагерлеріне

Г) жеке зейнетақылар және тб = Жеке табыс (ұлттық табысқа қарағанда алынған табыс, яғни еңбектен алынған табыс)

Жеке табыс (ұлттық табысқа қарағанда алынған табыс, яғни еңбектен алынған табыс) – жеке салықтық және салықтық емес төлемдер = Қолда бар табыс (салықтарды төлеп болғаннан кейінгі табыс).

Бұл салықтар мен салықтық емес төлемдерді төлегеннен кейін үй шаруашылықтары мен ұсақ меншік иелерінің қолында қалатын табыс. Жеке қолдағы табыс(DI) = Тұтыну + Жинақтар

S(жеке) = У-Т-С

S(мемлекеттік) = T-G

S(ұлттық) = Y-C-G

Негізгі мак-лық көрсеткіштер болып ЖҰӨ және ЖІӨ б.т. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны. Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әріқарай біз осы екі шаманың біреуін қана қарастырамыз.Жалпы ішкі өнімді өлшеуінің үш тәсілі белгілі. Шығыстар бойынша есептегенде ЖІӨ экономикадағы барлық түпкілікті сатып алулар сомасы түрінде анықталады: ЖІӨ = С + I + G + NX, мұндағы С – үй шаруашылықтарының жеке тұтынушылық шығыстары, I – жалпы инвестициялар, G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу, NX – экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.Бұл теңдік сонымен қатар негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.ЖІӨ кірістер (табыстар) бойынша есептеу. ЖІӨ барлық факторлық табыстардың, сонымен бірге амортизациялық аударымдар мен таза жанама салықтардың сомасы ретінде анықталады. Таза салықтар дегеніміз субсидияларды есептемегендегі салықтар.ЖІӨ = Ұлттық табыс+Таза жанама салықтар + Амортизация Ұлттық табыс (NI) келесі компонентерден құрылады: Еңбек ақы(жалақы, сыйақы), Меншік иелерінің(шағын фирмалар, дүкендер)табыстары, Рента (қозғалымсыздықтан түсетін табыс), Корпорациялардың пайдасы (жұмысшылар мен несиегерлерге төлегеннен кейін қалған), Таза пайыздар.Корпорациялардың пайдасы үш бөлікке бөлінеді: корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, дивидендтер, бөлінбеген пайда. ЖҰӨ мен амортизацияның айырмасы таза ұлттық өнім (ТҰӨ) деп аталады, ал ТҰӨ мен жанама салықтардың айырмасы ұлттық табысқа (NI) тең.Қосылған құн тәсілі бойынша ЖҰӨ есептеу барысында өндірістің әрбір кезеңіндегі қосылған құндар қосылады, яғни қос есепті болдырмау мақсатында өндірістің белгілі кезеңінде қолданылған шикізат, дүмбіл, электрэнергия құны есептелмейді. Сондықтан бұл тәсіл өндірістік тәсіл деп де аталады.Сонымен қатар ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері белгілі. Жеке табыс дегеніміз үй шаруашылықтары және шағын, корпорацияланбаған, кәсіпорындардың алатын табысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]