
- •Макроэкономика пәнінің, әдісінің сипаттамасы. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Айналым үлгісі.
- •Жіө және жұө сипаттамасы. Есептеу әдістерінің жіктелімі.
- •Ұлттық шоттардың негізгі көрсеткіштерін өлшеу және ашып көрсету
- •Шығындардың негізгі компонеттері, негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Тұтыну функциясы, инвестициялық функция. Графикалық түсіндірілімі.
- •3.3 Сурет. Жоспарланатын инвестициялар
- •6.Жиынтық сұраныстың және оны құрайтын бөліктердің және ad-ға әсер ететін факторлардың сипаттамасы
- •7.Жиынтық ұсыныс қисығын құру және as-қа әсер ететін факторлар. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық, классикалық тәсілдемелері. Графикалық түсіндірілімі.
- •8.Инфляция мәні, өзгерісі, салдары, түрлері, және ұсыныс шоктары. Тұрақтану саясаты.
- •9.Жиынтық сұраныс шоктарының теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •10.Ақша мәнін ашу, ақша функциялары. Ақша агрегаттарының жіктелімі. Ақша сандық теориясы. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер теңдігі.
- •Ақшаға сұраныс үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Ақшаға ұсыныс үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі. Ақша базасы және ақша массасы, мультипликаторлар.
- •Еңбек нарығының сипаттамасы, жұмыссыздықтың түрлері және себептері. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.
- •Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеу. Төлем балансы.
- •16. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік. (Модель ad-as).Теоретикалық және графикалық түсіндірілімі
- •17. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пе жиынтық ұсыныс тепе-теңдігінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі
- •18. Экономикалық тербелістер. Жабық экономикада жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың әсері.
- •19. Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік сипаттамасы. Кейнс кресі. Инфляциялық, рейессиондық үзілістер.
- •3.6 Сурет қолмен салыңдар
- •20. Бюджет-салық саясатының тепе-теңдікті табыс деңгейіне әсерінің салдарын анықтау (кейнс кресі)
- •3.7 Сурет. Қолмен жазыңдар
- •21. Is қисығын шығару. Is қисығының қозғалуына әсер ететін факторлар. Графикалық түсіндірілімі
- •Ақша нарығындағы тепе теңдік. Lm қисығын шығару. Lm қисығының қозғалуына әсер ететін факторлар.
- •23.Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе- теңдік сипаттамасы. Is-lm үлгісі. Саясаттардың тепе теңдікке әсерінің графикалық түсіндірілімі.
- •24.Ағымдық операциялардың шоттары (Nx) өзгерісіне әр түрлі саясаттардың сипатын анықтау. Графикалық түсіндірілімі
- •25. 10. Ашық экономика үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Айырбас бағамдарының түрлерін, әсер ететін факторларын анықтау, графикалық түсіндірілімі.
- •. Нақты айырбас бағамының сипаттамасы. Сатып алушылық мүмкіндік паритетінің теоретикалық және графикалық көрсетілімі. Ортақ баға заңы.
- •Солоу үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Экономикалық өсуде шығу көздерін анықтау. Технологиялық прогресс пен халық саны өсуінің әсері. Жинақ нормасының өзгересі.
- •Солоу үлгісіндегі стационарлық тәртіптің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі. Жинақтаудың «Алтын тәртібі»
Жіө және жұө сипаттамасы. Есептеу әдістерінің жіктелімі.
Ел ішіндегі барлық субъектердің экономикалық қызметінің жиынтық нәтижелерін өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны. Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді. ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. ЖҰӨ-ді толығырақ келесі көрсеткіштермен көрсетуге болады:
Барлық экономикалық агенттердің жиынтық табысы;
Тауарлар мен қызметтерге өндіріске шығыстардың жалпы көлемі;
ЖҰӨ экономиканың күйін сипаттай алады, өйткені адамдар кіші табысқа қарағанда үлкен табысты қалайды. Аналогты түрде, тауар мен қызмет түрлерінің өндірісі жоғары болға сайын жеке өндірістің және мемлекеттің қанағаттану дәрежесі жоғары болады.ЖҰӨ бір мезгілде экономикалық табыс пен өндірістік шығыс көлемін өлшейді, жалпы экономика үшін табыс көлемі шығыс көлеміне теңесуі керек болғандықтан, түпкілікті есепте бұл шамалар бірдей. Сондықтан да ұлттық есептеулер, ЖҰӨ-ді есептеудің статистикалық жүйесі, сонымен қатар басқа да осымен сабақтас көрсеткіштер талқылануы тиіс. . ЖҰӨ = ЖІӨ - ел шекарасында шетелдік өндіріс факторларымен өндірілген өнім +
+ шетелде отандық өндіріс факторларымен өндірілген өнім.
Жалпы ішкі өнімді өлшеуінің үш тәсілі белгілі:. 1) Шығыстар бойынша; 2) Кірістер бойынша; 3) Қосылған құн тәсілі.
1) Шығыстар бойынша есептегенде ЖІӨ экономикадағы барлық түпкілікті сатып алулар сомасы түрінде анықталады және ұлттық жүйе арқылы шығындарды топтастырамыз: ЖІӨ = С + I + G + NX, мұндағы С – үй шаруашылықтарының жеке тұтынушылық шығыстары, I – жалпы инвестициялар, G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу, NX – экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.Бұл теңдік сонымен қатар негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады. Бұл әдіспен есептегенде трансферттік төлемдер кірмейді. Ал үй шаруашылықтары шығындар тарапынан үй сатып алу шығыны есептелмейді.
2) ЖІӨ кірістер (табыстар) бойынша есептеу. ЖІӨ барлық факторлық табыстардың, сонымен бірге амортизациялық аударымдар мен таза жанама салықтардың сомасы ретінде анықталады. Өндіріс факторларын есептейміз:
Жер;
Капитал;
Еңбек;
Кәсіпкерлік.
Және амортизация мен бизнеске салынатын жанама салық та қосылады.
Таза салықтар дегеніміз субсидияларды есептемегендегі салықтар.ЖІӨ = Ұлттық табыс+Таза жанама салықтар + Амортизация Ұлттық табыс (NI) келесі компонентерден құрылады:
Еңбек ақы(жалақы, сыйақы),
Меншік иелерінің(шағын фирмалар, дүкендер)табыстары,
Рента (қозғалымсыздықтан түсетін табыс),
Корпорациялардың пайдасы (жұмысшылар мен несиегерлерге төлегеннен кейін қалған),
Таза пайыздар.
Барлық қосылған құндар сомасы барлық кірістер сомасына тең болуы қажет. Осыдан кірістерді сомалау әдісі өндірістік әдіспен сәйкес келеді. Бұл әдісті қолданған кезде бардық табыстың сомасына амортизация мен жанама салықтарды қосу керек. Соңғы екі көрсеткіш табыс болып есептелінбегенімен, осы екі көрсеткішсіз өндірістік және кірістерді сомалау әдістері бойынша ЖІӨ-ді есептеудің бірдей нәтижелерін ала алмаймыз.
ЖҰӨ = Ж+ %+ рента+ Пайда + Т + А
ТҰӨ = Ж+ %+ рента+ Пайда + Т
ҰӨ
+ _
1)корпорация пайдасы 1)дивиденттер
2)әлеуметтік төлем 2)трансферттер
3)пайыздар 3)жеке табыс
= жеке табыс
Жеке табыс – толық емес төлем = қолдағы бар табыс
3)Өндірістік тәсіл бойынша ЖІӨ белгілі бір уақыт аралығындағы ел ішінде өндірілген түпкілікті тауар мен қызметтердің ағымдағы өндірістің қосылған нарықтық бағасын сипаттайды. Қосылған құн – фирмалардың тауарды сатудан түскен табысы мен басқа фирмалардың жартылай фабрикаттар, сондай ақ шикізаттарды сатып алу шығындарының айырмасы ретінде анықталады. Қосылған құн тәсілі бойынша ЖҰӨ есептеу барысында өндірістің әрбір кезеңіндегі қосылған құндар қосылады, яғни қос есепті болдырмау мақсатында өндірістің белгілі кезеңінде қолданылған шикізат, дүмбіл, электр энергия құны есептелмейді. Сондықтан бұл тәсіл өндірістік тәсіл деп де аталады. Соңғы тауарлар мен қызметтер құны есептелінеді , ал аралық тұтыну пайдаланылмайды. Өндірістік әдіс аяқтаушы әдіс ретінде қарастырылады, өйткені өндірістік әдіс шығыстарды сомалау әдісіне қарағанда басқа қайнар көздер (мысалы, салық декларациясы) негізінде есептеледі. ЖІӨ мен оның көлемін есептегенде келесідей келісімшарттар түрлері кірмейді:
Қаржылық келісімшарттардың құны (акциялардың,облигациялардың және тб қаржылық құралдардың нарықтық бағасы);
Бұрын қолданыста болған тауарлар мен антиквариаттардың құны, өйткені олар алдыңғы кезеңде өндірілген;
Жеке трансферттер (мысалы, алыстан жіберілген ақша аударымдары);
Мемлекеттік трансферттер (зейнеткерлерге, толық емес отбасыларға және тб мемлекеттік бюджеттен көмек).
Бұл келісімшарт түрлері ағымдағы кезеңде қосылған құнды құрамайды және сондықтан ЖІӨ құрамын а кірмейді.