
- •Макроэкономика пәнінің, әдісінің сипаттамасы. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Айналым үлгісі.
- •Жіө және жұө сипаттамасы. Есептеу әдістерінің жіктелімі.
- •Ұлттық шоттардың негізгі көрсеткіштерін өлшеу және ашып көрсету
- •Шығындардың негізгі компонеттері, негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Тұтыну функциясы, инвестициялық функция. Графикалық түсіндірілімі.
- •3.3 Сурет. Жоспарланатын инвестициялар
- •6.Жиынтық сұраныстың және оны құрайтын бөліктердің және ad-ға әсер ететін факторлардың сипаттамасы
- •7.Жиынтық ұсыныс қисығын құру және as-қа әсер ететін факторлар. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық, классикалық тәсілдемелері. Графикалық түсіндірілімі.
- •8.Инфляция мәні, өзгерісі, салдары, түрлері, және ұсыныс шоктары. Тұрақтану саясаты.
- •9.Жиынтық сұраныс шоктарының теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •10.Ақша мәнін ашу, ақша функциялары. Ақша агрегаттарының жіктелімі. Ақша сандық теориясы. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер теңдігі.
- •Ақшаға сұраныс үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Ақшаға ұсыныс үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі. Ақша базасы және ақша массасы, мультипликаторлар.
- •Еңбек нарығының сипаттамасы, жұмыссыздықтың түрлері және себептері. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.
- •Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеу. Төлем балансы.
- •16. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік. (Модель ad-as).Теоретикалық және графикалық түсіндірілімі
- •17. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пе жиынтық ұсыныс тепе-теңдігінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі
- •18. Экономикалық тербелістер. Жабық экономикада жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың әсері.
- •19. Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік сипаттамасы. Кейнс кресі. Инфляциялық, рейессиондық үзілістер.
- •3.6 Сурет қолмен салыңдар
- •20. Бюджет-салық саясатының тепе-теңдікті табыс деңгейіне әсерінің салдарын анықтау (кейнс кресі)
- •3.7 Сурет. Қолмен жазыңдар
- •21. Is қисығын шығару. Is қисығының қозғалуына әсер ететін факторлар. Графикалық түсіндірілімі
- •Ақша нарығындағы тепе теңдік. Lm қисығын шығару. Lm қисығының қозғалуына әсер ететін факторлар.
- •23.Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе- теңдік сипаттамасы. Is-lm үлгісі. Саясаттардың тепе теңдікке әсерінің графикалық түсіндірілімі.
- •24.Ағымдық операциялардың шоттары (Nx) өзгерісіне әр түрлі саясаттардың сипатын анықтау. Графикалық түсіндірілімі
- •25. 10. Ашық экономика үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Айырбас бағамдарының түрлерін, әсер ететін факторларын анықтау, графикалық түсіндірілімі.
- •. Нақты айырбас бағамының сипаттамасы. Сатып алушылық мүмкіндік паритетінің теоретикалық және графикалық көрсетілімі. Ортақ баға заңы.
- •Солоу үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.
- •Экономикалық өсуде шығу көздерін анықтау. Технологиялық прогресс пен халық саны өсуінің әсері. Жинақ нормасының өзгересі.
- •Солоу үлгісіндегі стационарлық тәртіптің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі. Жинақтаудың «Алтын тәртібі»
Экономикалық өсуде шығу көздерін анықтау. Технологиялық прогресс пен халық саны өсуінің әсері. Жинақ нормасының өзгересі.
Экономикалық өсу – барлық елдер үшін негізгі экономикалық проблема. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсу түсінігін әржақты пайымдайды. Бір экономистер экономикалық өсуді әлеуетті және нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) көбейуі деп түсіндірсе, басқалары экономикалық өсуді өндірістік қуаттың өсуі, адам басына шаққандағы нақты өнім көлемінің өсуі деп сипаттайды. Отандық әдебиеттерде экономикалық өсуді нақты өнім көлемінің ұзақ мерзімді өсуі ретінде қарастырады. Экономикалық өсу – ұлттық өнімнің сан жағынан көбейуі мен сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсудің қайнар көзі неде? Экономика өсуінің қайнар көзі – экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды. Экономикалық өсу процесі өзара байланысты бірнеше факторларға байланысты. Макроэкономикада экономикалық өсу факторларының 3 тобын бөліп қарастырады:
Ұсыныс факторлары:
табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі;
еңбек ресурстарының сапасы мен көлемі;
негізгі капитал қорының көлемі;
технология деңгейі.
Сұраныс факторлары:
баға деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар;
мемлекеттік шығындар, таза экспорт.
Бөлу факторлары:
ресурстарды өндірісте толық әрі ұтымды пайдалану;
ресурстарды пайдаланудың тиімділігі.
Экономикалық өсуде ең маңызды орынды ұсыныс факторлары алады. Жоғарыда берілген экономикалық өсу факторларының өзара байланысын өндіріс мүмкіншіліктер сызбасы бейнелейді. Бұл берілген технология деңгейінде, берілген еңбек пен табиғи ресурстар көлемінде өндіруге болатын әр түрлі игіліктер сәйкестігін көрсетеді. (56-сурет).
Экономикалық өсуді өлшеу үшін нақты өнімнің жалпы (ЖҰӨ, ЖІӨ) немесе адам басына шыққандағы көлемінің абсолютті өсімі мен өсім қарқыны қолданылады.
?У = Уt – Уt-1 немесе Уt = ?Уt / Уt-1
мұндағы: t – уақыт индексі. Экономикалық өсу көрсеткіштері:
Өсу коэффиценті = есептік кезең көрсеткіші/ базистік кезең көрсеткіші
өсу қарқыны = өсу коэффиценті х 100%
өсім қарқыны = өсу қарқыны – 100%
Номиналды (атаулы) экономикалық өсу – ағымдық бағамен есептелген экономикалық өсу. Нақты экономикалық өсу – базалық бағамен есептелген экономикалық өсу. Қоғамдық өндірістің типіне байланысты өнімнің өсу жылдамдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерісінің арасындағы сәйкестік әртүрлі болуы мүмкін. Соған байланысты экономикалық өсудің бірнеше типтерін ажыратады: Экономикалық өсуді екі типке бөледі: Экстенсивті – тұрақты техника негізінде еңбектің орташа өнімділігін сақтай отырып қосымша қорларды пайдалану арқылы өнім көлемін көбейту Интенсивті (қарқынды) – бұл технология деңгейін көтеру арқылы өнім көлемін көбейту, яғни өндіріс факторларының тиімділігін арттыру арқылы өнімді ұлғайту. Аралас – факторлардың өсуімен қатар техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнім көлемінің өсуі.