Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
макро шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать
  1. . Нақты айырбас бағамының сипаттамасы. Сатып алушылық мүмкіндік паритетінің теоретикалық және графикалық көрсетілімі. Ортақ баға заңы.

Айырбас бағамдар 2 түрде болады: номиналды және нақты. нақты қойылым екі елде шығарылған тауарлар бағаларының салыстырмалы деңгейі (оны сауда шарты деп те атайды).нақты айырбас бағамы екі елде шығарылған немесе сатылатын тауарлардың бағаларын салыстыру үшін пайдаланады. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (СҚТ) негізінде бірыңғай баға заңы жатады, ол бойынша кез келген тауар жалпыға бірдей нарықта бірыңғай баға бойынша сатылады. Егер тауар ішкі нарықта Р бағасымен сатылса, ал сыртқы нарықта – Р* бағасы бойынша, онда келесі теңдік орындалуы тиіс P = E .P*.

Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін бұзбау дегеніміз, Р – ел ішіндегі, ал Р* - шетелдегі бағалар деңгейі деп есептегенде, бұл теңдіктің тауарлар қоржынына таралуын білдіреді. Шынында сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі сақталмайды, себебі экспортқа шығарылмайтын тауарлар мен қызметтер, көлік шығындары бар, және әрбір елде әр түрлі игіліктер қоржыны бар. Бірақ кейде теориялық талдау жасағанда СҚТ түсінігі орынды болып табылады. Нақты айырбас бағамы – ел ішінде өндірілетін игіліктер арқылы көрсетілетін шетелдік игіліктердің салыстырмалы бағасы: e = E .P*/P

е жоғарлауы ұлттық валютаның нақты құнсыздануын, ал е төмендеуі – оның нақты қымбаттауын білдіреді. Шетелдік валюталардың көптігі практикада нақты тиімді айырбас бағамын пайдалануына себеп болды, ол серіктес-елдердің өлшемдерін ескереді.

E S-I

Nx

Nx өте икемді.

Nx=S-I Nx

  1. Солоу үлгісінің теоретикалық және графикалық түсіндірілімі.

Р.Солоудың экономикалық өсу үлгісі  - қор жинағы, еңбек ресурстарының және ғылыми-техникалық прогресстің халықтың өмір сүру деңгейі мен оның динамикасына әсер ету механизмін бейнелейтін экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі.

Р.Солоу үлгісі 1956 жылы дүниеге келді және ол қор жинағы, қапитал қорлануы арасындағы өзара байланысты көрсетеді.

Р.Солоу Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдік тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра алмайтындығында екендігін өзінің үлгісінде көрсетіп берді. Ол үлгіде Леонтьев функциясының орнына Кобб-Дугластың өндіріс функциясы пайдаланды. Бұл функцияда өндіріс факторлары субституттар болып табылады, яғни олар бірін-бірі алмастырады. Р.Солоу үлгісі мынадай алғышарттарға негізделеді:

-  өндіріс факторлары нарығында бәсеке жетілген және толық жұмысбастылық бар;

-      игіліктер рыногында баға икемді;

             капиталдың кемімелі шекті өнімділігі;

             масштаб әсерінің тұрақтылығы;

             ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы;

             инвестициялық лагтардың болмауы.

Р.Солоу үлгісі алдымен техникалық прогресс жоқ масштаб әсерінің тұрақтылығы жағдайында қарастырылады. Кейін үлгігіге капитал қоры нормасының өзгерісі нәтижесіндегі технологиялық жетістіктер енгізіледі.

Солоу үлгісі экономикалық динамиканы сипаттайтын теңдеулерден құралады.

Ұсыныс тұрақты масштаб әсері бар өндіріс функциясы арқылы өрнектеледі: Y = F (K,L) және кез келген z > 0 үшін: zF (K,L) = F (zK, zL). Онда, егер z = 1 / L, онда    Y / L = F(K / L, 1),

мұндағы  Y / L – бір жұмысшыға шаққандағы орташа еңбек өнімділігі, K / L – бір жұмысшыға шаққандағы капиталмен қаруландыру.

Егер Y / L = y; K / L = k деп белгілеп, жоғарыдағы функцияны былайша өрнектеуге болады:  ү = f(k). Сонымен бір жұмысшыға шаққандағы өндіріс көлемі оның капиталмен қаруландыру функциясы болып табылады, яғни бұл функция өнімділік және капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Аталмыш өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне сәйкес келеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі кеміп отырады.

Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестиция және тұтынумен анықталады:    y = i + c, мұндағы,  i – бір жұмысшыға шаққандағы инвестиция, c – бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну. Табыс қор жинағының нормасына байланысты тұтыну мен қор жинағының арасында бөлінеді. Тұтынуды төмендегідей өрнектеуге болады:C = (1 – s)y

s – қор жинағы,  y = c + i = (1 – s) y + i, бұдан i = s * y

 

Тепе-теңдік жағдайында инвестиция қор жинағына тең және табысқа пропорционал болады.

Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік шарты төмендегідей өрнектеледі.

F(k) = c + i  немесе  f(k) = i / s

Тауар рыногындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капитал қоры өндірілген өнімге деген сұранысты анықтайды. Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді, ал ығысу – азайтады.

Инвестиция қордың қарулануы мен жинақ нормасына тәуелді, бұл экономикадағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігінен туындайды: i = s * f(k).

к-ның кез келген мәні үшін, жинақ нормасы өнімді инвестиция мен тұтынуға бөледі. y = f(k),    i = s * f(k),   c = (1 – s) * f(k) (57,а-сурет)

Амортизация төмендегідей жағдайларда ескеріледі: жылдағы капиталдың тозуының салдарынан капиталдың тұрақты бір бөлігі ығысып отырады (d – ығысу нормасы), онда ығысу көлемі капитал көлеміне пропорционал болады және мынаған тең: d * k

Бұл жағдай 57,ә -суретте бейнеленген.

 

          57,а -сурет                                                             57,ә-сурет

 

 

Инвестицияның және ығысудың капитал қорының динамикасына әсерін былайша өрнектеуге болады:  Δk = i – dk

Немесе инвестиция мен қор жинағының теңдігінен төмендегіні алуға болады:        Δk = s * f(k) – dk

Капитал қоры (к) (Δк > 0), инвестиция ығысу шамасына тең болғанша өседі:                         S * f(k) = dk

Бұл жағдайдан кейін бір жұмысшыға есептегендегі капитал қоры өзгермейді, өйткені әсер етуші екі күш бір-біріне теңеледі (Δk = 0). Инвестиция ығысуға тең болған кездегі капитал қорының деңгейі еңбектің қормен қаруландыруының тепе-теңдік деңгейі деп аталады және к* арқылы белгіленеді. Экономика к* жеткен кезде ұзақ мерзімдегі тепе-теңдікке ие болады.

Экономикалық өсуде шығу көздерін анықтау. Технологиялық прогресс пен халық саны өсуінің әсері. Жинақ нормасының өзгересі.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]