Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
макро шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.75 Mб
Скачать

18. Экономикалық тербелістер. Жабық экономикада жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың әсері.

Экономикадағы сілкіністер жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың өзгеруінен басталады. Сыртқы әсерлердің нәтижесінде болған сәйкес қисықтардың қозғалыстарын экономикалық сілкіністер немесе шоктар деп атайды. Егер ақша массасы өзгеріссіз қалса, онда қолма-қол ақшаның айналу жылдамдығының өсуінің нәтижесінде жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды.

Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі өндіріс көлемінің өсуін, яғни экономикалық өсуді тудырады.

Жиынтық ұсыныс жағынан болатын сілкініс-бұл фирманың қалыптастыратын бағалары мен тауарлар өндірісінің шығындарын қозғайтын экономикалық жағдайдың күрт өзгеруі.

Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы жоғары қарай жылжиды/ ұсыныс жағынан туындайтын шоктар өндірістің табиғи деңгейінің төмендеуін де туғызуы мүмкін, оның нәтижесінде жиынтық ұсыныс қисығы солға қарай жылжиды. Егер жиынтық сұраныс тұрақты болып қалса, А нүктесінен В нүктесіне ауысуы орын алады. Бағалар деңгейі өседі, ал өнім шығару табиғи деңгейден төмендейді.

Өнім шығарудың табиғи деңгейін жылдам қалпына келтіру үшін жиынтық сұранысты жоғарылату керек. Егер жиынтық сұраныстың өсуі жиынтық ұсыныстың шоктарының өлшемімен сәйкес келсе, онда А нүктесінен С нүктесіне ауысу орын алады. Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі көлемінің өсуін туғызады, яғни экономикалық өсу. Фирмалар өнімін ескі бағамен көбірек сатады. Сондықтан олар көп мөлшерде жұмысшыларды жалдайды, жұмыс сағатын көбейтеді және кәсіпорындар мен құрал-жабдықты көбірек қарқынмен пайдаланады. Біраз уақыт өткеннен кейін жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі баға мен жалақының көбеюіне әкеледі. Баға өскен сайын тауарларға деген сқраныс азаяды, ал өнім шығару деңгейі біртіндеп табиғи деңгейге жақындайды. Бірақ неғұрлым тауарлар мен қызметтер көлемі жоғарылаған сайын өндірілетін өнім көлемі табиғи деңгейден төмен болады. Бұл өсуді бейтараптандыру үшін және өндірісті ұстап тұру үшін, ақша айналысының жылдамдығы кемшіліктерін бейтараптандыру үшін Ұлттық Банк ақша ұсынысын азайта алады. Бұл жиынтық сұранысты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ұлттық Банк сұраныс жағынан өнім көлеміне және толық жұмыспен қамтамасыз етілуге болатын сілкіністердің әсерін ақша ұсынысына қатаң бақылау жасау арқылы жою және қысқарту мүмкіндігіне ие.

19. Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік сипаттамасы. Кейнс кресі. Инфляциялық, рейессиондық үзілістер.

Тауарлар мен қызметтер нарығындағы байланысты түсіну үшін игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастыру қажет. Оны IS қисығы арқылы көрсетуге болады. Ол тауарлар мен қызметтер нарығында пайда болатын пайыздық мөлшерлеме мен табыс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Сондықтан ишіліктер нарығы макроэкономикалық модельдердің орталық элементі болып табылады.

Кейнсиондық крес:тепе/теңдік шығарылым деңгейі:

Жалпы Кейнс кресі Утабыстың бюджет-салық саясаты мен жоспарланған шығындардың Е белгісі бір көлемінде қалай анықталатынын көрсетді. Біз бұл модельді экзогенді элементтердің біреуінің өзгеруінде табыстың қалай өзгеретінін байқау үшін қолдана аламыз. E=C+I+G

C=C(Y-T) бұл тұтыну қолдағы табысқа байланысты. Сонымен қатар жоспарланған инвестиция деңгейі тұрақтандырылған ( = ), мемлекеттік шығыстар көлемі мен салықтар да тұрақты: , . Сонда: .

Осы теңдеуден жоспарланған шығыстар Е табыс Y функциясы болып табылады.E = Y. Жоспарланған шығыстар табыс көлеміне байланысты. Себебі табыстың жоғары болуы тұтынудың жоғарлануына әкеледі. сызықтың иілуі тұтынуға шекті бейімділікті (MPC) көрсетеді. Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар, Y = E. Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу макроэкономикалық тепе-теңдік шарты. Бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция немесе өндірістің құлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болуы мүмкін.

Кейнс кресінде тепе теңдік жағдайнда жылжу.

Яғни бұл сызба бойынша Y1>Y0=E<Y=AD<AS артықшылық, А жоспарланбаған қорды көбейту; У2<Y0=E>Y=AD>AS-тапшылық, В жоспарланбаған қорды азайту процесі

Кейнс кресі моделінде мем/к шығыстардың өсуі. G↑→E↑→Y↑

∆T↓→ (Y-T)↑→ C↑→ E↑→ Y↑

Кейнс кресі моделінде салықтардың азаюы.

Кейнстік крест IS моделінің құрылуының бірінші негізі. Кейнстік крест моделі тиімді, себебі жоспарданған инвестицияның әрбір деңгейінде табысты аныұтайды. Біздің модельді толықтыру үшін пайыз қойылымы мен инвестициялардың арақатынасын жоспарланған инвестиция деңгейіне жазайық: I=I(r)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]